Жұқпалы аурулар. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Фитофтороз ауруы  — Phytophthora туысына жататын саңырауқұлақтар қоздыратын өсімдік ауруы. Бұл ауру көбінесе картоп, қызанақ,  цитрусты дақылдар, алмаға түседі.

Кеселге шалдыққан жапырақтардың жоғары ұшы мен жиектерінде қоңырқай келген үлкен дөңгелек дақтар, сабағында ұзынша қоңырқай дақтар немесе сызықшалар пайда болып, соңында қурап қалады. Түйнегінде сұрғылт дақтар пайда болып, кейіннен қарайып, түйнекті шірітеді.

Күресу шаралары: Қызанақ  тұқымын себу алдында 0,5 — 1% тотияйын немесе калий перманганаты ерітіндісіне 12 — 16 сағатқа салып қою керек. Тұқымдық картопты іріктеп алып, 3 — 4 л/т фундазол  мен 2 л/т фенорам супер препараттарының бірімен өңдеу қажет. Фитофтороз белгісі байқалған өсімдікке риомил немесе ридомил голд (2,0 — 2,5 л/га) препаратын бүркеді.

Лейшмания

Анықтамасы. Бұл протозойлық инфекцияларынан туындаған сыртқы қабықтардың немесе ісші қабықтардың бұзылуы. Лейшманияның қоздырғышы – трипсаномида тұқымдасының өкілі. Бұл паразитті біржасушалы микроағзалар белгілі жәндіктерде өмір сүріп, адам мен жануарларға таралады. Лейшманиялар жасуша протоплазмасында орналасады, көптеген жағдайларда бауыр, бүйрек, өт қабы сонымен қатар тері мен сілемейлі қабықтарда, капиллярларда орналасады.

Белгілері. Лейшмания белгілері әртүрлі географиялық мекендерде әртүрлі болады, алайда кейбір белгілер бүкіліне ортақ. Жергілікті мекендеушілерден 5 жасар балалар әсіресе ауруға шалдыққыш. Жолаушылар жасқа қарамай аурып қалуы мүмкін. Ауру жылдам немесе баяу басталуы мүмкін. Негізгі белгілердің бірі болып ұзақ мерзімді қызба болып табылады. Өт қабы мен бауыр ұлғаяды. Тоқ ішектің бұзылуы іштің кетуі мен ішектің сіңіру қабілетінің нашарлауымен қатар жүреді. Анемия мен қызыл кеміктің нашарлауы жүреді. Теріде лейманиодты бөрітпелер болады. Кейінірек сепсистің, іріңді инфекцияның, ауыз қуысында жаралардың пайда болуы мүмкін.

Алдын –алу шаралары.

  • Ауруды анықтау, ауру анықталған кісілерде емдеу шараларын өткізу.
  • Ауру жануарларды жою, емдеу немесе оларды алысқа алып кету.
  • Москиттармен күресу, торларды, бас киімдерді кию, жабық киіну.
  • Егу жұмыстарын жүргізу, әсіресе жолаушы кісілерге егу енгізу.

Герпес – бұл сілемейлі қабықтарда немесе теріде топтасып орналасқан іші сұйықтыққа толы көпіршіктер түрінде кездесетін вирусты ауру. Герпес өте жиі ерінде шығады.

Герпес тек қана иммунды жүйе әлсіреген кезде шығады. Бұған дененің қатты салқындауы немес күйіп кетуі, аурулармен ауру, түсік тастату, физикалық немесе психикалық жағдайдың қалыпты болмауы әсер етеді. Кей кездерде көпіршіктер бір үлкен көпіршікті құрауы мүмкін, бұл жағдайда терінің тітіркенуі көрініс көреді. Герпес тек қана ерінде емес бетте, мұрында немесе көздің сілемейлі қабығында да болады. Бұл жағдайда ауру вирусты конъюнктивит немесе кератит деп аталады.

Белгілері:

  • Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
  • Буындардың ауруы
  • Терінің қатты қышуы, тітіркенуі
  • Температураның жоғарлауы
  • Суға (сұйықтыққа) толы көпіршіктің пайда болуы
  • Тері эрозиясы
  • Терінің тесіп ауруы

Алдын –алу шаралары:

  • Қолды әрбір дәретханаға барған соң, әсіресе жалпы дәретханалардан соң және тамақ ішу алдында әрдайым жуу.
  • Күнделікті гигиенаға тек қана жеке заттарды қолдану.
  • Монша, сауна, бассейнге абайлап бару.

Оба ауруы– аса қауіпті жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру, адамға жанасу, ауа - тамшы жолмен жұғады. Бүргелер  арқылы жұғады. Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактериялар.

Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайтын, талшықтары болмайтын, спора түзбейтін бактериялар. Ауру тез тарайды.

Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда науқас өледі. Ал тері бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады.

 Алдын алу жолдары:

 Обадан сақтануда үйдегі кеміргіштерді, бүргелерді жою, ауланы, қораны таза ұстау, белгісіз індеттен өлген малдың (әсіресе түйенің) етін жемеу.

Дизентерия (қантышқақ) - жалпы уыттану (интоксикация) белгілерімен және асқазан-ішек жолдарының, оның ішінде тоқ ішектің шеткі бөлігінің зақымдалу белгілерімен сипатталатын жұқпалы ауру. Дизентерия тек қана адамнан адамға ғана жұғады. Ауру тағам, су, қарым-қатынас арқылы да жұғады.

 Сау адам организміне қоздырғыш ауыз арқылы күнделікті тұтынатын заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, лас қолмен, ауыз су, жуылмаған жеміс-жидектер, тағамдармен бірге енеді. Сонымен қатар жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтамаудың нәтижесінде, азық-түліктер, тасымалдаушы шыбындар арқылы ластанып, аурудың жұғу факторларының бірі болады. Бұл аурумен көбіне барлық жастағы балалар ауырады. Аурудың көбіне жазғы-күзгі мезгілде көтерілуі болады.

 

Дерт қоздырғышы бактериялар. Аурудың басты белгісі – дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің әлсін-әлсін ауруы өтуі. Бұл ауру 2 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Диарея мен құсудың салдарынан ағза құрғақшылыққа ұшырап, сәбилердің өміріне қауіп тудырады. Кейде аурудың белгілері анық білінбей, алдап соғуы мүмкін. Бүлдірген, құлпынай сияқты ұсақ жидектерді микробтардан тазарту қиындау болғандықтан оларды сүзгіге салып, ағынды судың астында жуып, қайнаған сумен шаю керек.

Күмәнді жерден тамақ ішуден тыйылып, сұйықтан көп ішуге тырысқан жөн. Сосын тамақ ішер алдында, тамақ әзірлегенде қолды дұрыстап жуу, жеке бастың гигиенасын сақтау, тез бұзылатын тағамдарды шағындап алып, тоңазытқышта сақтау, ауланы, дәретхананы таза ұста сияқты күнделікті өмірдегі қарапайым ережелерді сақтау керек. Ішек ауруларының болмауына ауладағы қоқыс салынатын жәшіктердің айналасының, жалпы қаланың тазалығы үлкен ықпалын тигізеді.

 Дифтерия (күл) –қоздырғышы Леффлер бактериясы. Ағзаның улану белгілерімен және мұрын, жұтқыншақ шырышты қабықтарының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

 Күл ауруының көзі - науқас адам. Қоздырғыш сыртқы ортаға ауа арқылы бөлінеді.

Белгілері. Дифтерия қоздырғышының ену орындары жұтқыншақтың шырышты қабаты, көмей, мұрын, көздің дәнекер қабығы, жыныс мүшелері, жараның үсті, тері және т.б. Зақымдалған ұлпалардың ауруды сезінуі төмендейді, лимфа түйіндер ұлғаяды. Суық тиген сияқты дене қызуының көтерілуінен басталады, бас ауырады және тамақ іседі. Көмейде кейде мұрын мен ерінде сарғыш қоңыр қатпар сұрғылт қалың қабат немесе қабыршықтар пайда болады. Ауыздан жағымсыз иіс шығады.

Дене қызуы көтерілу, қалтырау, мойынның ісуі, қатты жөтел. Тамақтың ауыруы, терінің көгеруі, сілекейдің ағуы сияқты дискомфорт. Антибиотиктер арқылы емделеді.

  Адам аурғаннан соң екінші рет ауырмайды.

 

 Алдын алу шаралары. Дифтерияның алдын алуының басты әдісі – дифтерияға қарсы екпе. АКДС вакциналауын 2 айлық балаларға, 1 ай интервалымен жүргізеді. Келесі вакциналау 6-7 жаста 16-17 жаста жүргізіледі.

2- қосымша

Аурулардың сипаттамаларына алдын алу жолдарын сәйкестендіріңіз

1

«Салқын тию ауа-тамшы жолдары арқылы таралады

А

суды қайнатып ішу

2

Дизентерия судағы қарапайымдылардың әсерінен пайда болады

В

тамақты дұрыс сақтау

3

Сальмонелла тамақта болады

С

Іріңді қайнатылған салқын сумен жуу

4

Шаққаннан кейін 2—8 апта өткен соң, маса шақкан жерде ісік пайда болады. Ісік әдетте іріңді, ашық жараға айналады

Д

ауызыңызды жауып түшкіру

5

Түйнегінде сұрғылт дақтар пайда болып, кейіннен қарайып, түйнекті шірітеді

Е

Сол себепті ауру малды аңғарғанда оны обаға қарсы тексерту, сою кезінде аса сақтық шараларын ескеру

6

Малдың ішінде түйе малы оба таратушы басты жануар болып табылады.

К

Фитофтороз белгісі байқалған өсімдікке риомил МЦ не ридомил голд МЦ (2,0 — 2,5 л/га) препаратын бүрку

3- қосымша

Холера -Тырысқақ (холера) - Vibrio cholerae бактериялары тудыратын аса қауіпті жұқпалы дерт. Ластанған су мен жеміс-жидектер, көкөністерді жуғанда, суды ішкенде және суға шомылғанда су жұту барысында адам кеселге шалдығады. Бұл ауыруға шалдығуының себебі жеке бастың тазалығын сақтамаудан.

 Белгілері. Вибриондар адам денесіне енгеннен кейін аурудың алғашқы белгісі білінгенше бірнеше күн өтеді. Вибриондар асқазан-ішек жолына ауыз арқылы түсіп, өмір сүруіне қолайлы аш ішекке еніп, онда көбейіп, токсиндер бөледі.

 Тырысқақ ауруы кенеттен жедел басталады. Жиі-жиі іші өтіп, нәжіс сұйылып, бірте-бірте табиғи түсін жоғалтып аз уақыттың ішінде нәжіс түсі мүлде өзгеріп «күріш тәрізді суға» айналады. Іш өтуі тәулігіне 10-15 рет қайталанады. Аурудың тағы бір белгісі құсу, науқас лақылдатып құсады, бұл құбылыс тәулігіне 10 ретке дейін қайталанады. Адам ағзасы 1-2 тәулік ішінде сусызданып, әлсіреп аяқ-қол бұлшық еттері тартылады. Адам денесі жалпылай улануға ұшырайды, дене қызуы төмендейді, науқастың беті көгерсиді.

Алдын алу шаралары:

 · Ауыз су көздерін (бұлақ, құдық) санитарлық талапқа сай келтіріп, таза ұстау;

 · тазартылған, залалсыздандырылған, сапалы ауыз суды тұтыну;

 · Суды міндетті түрде қайнатып ішу, көкөніс, жеміс-жидектерді жуып пайдалану;

 · Қолды таза ұстап, тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;

 · Дайын тағамдарды ластанудан сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу