Жұқпалы аурулар. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1D Қоректену | Мектеп: | ||||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Жұқпалы аурулар. (жаңа тақырыпты меңгерту) | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.4.3.1 қарапайым, саңырауқұлақ, бактериялар мен вирустардан туындайтын аурулардың ерекшеліктері, алдын алу шараларын сипаттау | ||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Бактериялардан туындайтын аурулар туралы бейне көрсетілім тыңдайды. Жұқпалы ауруларды анықтап, ерекшеліктерін сипаттап, алдын-алу шараларын топта талқылап, тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша, жазбаша сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология Дизентериялық амеба, амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшманиоз, герпес. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Жұқпалы ауру дегеніміз ............................. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары... Ұшықты... қоздырады. Дизентерияның белгілеріне... жатады. Дизентерия судағы Х...... әсерінен пайда болады – суды қайнатып ішу керек. Лейшманиоз ...У әсерінен туындайды. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Жұқпалы аурулардың туындау себептеріне байланысты токсикалық заттар туралы түсінік арқылы химия пәнімен байланысады. | ||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар 7-сыныптың «Микробиология және биотехнология» бөлімінен микробиология өнімін, антибиотиктер мен дезинфекциялаушы құралдардың қолданылуын, вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін, ірімшік және йогурт өндірісін, бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттай алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | |||||
Сабақтың басы | |||||||
0-4 мин | Тақырыпытың өзектілігін ашу үшін оқушыларға «Адам неге ауырады?» сұрағы қойылады. Оқушылар алдында өткен асқорыту жүйелерінің аурулары мен авитаминоздар туралы біледі. Олардан басқа жұқпалы аурулардың болатынына тоқталу маңызды. Оқушылар микробтардың кесірінен адам аурады деген жауапты айтқан кезде олар қалайша адамды ауыруға шалдықтырады?, неліктен адам микробтардан болып аурады? сұрақтары қойылады. Оқушылар 7-ші сыныпта вирустардың тіршілік циклін өткен кезде вирустың токсин бөліп жасушаны уландыратынын еске түсіреді. Сонымен патогендер ағзаға түскеннен соң онда көбейеді. Олардың тіршілік әрекеті барысында бөлінген заттар жасушаларды уландырады. Бұл аурудың туындауының басты себебі деген қорытындыға келеді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы екен деп сұрай отырып, тақырыпты анықтағаннан соң бұл аурулар туралы нені білу қажет сұрағы талқыланады. Бұл сұрақ арқылы оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 -2 слайд
3-слайд | |||||
Сабақтың ортасы | |||||||
4-10 мин | Оқушыларға топтарда жұмыстай отырып, ауруларды ұсынылған ресурстардың көмегімен зерттеу тапсырмасы беріледі. Оқушыларға мүмкін болған жағдайда нуотбуктер беріліп, интернет көзінен қосымша ақпарат іздеу, ұсынылған видеоматериалдармен танысу мүмкндіктері беріледі. | 1 - қосымша 4-9 слайдтар | |||||
11-20мин | Топтарда зерттеп, қажетті ақпаратты жинақтағаннан соң оқушылардан өз түсінгендерін көрсету үшін бір тапсырма түрін таңдап алу сұралады.(Егерде сыныпта бірнеше оқушы тапсырманың бірдей түрін таңдаса оларға бірігіп, топта жұмыстауға болады) Тапсырма түрлері:
Оқушылар осы жұмыс түрлерін таңдап алғаннан соң тапсырмаға қойылатын критерийлер таныстырылады. Әр тапсырмада жұқпалы аурулардың түрлері, қоздырғыштары, жұғу жолдары, белгілері мен алдын алу жолдары туралы толық ақпарат болуы тиіс. Дескрипторлар: Аурудың қоздырғышын атайды Аурудың белгілерін сипаттайды Аурудың алдын алу шараларын ұсынады Қорытынды жасайды | 10 слайд | |||||
21-24 мин | Бұл жұмыс орындалғаннан соң оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Әр оқушының жұмысын кем дегенде 4 оқушы тексеріп, жұмыстың ең жақсы шыққан 1 тұсы мен жақсартуға арналған 2 ұсынысты стикерге жазып ұсынады. Оқушылардан түскен ұсыныстар бойынша оқушылар өз жұмыстарын жақсартады. | 11- слайд | |||||
25-36мин | Жақсартылған жұмыстарды қорғайды. Жасалған жұмыстар көрмесі ұйымдастырылады. | ||||||
Сабақтың соңы | |||||||
37-40 мин | Кері байланыс: Шеңбердің бір бөлігіне тақырып мазмұнына қатысты өз ойын жазып, стикерін жапсырады. Осы стикерлерге шолу жасалып, мүмкіндігінше қиын болған тұстарға тоқталу маңызды. | 12 слайд | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Кейбір оқушыларға аурудың басқа түрлерін, мысалы холера мен дифтерия туралы ақпаратпен толықтыруды ұсынуға болады. Ал қабілеті төмендеу оқушыларға аурулардың себептері мен алдын алу жолдарын анықтауда бағыттаушы сұрақтар қою арқылы көмек көрс етіледі. Ондай оқушыларға ақпараттың қажетті тұстарын бояп алуды ұсынуға болады. Кейбір оқушыларға тапсырма орындауды ұсынуға болады (2-қосмыша) | ||||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Сұрақтарға жауап беру Тапсырма үшін ақпарат жинай білуі, алған ақпараттарға талдау жасай білуі, тақырыптан түсінгенін көрсету үшін орындаған тапсырмасы мен тапсырманы қорғауы арқылы және сыныптастарының жұмысын бағалауы, оларға жұмысты жақсарту үшін берген ұсыныстары арқылы бағаланады. | ||||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Оқушылар тапсырмаларды орындаған кезде белсенді қозғалыста болады. | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру