y=sin(x) және y=cos(x) функцияларының графиктерінің түрлендірулері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді
«Математика» ӘБ жетекшісі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1В Тригонометриялық функциялар | Мектеп: Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: y=sin(x) және y=cos(x) функцияларының графиктерінің түрлендірулері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.3.1 тригонометриялық функциялардың анықтамаларын, қасиеттерін білу, графиктерін сала білу; 10.1.3.2 тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер арқылы сала білу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
егер m>0, график … жылжиды, егер m<0, график …. жылжиды; у = f(х) + n функциясының графигі, мұндағы f(х) – тригонометриялық функция, … жоғары жылжиды; … төмен жылжиды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Радиан ұғымы бұрыш өлшемінің бірлігі ретінде қарастырылады және осы ұғымның тригонометриялық функциялар қисығын түсіндірудегі қолданысы қарастырылады. Тригонометриялық функциялардың қасиеттері бірлік шеңбер бойында және графикте қарастырылады, тригонометриялық функциялардың графиктерінің түрлендірілуі қарастырылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика, геометрия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | «Функция», «аргумент» ұғымдарын біледі. Функцияның графигін және оның қасиетін біледі. Геометрия курсынан сүйір бұрыштың тригонометриялық функцияларының анықтамаларын біледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңд ері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1-сабақ Сабақтың басы 2 – мин 5 – мин Т 18 – мин Сабақтың ортасы 2 – мин Т 6– мин Ж 15 мин Сабақтың аяғы 2 мин | 1. Сыныпты ұйымдастыру.
а) Оқушыларды түрлі түсті жүрекшелер арқылы 4 топқа бөлемін. Топтан бір оқушы келіп топшама (у= sin x, y=cosx, y=tgx, y=ctgx) таңдайды. Топшама бойынша Desmos компьютерлік бағдарламасында салып, функцияның қасиеттерін айтады. Осы қасиеттеріне байланысты оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қоя отырып сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтау. ә) Сәйкестендірy. a) b) с) d) функциясын зерттеп графигін салыңыз және компьютерлік бағдарламада, мысалы, GeoGebra, Desmos тексеріңіз. Сабақ соңында оқушылардан ауызша кері байланыс аламын. | http://bilimland.kz/ru/content/structure/887-trigonometriya#lesson=10035 1-4 слайд Геометриялық компьютерлік бағдарлама, мысалы, GeoGebra, Desmos 5-8 слайд 9-12 слайд Топшама 1 13 слайд Топшама 2 Ю.Н. Макарычев и др. Алгебра. Учебник для 9 класса. М.: 2013г.-321с, 326с. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2-сабақ Сабақтың ортасы 2 мин Ұ 8 – мин Т 12 мин Ж 15 - мин | Сабақ басында сабақ мақсаты мен тақырыбын еске түсіріп кетеміз. y = cos x және y = 3 + cos x функцияларының графигін салыстырыңыз. Функциялар қандай ортақ қасиетке ие?
| 14 слайд 15 слайд Топшама 3 16 слайд Топшама 4 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 - мин | Рефлексия - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үйге: № 221 | 17 слайд А.Н. Шыныбеков. Алгебра. 10 сынып. Алматы «Атамұра» 2014 – 64 бет Топшама 5 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқаларға тәуелді болмауына сынып оқушыларының сенімді болуы жоспарланған. | Оқушыларды жұмыс жасау барысында өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктері мен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңында рефлексия формасында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын. | Оқу процесінің күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуына жағдай туындатамын. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру