Мәтіндік есептерді квадрат теңдеу көмегімен шығару. Алгебра, 8 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


Қосымша №1.

Мысал 1: Жұмысшыларға тік төртбұрыш тәріздес бақшаны қоршау керек болды. Бір қабырғасы екіншісінен 10 метр ұзын. Бақша ауданы 1200 м2. Жұмысшыларғы қанша материал алу керек?

Шешуі: Айталық х (м) – бір қабырғасының ұзындығы, онда (х+10) м – екінші қабырғаның ұзындығы. Ауданы 1200 м2.

Теңдеу құрамыз:

х(х+10)=1200

Жақшаларды ашып, сол жаққа жинаймыз:

Теңдеу келтірілген квадрат теңдеу болғандықтан, түбірлерін Виет теоремасы бойынша табамыз:

Бұдан .

Яғни х=30(м)- кіші қабырғасының ұзындығы.

(х+10)=30+10=40(м)- үлкен қабырғасының ұзындығы.

Р=2(30+40)

Р=140 м

Жауабы: 140 метр материал. 

Мысал 2: Мектеп бітірушілер естелікке бір бірімен фотосурет алмасты. Егер барлығы 870 фотосурет алмасқандығы белгілі болса, неше мектеп бітіруші болған?

Шешуі: Айталық барлығы х мектеп бітіруші болсын, онда олар (х-1) фотосурет алмасқан, оқушы өзімен өзі фото алмаспайтын болғандықтан. Барлығы 870 фотосурет алмасты, онда теңдеу құрамыз: x(x-1)=870

х= -29 Есеп шартын қанағаттандырмайды, х=30

Жауабы: сыныпта 30 оқушы

Қосымша №2. Өзіндік жұмыс.

1. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 12 см артық. Тіктөртбұрыштың ауданы 405 см2. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңыз.

2. Сегізінші сынып оқушылары арасында қыздар мен ұлдар арасындағы салынған доптар санының көбейтіндісі 72, қыздар командасы 6 доп артық салды. Әр команда неше доп салды?

3. Үлкен қоңырау кезінде екі сегізінші снып оқушылары ұзындығы енінен екі есе артық, ал ауданы 800 м2 тік төртбұрыш тәріздес кортта теннис ойнады. Корттың өлшемдерін табыңыз және екі қыз тіктөртбұрыштың диагоналінің ұштарына орналасқан болса, олардың ара қашықтығын табыңыз.

Қосымша №3.

Үй жұмысы.

Есеп 1. Екі орынды санның цифрларының қосындысы 8 ге тең. Егер цифрлар орындарын ауыстырса, онда берілген саннан 18 ге кіші тсан шығады. Берілген сан қндай?

Есеп 2. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуі гипотенузадан 6 см кіші, ал екіншісі біріншіден 3 см үлкен. Егер үшбұрыш ауданы 54 см2, гипотенузаны табыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу