Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.


Қосымша 3. Деңгейленген тапсырмалар.

А (қызыл)

В (сары)

С (жасыл)

1. Спорттық сыныптағы 30 оқушының 11-і футбол, 6-ы волейбол, 8-і жүгірумен, ал қалған 5-еуі ұзаққа секірумен айналысады. Сыныптан кездейсоқ таңдалған бір оқушының:

а) секірумен айналыспау ықтималдығы?

б) ойындық спорт түрімен айналысу ықтималдығы қандай?

2. Нина және Лаура диктант жазады. Нинаның қателесу ықтималдығы 60%, Лаураныкі 40% -ды құрайды. Мына ықтималдылықты табыңыз:

а) екеуі де қатесіз жазады;

б) Нина қатесіз, ал Лаура қатемен жазады.

3. Тиын қатарынан 6 рет лақтырылады. Кем дегенде бір рет «Елтаңба жағы» түсуі ықтималдығын табыңыз.

1. Жеңілмейтін лотореяда 10000 билет шығарылды, олардың ішінде 100 билет 1000 теңгелік ұтыспен, 200 билет – 500 теңгелік ұтыспен, 500 ұтыс 200 теңгелік және 1000 100 теңгелік ұтыс бар, ал қалғандары 1 теңгелік билеттер ұтады.

Бір билет сатып алғандағы ұтыстың ықтималдығы:

а) 200 теңгеден кем емес?

б) 200 теңгеден жоғары?

2. Үш атқыштың әрқайсысы нысанаға бір реттен атып шығады, бірінші атқыштың тигізу ықтималдылығы 90% құрайды, екіншінікі - 80%, үшінші атқыш -70%.

Ықтималдықты табыңыз, егер:

а) үш атқыш та нысанаға тигізеді.

б) үш атқыштың екеуі мүлт кетеді.

3. Тиынды бес рет қатарынан лақтырады. «Елтаңба» жақтың кемінде екі рет түсуі қтималдығын тап.

1. Қорапта 6 ақ, 4 қара, 5 қызыл және 3 көк түсті шарлар бар. Қораптан кездейсоқ 2 шар алынады. Ықтималдықты табыңыз, егер:

а) Шарлардың екеуі де ақ немесе екеуі де қара

б) біреуі шар көк, ал екіншісі - қызыл

2. Үш реферант министрдің айтқан сөздерін жазып отыр. Сөзбе-сөз жазып алу ықтималдығы бірінші рефферантта 75%-ды құрайды, екіншісінікі -80%, үшіншісі-90%. Сонымен қатар грамматикалық қате жіберу ықтималдықтары әрқайсысында 10%.

Ықтималдықты табыңыз, егер:

а) референттің ешқайсысы толығымен сөзбе-сөз жазып алмайды.

б) референттің кем дегенде біреуі сөздерді мұқият жаза алады, бірақ грамматикалық қателер жібереді.

3. Тиынды алты рет қатарынан лақтырады. «Елтаңба» жағының «Сан» жағынан жиірек түсуі ықтималдығын тап.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу