Жұқпалы аурулар. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Фитофтороз ауруы — Phytophthora туысына жататын саңырауқұлақтар қоздыратын өсімдік ауруы. Бұл ауру көбінесе картоп, қызанақ, цитрусты дақылдарға, алмаға, т.б. түседі. Картоп фитофторосы жауыны көп жаздың 2-жартысында картоп егістігіне зиян келтіріп, дақылдың тамыртүйнегі мен жапырағын зақымдайды.
Кеселге шалдыққан жапырақтардың жоғары ұшы мен жиектерінде қоңырқай келген үлкен дөңгелек дақтар, ал дақылдың сабағында ұзынша қоңырқай дақтар немесе сызықшалар пайда болып, соңында қурап қалады. Түйнегінде сұрғылт дақтар пайда болып, кейіннен қарайып, түйнекті шірітеді. Ауру тұқымдық картоп арқылы таралады. Фитофтороздың дамуы егер бірнеше тәулік бойы ауа ылғалдылығы 90 — 95% болып, ал ауа температурасы 15 — 17С-тан аспаса қарқынды өтеді.
Күрес шаралары: Қызанақ тұқымын себу алдында 0,5 — 1%-дық тотияйын немесе калий перманганаты ерітіндісіне 12 — 16 сағатқа салып қою керек. Тұқымдық картопты іріктеп алып, ТМТД немесе фундазол мен фенорам супер (2 л/т) препараттарының бірімен өңдеу қажет. Фитофтороз белгісі байқалған өсімдікке риомил препаратын бүркеді.
Лейшманиоз ауруы -тері лейшманиоз ауруы кезінде дененің ашық жерлерінде жаралар пайда болады. Алғашқыда сыздауықтәрізді түйін пайда болып, соңынан оның ортасы іріңдеп ойылып, ашық жараға айналады. 3-6 айдан соң жараның беті тартылып, көзге жағымсыз тыртықтар қалады. Ауырып сауыққан адамдарда бұл індетке қарсы тұрақты иммунитет жетіліп, ол адам қайта ауырмайды.
Қалай беріледі? Ауру қоздырғышы -паразиттік біржасушалы қарапайым – лейшманиялар. Табиғи ошақтарда лейшманиозбен құм тышқандары және кеміргіштер ауырады. Індеттің қоздырғышы үндемес (москит) арқылы адамдарға беріледі.
Алдын алу шаралары: Үндеместің шабуылынан қорғану шараларын қолданып, тері лейшманиоз індетін жұқтырудың алдын алуға болады. Қансорғыш жәндіктерден қорғайтын мазь, крем немесе аэрозоль қолдану дұрыс. Бұл препараттарды кешкі және түнгі мезгілде дененің ашық жерлеріне жағу қажет.
Үндеместердің көбеймеуі үшін үйде, аулада тазалықты сақтау қажет, қоқысты нықтап жабылатын жәшікте сақтап, толған жағдайда ауыл сыртында арнайы бөлінген жерге шығару қажет. Қабырғадағы саңылау мен жарықтарды цементпен немесе балшықпен бітеп, індерді топырақпен көміп тастау керек. Үндеместерден қорғану үшін терезелерді торлап, перделерді репелленттермен өңдеген жөн.
Ұшық, герпес — адам терісі мен шырышты қабықшаларына тұтасқан көпіршіктердің шығуынан болатын вирусты ауру. Инфекция көзі — ауырған немесе вирус таратушы адам. Ұшық көп жағдайда жылдың салқын мезгілдерінде, организмнің ауруға қарсыласу қабілеті нашарлап гиповитаминоз дамығанда; әртүрлі жұқпалы аурулармен (тұмау, пневмония) ауырғанда, кейде жаздың ыстық мезгілінде күн көзіне көп қыздырынғанда шығады. Ұшықтың 2 түрі ажыратылады.Жай ұшық, оның бірнеше түрі бар: тері ұшығы, ауыз қуысы ұшығы, жыныс ұшығы, көз ұшығы, т.б. Аурудың бұл түрі нәрестеге алғашқы күндері-ақ жұғады, бірақ сәбидің анасынан алған иммунитетінің нәтижесінде бір жасқа дейін ауру белгісі білінбейді. Баланың бұл қорғаныш қасиеті бір жастан кейін әлсірейді де, өзіне қолайлы жағдай туса болды, вирус күшейіп, ауру туғызады. Организмге түскен жай ұшықтың вирусы адамның денесінде өмір бойы сақталады. Аурудың белгісі: ұсақ, тұтасқан, түссіз көпіршіктер. Ұшық негізінен ерінге, мұрын ұшына, ауыз қуысының шырышты қабығына , көзге жыныс органдарына шығады. Көпіршіктер пайда болған жер аздап қышиды немесе теріні күйдіргендей болады, кейде адам тоңады, әлсіздік байқалады, асқазан -ішек жолдарының қызметі бұзылады (әсіресе балаларда). Өте сирек жағдайда сәбилердің ішкі мүшелерінің, жүйке қызметі бұзылады. Бұл кезде балалардың дене қызуы көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болады.
Белдеме ұшығы (кейде мұны белдеме теміреткісі деп атайды), ол жел шешек вирусының жұғуынан шығады. Ұшықтың бұл түрімен тек үлкен адамдар ғана ауырады. Дерттің қоздырғышы тек адам терісін ғана емес, жүйкені де зақымдайды, сондай-ақ бұл кезде бас ауырады. Вирус түскен жерге жақын жатқан лимфа түйіндері ісінеді, науқастың қызуы көтеріліп, адам әлсізденеді. 6 — 8 күннен кейін көпіршіктер кеуіп, қабыршақтана бастайды. 2 — 5 аптадан кейін ауру толықтай жазылып кетеді. Емі: ұшықтың жеңіл түрінде жасыл бриллиант ерітіндісін пайдалану керек; организмнің көп жері зақымданған жағдайда 6мл адам иммуноглобулин егеді; ал ұшық асқынып, іріңдесе, антибиотиктер қолдану қажет. Ұшықтан алдын ала сақтану үшін дене тазалығын сақтап, организмді шынықтыру керек.
Оба – аса қауіпті табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, ауа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар – бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады. Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда науқас өледі. Ал тері бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дезинфекция ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі.
Дизентерия (қантышқақ) - жалпы уыттану (интоксикация) белгілерімен және асқазан-ішек жолдарының, оның ішінде тоқ ішектің шеткі (дисталды) бөлігінің зақымдалу белгілерімен сипатталатын жұқпалы ауру. Дизентерия тек қана адамнан адамға ғана жұғады. Ауру тағам, су, қарым-қатынас арқылы да жұғады.
Сау адам организміне қоздырғыш ауыз арқылы күнделікті тұтынатын заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, лас қолмен, ауыз су, жуылмаған жеміс-жидектер, тағамдармен бірге енеді. Сонымен қатар жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтамаудың нәтижесінде, азық-түліктер, тасымалдаушы шыбындар арқылы ластанып, аурудың жұғу факторларының бірі болады. Бұл аурумен көбіне барлық жастағы балалар ауырады. Аурудың көбіне жазғы-күзгі мезгілде көтерілуі болады.
Дерт қоздырғышы амебалар. Қоздырғыш түрлерінің өте көптігінен адамдар бұл аурумен бірнеше рет ауыруы мүмкін. Аурудың басты белгісі – дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің әлсін-әлсін ауруы өтуі. Бұл ауру 2 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Диарея мен құсудың салдарынан ағза құрғақшылыққа ұшырап, сәбилердің өміріне қауіп тудырады. Кейде аурудың белгілері анық білінбей, алдап соғуы мүмкін. Сондықтан, аталған белгілердің бірі байқалысымен-ақ дәрігерге көрініп, емді бастау керек. Сырқат болған адаммен болған қарым-қатынастан, дұрыс жуылмаған шикі жеміс-жидектерден, көкөністерден жұғады. Ал, өсімдіктердің топырақ арқылы зақымдануы мүмкін. Бүлдірген, құлпынай сияқты ұсақ жидектерді микробтардан тазарту қиындау болғандықтан оларды сүзгіге салып, ағынды судың астында жуып, қайнаған сумен шаю керек. Микробтар тоқтау сулардан жұғады. Күмәнді жерден тамақ ішуден тыйылып, диета сақтап, сұйықтан көп ішуге тырысқан жөн. Сосын тамақ ішер алдында, тамақ әзірлегенде қолды дұрыстап жуу, жеке бастың гигиенасын сақтау, тез бұзылатын тағамдарды шағындап алып, тоңазытқышта сақтау, ауланы, дәретхананы таза ұста сияқты күнделікті өмірдегі қарапайым ережелерді сақтау керек. Ішек ауруларының болмауына ауладағы қоқыс салынатын жәшіктердің айналасының, жалпы қаланың тазалығы үлкен ықпалын тигізеді.
Дифтерия (күл) - Күл ауруы немесе Құрөзек (дифтерия) - қоздырғышы Corynebacterium тегіне (род) жатады. Бактериялар ұштары жуандау келген түйреуіш тәрізді болады. Бұл топқа адам үшін патогенді дифтерия таяқшалары және патогенді емес түрі – жалған дифтерия таяқшалары және дифтероидтар ( кілегей қабықтарда және тері қабатында кездесетін) жатады. Күлдің қоздырғышы - Corynebacterium diphtheriae 1883 ж Т. Клебс тауып , 1884 ж Ф. Леффлер таза культура түрінде бөлген.
Белгілері. Дифтерия қоздырғышының ену орындары жұтқыншақтың шырышты қабаты, көмей, мұрын, көздің дәнекер қабығы, жыныс мүшелері, жараның үсті, тері және т.б. Зақымдалған ұлпалардың ауруды сезінуі төмендейді, лимфа түйіндер ұлғаяды. Суық тиген сияқты дене қызуының көтерілуінен басталады, бас ауырады және тамақ іседі. Көмейде кейде мұрын мен ерінде сарғыш қоңыр қатпар сұрғылт қалың қабат немесе қабыршықтар пайда болады. Ауыздан жағымсыз иіс шығады.
Дене қызуы көтерілу, қалтырау, мойынның ісуі, қатты жөтел,. Тамақтың ауыруы, терінің көгеруі, сілекейдің ағуы сияқты дискомфорт. Антибиотиктер арқылы емделеді.
Адам аурғаннан соң екінші рет ауырмайды.
Алдын-алу:
1) уақтылы нақтылау;
2) Вакцина алу.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.
Топтық жұмыс кезінде оқушылардың сыныпта қауіпсіз қозғалуын қадағалау.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақтың ортасындағы ақпарат жинақтау бөлімінде оқушыларды барынша көп ресурспен қамту маңызды. Оқушылар өздігінен зерттеу жүргізеді.
Зерттеуден алған ақпаратын әртүрлі формада көрсетуіне мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы орындаған кезде оқушылардың критерийлерді ескеруін және уақытты ұстануын қадағалау қажет. Оқушылардың таңдаған жұмыстары бірдей болған жағдайда олар бір топта бірігіп жасай алады. Жұмыстарды өзара бағалаған кезде әр оқушының кем дегенде 3 жұмысты тексеруін ескерту қажет. Оқушылар әр жұмысқа «жақсы» деп баға бермей, міндетті түрде «ең жақсы шыққан бір тұсы мен жақсартуға арналған 2 ұсыныс» жазу қажет екендігін түсіндіру керек. Оқушылардың өзара бағалауынан кейін өз жұмыстарын жақсартуға уақыт беру жөн.
Жақсартылған жұмыстарды сыныпта қорғайды. Бұл жұмыстарды қабырғаға іліп қою дұрыс. Уақыт аз болған жағдайда бірнеше жұмыс қорғалады. Қалғандарымен оқушылар танысады.
Құндылықтарды дарыту:
Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамиды.
Жеке жұмыс кезінде өздеріңізге деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтарын ескереміз.
Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтарды ескеріп жұмыс жасаңыздар еген сияқты сілтемелер жасалады.
Пәнаралық байланысты орнату:
Токсикалық заттар қандай процесстен пайда болады, олар жасушаға қалай енеді сұрақтары арқыллы пәнішілік байланыс орнатылады. Токсикалық заттар қалай әсер етеді, қандай реакциялар жүруі мүмкін, неге олар уландырады сұрақтары арқылы химия пәнімен байланыс орнатылады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Бағалау ауызша жауаптар, оқушылардың зерттеу кезіндегі ақпараттан қажетті бөлігін таңдап ала білу, ақпаратты тіркеп жазып алуы, сұрақтар қоя білуі, оларға жауап бере алуы, өзара талқылаулар жасай білуі, алған ақпаратын түрлендіріп өзгерген түрде өзгелерге түсіндіре білу сияқты зерттеушілік дағдылары бағаланады. Оқушыларға жұмыс барысында сұрақтар қойып, олардың зерттеулерін дұрыс бағытта жасалып жатқанын тексеру маңызды. Кейбір оқушыларға зерттеуді жүргізуде көмек қажет болуы мүмкін.
- Саралау тапсырмалары
2, 3-қосымшаларда ұсынылды.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Жауаптары: 1-Д 2-А 3 В 4-С 5- К 6-Е
- Сілтемелер мен ресурстар
1.Тейлор, Грин «Биология» 1-2 т
2. http://www.microbiologyonline.org.uk/
пайдалы ақпарат дереккөзі.
3. https://www.youtube.com/watch?v=tMoQ42ccVEc
4.http://uromax.ru/slovar/
5.http://festival.1september.ru/articles/649805/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру