Мәтіндік есептерді квадрат теңдеу көмегімен шығару. Алгебра, 8 сынып, презентация. 1 сабақ.


Мәтіндік есептерді квадрат теңдеу көмегімен шығару

Оқу мақсаты:

8.5.2.1 Квадрат теңдеулер көмегімен мәтіндік есептер шығару;

;

Сабақ мақсаты:

1) квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады;

2) есептің математикалық моделін құруды үйренеді.

№1. x пен y арасындағы мүмкін теңдіктерді жазыңыз

х мәні y тен 2 ге артық : x y=2

x мәні y тен 5 ке кем:

x мәні y тен 3 есе артық:

х мәні y тен 4 есе кем

№2. Кестені толтыр:

№3. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы x см, ал екіншісі одан 5 см артық. Тіктөртбұрыштың P периметрі мен S ауданын өрнектеңіз.

№4. Бір жұмыскер 6 сағатта a деталь жасайды, ал екіншісі 4 сағатта a деталь жасайды. А өнімділікті өрнектеңіз:

бірінші жұмыскердің;

екінші жұмыскердің ;

екі жұмыскердің бірлескен жұмысын.

№5. Кестені толтырыңыз.

Катер бір айлақтан екіншісіне ағыспен жүзіп барып, кері қайтты. Егер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ болса, кестені толтырыңыз.

6. Егер көбейтіндісі 168 болса, тізбектес екі жұп натурал сандарды табыңыз. Шарт бойынша бос орындарды толтырыңыз, теңдеу құрыңыз және оны шешіңіз.

Бірінші ізделінді жұп натурал сан x

Екінші ізделінді жұп натурал сан - ...

Көбейтіндісі 168 болғандықтан, келесі теңдеуді құрамыз:

.........

Осы теңдеуді шешеміз:

Ізделінді жұп сан натурал болғандықтан, x=….

7. Тік төртбұрыштың периметрі 62 см, ал ауданы 238 см2. тік төртбұрыштың ені мен ұзындығын табыңыз. Шарт бойынша бос орындарды толтырыңыз, теңдеу құрыңыз және оны шешіңіз.

Тік төртбұрыш ені– x

Тік төртбұрыш ұзындығы

Берілген аудан бойынша теңдеу құрамыз.

Жауабы 17 см және 14 см

№8. жолаушылар поездының жылдамдығы жүрдек поезд жылдамдығынн 30 км/ч кем. Жүрдек поезд 810 км қашықтықты жолаушылар поезына қарағанда 4,5 сағат тез жүреді. Поезддардың жылдамдықтарын табыңыз. Есепті шығару үшін кестені толтырыңыз.

Теңдеу құрыңыз және шығарыңыз:

Жауабы : 60км/сағ және ....

№9. Екі жұмысшы бірлесіп жұмыс істеп сағатына 30 деталь жасайды. Бірінші жұмыскер 60 детальді екіншісінен үш сағат тез орындайды. Әр жұмысшы 1 сағатта неше деталь жасайды?

Айталық x бірінші жұмыскердің 1 сағатта дайындайтын деталь саны. Онда екінші жұмысшының 1 сағатта дайындайтын деталь саны

Бірінші жұмысшыға 60 деталь дайындауға қажетті уақыт

Екінші жұмысшыға 60 деталь дайындауға қажетті уақыт

Бірінші жұмыскер 60 детальді екіншісінен үш сағат тез орындайды, онда екіншісі біріншісіне қарағанда 60 детальді үш сағат кем орындайды.

Жауабы: 20 және 10.

Тренинг.

Өзіндік жұмыс.

Олардың біреуі мақсатқа жетті!!!! Ал екіншісі талпынады. Стикерді сабақ мақсатына жеткеніне немесе жетпегеніне жапсырыңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу