Жұқпалы аурулар. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.

1- қосымша

Фитофтороз ауруы  — Phytophthora туысына жататын саңырауқұлақтар қоздыратын өсімдік ауруы. Бұл ауру көбінесе картоп, қызанақ,  цитрусты дақылдар, алмаға түседі.

Кеселге шалдыққан жапырақтардың жоғары ұшы мен жиектерінде қоңырқай келген үлкен дөңгелек дақтар, сабағында ұзынша қоңырқай дақтар немесе сызықшалар пайда болып, соңында қурап қалады. Түйнегінде сұрғылт дақтар пайда болып, кейіннен қарайып, түйнекті шірітеді.

Күресу шаралары: Қызанақ  тұқымын себу алдында 0,5 — 1% тотияйын немесе калий перманганаты ерітіндісіне 12 — 16 сағатқа салып қою керек. Тұқымдық картопты іріктеп алып, 3 — 4 л/т фундазол  мен 2 л/т фенорам супер препараттарының бірімен өңдеу қажет. Фитофтороз белгісі байқалған өсімдікке риомил немесе ридомил голд (2,0 — 2,5 л/га) препаратын бүркеді.

Лейшманиоз ауруы -тері лейшманиоз ауруы кезінде дененің ашық жерлерінде жаралар пайда болады. Алғашқыда сыздауықтәрізді түйін пайда болып, соңынан оның ортасы іріңдеп ойылып, ашық жараға айналады. 3-6 айдан соң жараның беті тартылып, көзге жағымсыз тыртықтар қалады. Ауырып сауыққан адамдарда бұл індетке қарсы тұрақты иммунитет жетіліп, ол адам қайта ауырмайды.

Қалай беріледі? Ауру қоздырғышы -паразиттік біржасушалы қарапайым – лейшманиялар. Табиғи ошақтарда лейшманиозбен құм тышқандары және кеміргіштер ауырады. Індеттің қоздырғышы үндемес (москит) арқылы адамдарға беріледі.

Алдын алу шаралары:Үндеместің шабуылынан қорғану шараларын қолданып, тері лейшманиоз індетін жұқтырудың алдын алуға болады. Қансорғыш жәндіктерден қорғайтын мазь, крем немесе аэрозоль қолдаун дұрыс. Бұл препараттарды кешкі және түнгі мезгілде дененің ашық жерлеріне жағу қажет.

Үндеместердің көбеймеуі үшін үйде, аулада тазалықты сақтау қажет, қоқысты нықтап жабылатын жәшікте сақтап, толған жағдайда ауыл сыртында арнайы бөлінген жерге шығару қажет. Қабырғадағы саңылау мен жарықтарды цементпен немесе балшықпен бітеп, індерді топырақпен көміп тастау керек. Үндеместерден қорғану үшін терезелерді торлап, перделерді репелленттермен өңдеген жөн. 

Герпес – бұл сілемейлі қабықтарда немесе теріде топтасып орналасқан іші сұйықтыққа толы көпіршіктер түрінде кездесетін вирусты ауру. Герпес өте жиі ерінде шығады.

Герпес тек қана иммунды жүйе әлсіреген кезде шығады. Бұған дененің қатты салқындауы немес күйіп кетуі, аурулармен ауру, түсік тастату, физикалық немесе психикалық жағдайдың қалыпты болмауы әсер етеді. Кей кездерде көпіршіктер бір үлкен көпіршікті құрауы мүмкін, бұл жағдайда терінің тітіркенуі көрініс көреді. Герпес тек қана ерінде емес бетте, мұрында немесе көздің сілемейлі қабығында да болады. Бұл жағдайда ауру вирусты конъюнктивит немесе кератит деп аталады.

Белгілері:

  • Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
  • Буындардың ауруы
  • Терінің қатты қышуы, тітіркенуі
  • Температураның жоғарлауы
  • Суға (сұйықтыққа) толы көпіршіктің пайда болуы
  • Тері эрозиясы
  • Терінің тесіп ауруы

Алдын –алу шаралары:

  • Қолды әрбір дәретханаға барған соң, әсіресе жалпы дәретханалардан соң және тамақ ішу алдында әрдайым жуу.
  • Күнделікті гигиенаға тек қана жеке заттарды қолдану.
  • Монша, сауна, бассейнге абайлап бару.

Оба ауруы– аса қауіпті жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру, адамға жанасу, ауа - тамшы жолмен жұғады. Бүргелер  арқылы жұғады. Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады.. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактериялар.

Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайтын, талшықтары болмайтын, спора түзбейтін бактериялар. Ауру тез тарайды.

Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда науқас өледі. Ал тері бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады.

 Алдын алу жолдары:

 Обадан сақтануда үйдегі кеміргіштерді, бүргелерді жою, ауланы, қораны таза ұстау, белгісіз індеттен өлген малдың (әсіресе түйенің) етін жемеу.

Дизентерия (қантышқақ) - жалпы уыттану (интоксикация) белгілерімен және асқазан-ішек жолдарының, оның ішінде тоқ ішектің шеткі бөлігінің зақымдалу белгілерімен сипатталатын жұқпалы ауру. Дизентерия тек қана адамнан адамға ғана жұғады. Ауру тағам, су, қарым-қатынас арқылы да жұғады.

 Сау адам организміне қоздырғыш ауыз арқылы күнделікті тұтынатын заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, лас қолмен, ауыз су, жуылмаған жеміс-жидектер, тағамдармен бірге енеді. Сонымен қатар жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтамаудың нәтижесінде, азық-түліктер, тасымалдаушы шыбындар арқылы ластанып, аурудың жұғу факторларының бірі болады. Бұл аурумен көбіне барлық жастағы балалар ауырады. Аурудың көбіне жазғы-күзгі мезгілде көтерілуі болады.

Дерт қоздырғышы бактериялар. Аурудың басты белгісі – дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің әлсін-әлсін ауруы өтуі. Бұл ауру 2 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Диарея мен құсудың салдарынан ағза құрғақшылыққа ұшырап, сәбилердің өміріне қауіп тудырады. Кейде аурудың белгілері анық білінбей, алдап соғуы мүмкін. Бүлдірген, құлпынай сияқты ұсақ жидектерді микробтардан тазарту қиындау болғандықтан оларды сүзгіге салып, ағынды судың астында жуып, қайнаған сумен шаю керек.

Күмәнді жерден тамақ ішуден тыйылып, сұйықтан көп ішуге тырысқан жөн. Сосын тамақ ішер алдында, тамақ әзірлегенде қолды дұрыстап жуу, жеке бастың гигиенасын сақтау, тез бұзылатын тағамдарды шағындап алып, тоңазытқышта сақтау, ауланы, дәретхананы таза ұста сияқты күнделікті өмірдегі қарапайым ережелерді сақтау керек. Ішек ауруларының болмауына ауладағы қоқыс салынатын жәшіктердің айналасының, жалпы қаланың тазалығы үлкен ықпалын тигізеді.

 Дифтерия (күл) –қоздырғышы леффлер бацилласы деп аталатын бактерия. Ағзаның улану белгілерімен және мұрын, жұтқыншақ шырышты қабықтарының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

 Күл ауруының көзі - науқас адам. Қоздырғыш сыртқы ортаға ауа арқылы бөлінеді.

Белгілері. Дифтерия қоздырғышының ену орындары жұтқыншақтың шырышты қабаты, көмей, мұрын, көздің дәнекер қабығы, жыныс мүшелері, жараның үсті, тері және т.б. Зақымдалған ұлпалардың ауруды сезінуі төмендейді, лимфа түйіндер ұлғаяды. Суық тиген сияқты дене қызуының көтерілуінен басталады, бас ауырады және тамақ іседі. Көмейде кейде мұрын мен ерінде сарғыш қоңыр қатпар сұрғылт қалың қабат немесе қабыршықтар пайда болады. Ауздан жағымсыз иіс шығады.

Дене қызуы көтерілу, қалтырау, мойнның ісуі, қатты жөтел,. Тамақтың ауыруы, терінің көгеруі, сілекейдің ағуы сияқты дискомфорт. Антибиотиктер арқылы емделеді.

  Адам аурғаннан соң екінші рет ауырмайды.

 Алдын алу шаралары. Дифтерияның алдын алуының басты әдісі – дифтерияға қарсы екпе. АКДС вакциналауын 2 айлық балаларға, 1 ай интервалымен жүргізеді. Келесі вакциналау 6-7 жаста 16-17 жаста жүргізіледі.

2- қосымша

1-тапсырма. Суретте дифтерия (күл) ауруының белгілері көрсетілген.

Бұл ауруды болдырмау үшін алдын-алу шараларын ұсыныңыз

 ...........................................................................................................................................................

 2-тапсырма. Оба – аса қауіпті табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру.Аурудың

 себептері мен белгілерін ұсыныңыз ( үштен кем емес)

 ...........................................................................................................................................................

 ...........................................................................................................................................................

 ...........................................................................................................................................................

 ...........................................................................................................................................................

 ...........................................................................................................................................................

 ...........................................................................................................................................................

 ...........................................................................................................................................................

 ...........................................................................................................................................................

 3-тапсырма. Кестегі тиісті сөздерді жазыңыз.

Аурудың аты

Белгілері

Алдын алу шарасы

Фитофтороз

Ұшық (герпес)

3- қосымша

Холера -Тырысқақ (холера) - Vibrio cholerae бактериялары тудыратын аса қауіпті жұқпалы дерт. Ластанған су мен жеміс-жидектер, көкөністерді жуғанда, суды ішкенде және суға шомылғанда су жұту барысында адам кеселге шалдығады. Бұл ауруға шалдығуының себебі жеке бастың тазалығын сақтамаудан.

 Белгілері. Вибриондар адам денесіне енгеннен кейін аурудың алғашқы белгісі білінгенше бірнеше күн өтеді. Вибриондар асқазан-ішек жолына ауыз арқылы түсіп, өмір сүруіне қолайлы аш ішекке еніп, онда көбейіп, токсиндер бөледі.

 Тырысқақ ауруы кенеттен жедел басталады. Жиі-жиі іші өтіп, нәжіс сұйылып, бірте-бірте табиғи түсін жоғалтып аз уақыттың ішінде нәжіс түсі мүлде өзгеріп «күріш тәрізді суға» айналады. Іш өтуі тәулігіне 10-15 рет қайталанады. Аурудың тағы бір белгісі құсу, науқас лақылдатып құсады, бұл құбылыс тәулігіне 10 ретке дейін қайталанады. Адам ағзасы 1-2 тәулік ішінде сусызданып, әлсіреп аяқ-қол бұлшық еттері тартылады. Адам денесі жалпылай улануға ұшырайды, дене қызуы төмендейді, науқастың беті көгерсиді.

Алдын алу шаралары:

 · Ауыз су көздерін (бұлақ, құдық) санитарлық талапқа сай келтіріп, таза ұстау;

 · тазартылған, залалсыздандырылған, сапалы ауыз суды тұтыну;

 · Суды міндетті түрде қайнатып ішу, көкөніс, жеміс-жидектерді жуып пайдалану;

 · Қолды таза ұстап, тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;

 · Дайын тағамдарды ластанудан сақтау.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу