Жұқпалы аурулар. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1D Қоректену | Мектеп: | ||||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Жұқпалы аурулар. (жаңа тақырыпты меңгерту) | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.4.3.1 қарапайымдар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар мен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін сипаттау және алдын алу шараларын сипаттау | ||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Бактериялардан туындайтын аурулар туралы бейне көрсетілім тыңдайды. Жұқпалы ауруларды анықтап, ерекшеліктерін сипаттап, алдын-алу шараларын топта талқылап, тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша, жазбаша сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология Дизентериялық амеба, амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшманиоз, герпес. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Жұқпалы ауру дегеніміз ............................. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары... Ұшықты... қоздырады. Дизентерияның белгілеріне... жатады. Дизентерия судағы Х...... әсерінен пайда болады – суды қайнатып ішу керек. Лейшманиоз ...У әсерінен туындайды. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Жұқпалы аурулардың туындау себептеріне байланысты токсикалық заттар туралы түсінік арқылы химия пәнімен байланысады. | ||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар 7-сыныптың «Микробиология және биотехнология» бөлімінен микробиология өнімін, антибиотиктер мен дезинфекциялаушы құралдардың қолданылуын, вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін, ірімшік және йогурт өндірісін, бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттай алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | |||||
Сабақтың басы | |||||||
0-4 мин | Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушыларға ұсынылған суреттердегі ағзалардың ортақтығы неде? Екенін анықтау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар өз таңдауларының себептерін түсіндіреді. Микроағзалардың маңызын талқылайды. Олардың зиянын айтқан кезде олардың көпшілігінің патогенді екеніне тоқталуы қажет. Патогендер тірі ағзаларда ауру тудырады деген қорытындыға келеді. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Жұқпалы аурулар туралы нені білу қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 -2 слайд
| |||||
Сабақтың ортасы | |||||||
4-12 мин | Оқушыларға жұпта жұқпалы аурулар түрлерін зерттеу ұсынылады. Ол үшін ақпарат парақшалары, мүмкін болған жағдайда ноутбуктер, интернет желісі, видеоматериалдар ұсынылады. | 1 - қосымша | |||||
13-23мин | Оқушылар топтарда төменгі сынып оқушыларына арналған ақпараттық парақшалар жасайды. Критерийлер:
Дескрипторлар: Аурудың қоздырғышын атайды Аурудың белгілерін сипаттайды Аурудың алдын алу шараларын көрсетеді Қорытынды жасайды | 4-9 слайд 10 слайд | |||||
24-27 мин | Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Бірінші топ төменгі сынып оқушылары. Екінші топ оларға жұқпалы аурулар туралы кітапшалар ұсынушы 8-сынып оқушылары. Төменгі сынып оқушылары алдын ала түрлі сұрақтар дайындап алады. Әр кітапшаны тыңдаған кезде сұрақтар қояды. | ||||||
28-38 мин | Жасалған кітапшалардың көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз кітапшаларын қорғайды. Бағалау критерийлері: 1. Түсіндірмелер нақты, түсінікті таныстырылады 2. Кітапшаның өзектілігін аша біледі 3. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алады. 4. Қызықты, әрі тақырыпқа қатысты, өмірмен байланысты сұрақтар қоя алады. | 11 слайд | |||||
Сабақтың соңы | |||||||
39-40 мин | Кері байланыс: Бүгінгі сабақтан....білдім. Бүгінгі сабақтан...түсіндім Бүгінгі сабақтан соң...толықтырамын. Үйге тапсырма: Жұқпалы аурулармен ауырмау үшін не істеу керек? (шағын брошюра дайындау) | 12 слайд | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Қабілеті жоғарырақ оқушыларға тереңдетілген тапсырмаларды орындатуға болады (2-қосмыша) Кейбір оқушыларға аурудың басқа түрлерін зерттеуді ұсынуға болады(3 қосымша) Кейбір оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіледі | ||||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың ауызша жауаптары Ақпарат жинақтау кезіндегі зерттеушілік дағдылары Кітапшалар дайындау кезінде дескрипторлар мен критерийлердің орындалуы Көрме кезіндегі сұрақтарға жауап беру, сұрақтар қоя білу, таныстырылымы арқылы | ||||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Көрме кезінде қауіпсіздікті сақтау қажет. Оқушылар көрме ұйымдастыру кезінде белсенді қозғалыстар жасай алады. | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру