Статистика элементтері. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.


7-сынып алгебра курсын қайталау

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жаксылыкова Г.К.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Статистика элементтері. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.3.3.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу;

7.3.3.3 статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету;

7.3.3.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету

7.3.3.5 кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;

7.3.3.6 таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету;

7.3.3.7 кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептей алады;

- статистикалық деректерді жинай алады және оны кесте түрінде көрсетеді;

- таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсетеді;

- кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;

- таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсетеді;

- кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;

Бағалау критерийлері

- абсолютті және салыстырмалы жиіліктерді есептейді алады;

- берілген таңдаманы кесте түрінде көрсетеді;

- таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсетеді;

- кесте, гистограмма немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдайды;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • абсолюттік және салыстырмалы жиіліктерді анықтау тәсілдерін талқылайды және сипаттайды;
  • жиілік кестесі түрінде берілген жиналған деректерді таныстырады;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • таңдама көлемі ...;
  • алынған деректерді жиілік кестесі түрінде көрсету;
  • алынған деректерді салыстырмалы жиілік кестесі түрінде көрсету;
  • абсолюттік жиілікті есептеу үшін ... санау қажет;
  • салыстырмалы жиілікті есептеу үшін ... санына бөлу қажет.

Терминология

Қазақша

На русском

English

Тәжірибе

Опыт

Experiment

Жиілік

Частота

Frequency

Абсолюттік жиілік

Абсолютная частота

Absolute frequency

Салыстырмалы жиілік

Относительная частота

Relative frequency

Диаграмма

Диаграмма

Chart, diagram

Гистограмма

Гистограмма

Histogram

Құндылықтарды дарыту

 

Ақпаратты іздейді және оны сыни көзқараспен талдайды ( асық- көнеден келе жатқан ұлттық ойын туралы);

Еркін шығармашылық кеңістігін жолдастарымен құра біледі;

Өзгенің пікірін тыңдайды және сыни баға береді;

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, http://e-history.kz/kz/publications/view/2561

Бастапқы білім

Сандық сипаттамалар (орташа мән, ауқым, мода, медиана), жиіліктер алқабы (полигоны)

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарының дайындығына назар аудару, сабақтың тақырыбын, ОМ жариялау.
  • Стартер «Блум түймедағы». (Теориялық материалды қайталау.)

Жұптық жұмыс.

Диаграммада асықты 30 рет лақтырғанда асықтың әр түрлі түсу жиілігі көрсетілген. Асықтың омпы түсуі (асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы) болған жоқ, сондықтан оны суретте горизонталь сызықшамен белгілейміз. Диаграмманың көмегімен келесі сұрақтарға жауап беріңіз. (Оқушылар гүлдің жапырағын алып, сұрақтарға жауап береді):

1. (жай сұрақ): Берілген таңдаманың көлемі неге тең?

2. (анықтаушы сұрақ): Асықтың омпы түсуін неліктен горизонталь сызықшамен белгілейміз?

3. (тәжірибелік сұрақ): Асықты 30 рет лақтырғанда асықтың тәйке түсуі болмаса, оны гистограммада қалай белгілейсіз?

4. (түсіндіруші сұрақ): Неліктен гистограммада шоңқай және тәйке түсу бағандарының биіктіктері бірдей?

5. (шығармашылық сұрақ): Гистограммада қалай өзгерер еді егер асықтың оңқай және солақай түсу саны 7-ге тең болса?

6. (бағалау сұрағы): Гистограммадан ең үлкен және ең кіші салыстырмалы жиіліктерді анықтаңыз.

Жұмыс аяқталған соң мұғалім оқушылардан сұрақтардың жауаптарын анықтайды, ауызша кері байланыс береді.

1-2 слайд

3 слайд

Сабақтың ортасы

8 минут

7 минут

10 минут

Сыныппен жұмыс.

1.Таңдама асықтарды лақтырғанда түсуіне байланысты берілген. Асықтың түскендегі атауы:

  • Берілген таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсетіңіз.
  • Таңдаманың көлемі неге тең?
  • Асықтың тәйке түскендегі абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеңіз.

Жеке жұмыс.

2. Гистограмманы полигон түрінде көрсетіңіз.

Тексеру жұмысы.

3. Суретте кейбір жануарлардың өмір сүру ұзақтығы берілген.

.

а) Қандай екі жануар жуық шамамен бірдей ұзақ өмір сүреді?

ә) Маймыл иттен жуық шамамен неше есе артық өмір сүреді?

б) Диаграмманың берілгендеріне қарап, қай жануардың салмағы үлкен, сол жануардың өмірі ұзақ деп айтуға бола ма?

4. Арман мектеп мұғалімдерінің жастарын 10 жыл аралығында топтарға бөліп, кестенің бір торкөзін толтырмай кетті. Мектепте 49 мұғалім болса, кестені толықтырып, берілгендері бойынша жиілік алқабын сызыңыз.

Жастары

Мұғалімдер саны

20-29

8

30-39

40-49

14

50-59

7

Тапсырмаларды орындаған соң, оқушылар бір-біріне және мұғалім ауызша кері байланыс береді.

http://e-history.kz/kz/publications/view/2561

4 слайд

5 слайд

6-7 слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма:

Өздеріңіздің апталық сабақ кестесін ашып, пәндердің жиілік кестесін құрыңыз. Кестедегі берілгендері бойынша Excel бағдарламасында гистограмма, дөңгелек және графиктік диаграммаларды салыңыздар.

Рефлексия. Келесі сөйлемдерді аяқтаңыз:

  • Бүгін мен … қайталадым
  • Маған … орындауға қызықты болды
  • Қиын болды …
  • Мен ... тапсырмаларды ... орындадым

8 слайд

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциацияның төмендегі түрлерін қолдану:

1. Стартер «Блум түймедағы»

3. Жұптық жұмыс

3. Өзіндік жұмыс

  • Мадақтау
  • Өзін-өзі бағалау
  • Бағалау дескрипторы

1. Қарым-қатынас мәдениетін нығайту.

2. Жағымды эмоционалдық, психологиялық ахуал орнату.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

3. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу