Статистика элементтері. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Алгебра, 8 сынып, дидактикалық материал.
Жұптық жұмыс
Стартер «Блум түймедағы». (Теориялық материалды қайталау.)
Диаграммада асықты 30 рет лақтырғанда асықтың әр түрлі түсу жиілігі көрсетілген. Асықтың омпы түсуі (асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы) болған жоқ, сондықтан оны суретте горизонталь сызықшамен белгілейміз.
Диаграмманың көмегімен келесі сұрақтарға жауап беріңіз. (Оқушылар гүлдің жапырағын алып, сұрақтарға жауап береді):
1. (жай сұрақ): Берілген таңдаманың көлемі неге тең?
2. (анықтаушы сұрақ): Асықтың омпы түсуін неліктен горизонталь сызықшамен белгілейміз?
3. (тәжірибелік сұрақ): Асықты 30 рет лақтырғанда асықтың тәйке түсуі болмаса, оны гистограммада қалай белгілейсіз?
4. (түсіндіруші сұрақ): Неліктен гистограммада шоңқай және тәйке түсу бағандарының биіктіктері бірдей?
5. (шығармашылық сұрақ): Гистограммада қалай өзгерер еді егер асықтың оңқай және солақай түсу саны 7-ге тең болса?
6. (бағалау сұрағы): Гистограммадан ең үлкен және ең кіші салыстырмалы жиіліктерді анықтаңыз.
Жұмыс аяқталған соң мұғалім оқушылардан сұрақтардың жауаптарын анықтайды, ауызша кері байланыс береді.
6. (бағалау сұрағы): Гистограммадан ең үлкен және ең кіші салыстырмалы жиіліктерді анықтаңыз.
Сыныппен жұмыс
1.Таңдама асықтарды лақтырғанда түсуіне байланысты берілген.
Асықтың түскендегі атауы:
- Берілген таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсетіңіз.
- Таңдаманың көлемі неге тең?
- Асықтың тәйке түскендегі абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеңіз.
Бағалау критерий | дескриптор | ||
берілген таңдаманы кесте түрінде көрсетеді; | таңдаманы кесте түрінде көрсетеді; | ||
кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдайды; |
| ||
|
Жауаптары:
- Асықтың түскендегі атауына байланысты жиілік кестесі:
Асықтың түскендегі атауы | Алшы | Тәйке | Бүк | Шік |
Түсу саны | 4 | 5 | 4 | 7 |
- Таңдаманың көлемі абсолютті жиіліктіктердің қосындысына тең:
- Асықтың тәйке түскендегі абсолютті жиілігі 5-ке тең, ал салыстырмалы жиілігі -ге тең.
Жеке жұмыс
2. Гистограмманы полигон түрінде көрсетіңіз. |
Бағалау критерий | дескриптор |
таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсетеді | асықтардың абсолютті жиіліктерін белгілейді; |
жиілік полигонын салады |
Жауабы:
Тексеру жұмысы.
3. Суретте кейбір жануарлардың өмір сүру ұзақтығы берілген.
.
а) Қандай екі жануар жуық шамамен бірдей ұзақ өмір сүреді?
ә) Маймыл иттен жуық шамамен неше есе артық өмір сүреді?
б) Диаграмманың берілгендеріне қарап, қай жануардың салмағы үлкен, сол жануардың өмірі ұзақ деп айтуға бола ма?
4. Арман мектеп мұғалімдерінің жастарын 10 жыл аралығында топтарға бөліп, кестенің бір торкөзін толтырмай кетті. Мектепте 49 мұғалім болса, кестені толықтырып, берілгендері бойынша жиілік алқабын сызыңыз.
Жастары | Мұғалімдер саны |
20-29 | 8 |
30-39 | |
40-49 | 14 |
50-59 | 7 |
Тапсырмаларды орындаған соң, оқушылар бір-біріне және мұғалім ауызша кері байланыс береді.
Тексеру жұмысының бағалау критерийлері:
№ | Бағалау критерий | дескриптор | |||
3 | кесте, гистограмма немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдайды; |
| |||
4 | кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру; | кестені дұрыс толықтырады | |||
таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсетеді | жиілік алқабын сызады |
Жауаптары:
Жастары | Мұғалімдер саны |
20-29 | 8 |
30-39 | 20 |
40-49 | 14 |
50-59 | 7 |
Жиілік алқабы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды