Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.
Қосымша 1.
Математикалық ребус тапсырмалары
К. Дүкен көтерме сатумен төрт қоймадан қораппен өнімдер алды. 1-ншісінен 4, 2-ншісінен 5, 3-іншісінен 7 және 4-іншісінен 4-еу. Сатылымға кездейсоқ бір қорап таңдалып алынды. Бұл қораптың бірінші немесе үшінші қоймадан болуы ықтималдығы қандай?
У. Қорапта 10 қызыл және 6 көк түйме бар. Екі түйме кездейсоқ алынады. Бір түсті болуының ықтималдығы қандай?
В. 16 ойын картасы бар: 4 валет, 4 дама, 4 король және 4 туз. Бір карточка колодадан кездейсоқ алынды. Көзір карта немесе дама шығуының ықтималдығы қандай?
Ж. Екі атқыш нысанаға бір-бірден оқ атты. Бірінші атқыштың тигізу ықтималдығы 0,8, екіншісінікі - 0,6. Тек бір атқыштың тигізу ықтималдығын табыңыз.
Ы. Бір ойыншы әртүрлі цифрларды пайдаланып, нөлден бөлек төрт таңбалы санды жазды. Екінші ойыншың бұл цифрды бірінші реттен болжай алу ықтималдығы қандай?
А. В ящике лежат 7 белых и 13 черных шаров. Из ящика наудачу вынимают один шар. Какова вероятность события А - «вынут белый шар»?
Қорапта 7 ақ және 13 қара шар бар. Қораптан бір шар кездейсоқ алынды. A -«Ақ шардың шығуы » оқиғасының ықтималдығы қандай?
О. Үш жәшіктің әрқайсысында 10 детальдан бар. Бірінші қорапта 8 стандартты деталь, екіншісінде - 7, үшіншісінде - 9. Әр қораптан бір детальдан кездейсоқ алынады. Барлық детальдардың стандартты болуы ықтималдығын табыңыз.
Т. Екі атқыш нысанаға бір-бірден оқ атты. Бірінші атқыштың тигізу ықтималдығы 0,8, екіншісінікі - 0,6. Кем дегенде бір атқыштың тигізу ықтималдығын табыңыз.
0,44 | 0,35 | 0,5 | 0,92 | 0,55 | 0,504 | 0,4375 | |
Кестедегі жауаптарға сәйкес келетін әріптерді бір бағанмен қойып шығыңыз. Одан қазақтың танымал математигінің тегін (Фамилия) оқи аласыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру