Статистика элементтері. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Статистика элементтері. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Оқу мақсаттары:

7.3.3.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу;

7.3.3.3 статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету;

7.3.3.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету

7.3.3.5 кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;

7.3.3.6 таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету;

7.3.3.7 кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

- нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептей алады;

- статистикалық деректерді жинай алады және оны кесте түрінде көрсетеді;

- таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсетеді;

- кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;

- таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсетеді;

- кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Жұптық жұмыс. Стартер «Блум түймедағы». (Теориялық материалды қайталау.)
  • Сыныппен жұмыс.
  • Жеке жұмыс.
  • Тексеру жұмысы.
  • Үй тапсырмасы. Рефлексия.

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақытын үнемдеуге болады.

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

Бұл сабақ белсенді оқыту әдісі негізінде құрылған, өйткені кез келген жаңа ұғым берілер алдында оқушыларға қандай да бір сұрақтар/тапсырмалар беріледі. Содан кейін оқушылардың жауаптары негізінде мұғалім олардың жауаптарын толықтырып, жаңа ұғымның анықтамасын оқушылармен бірге қорытады/жетелейді. Сабақ бойы немесе аяғында оқушылардың осы тақырып бойынша негізгі қателеріне назар аударып, оларды үнемі басты назарға алыңыз.

Саралауға арналған тапсырмалар

Стартер «Блум түймедағы». (Теориялық материалды қайталау.)

Диаграммада асықты 30 рет лақтырғанда асықтың әр түрлі түсу жиілігі көрсетілген. Асықтың омпы түсуі (асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы) болған жоқ, сондықтан оны суретте горизонталь сызықшамен белгілейміз.

Диаграмманың көмегімен келесі сұрақтарға жауап беріңіз. (Оқушылар гүлдің жапырағын алып, сұрақтарға жауап береді):

1. (жай сұрақ): Берілген таңдаманың көлемі неге тең?

2. (анықтаушы сұрақ): Асықтың омпы түсуін неліктен горизонталь сызықшамен белгілейміз?

3. (тәжірибелік сұрақ): Асықты 30 рет лақтырғанда асықтың тәйке түсуі болмаса, оны гистограммада қалай белгілейсіз?

4. (түсіндіруші сұрақ): Неліктен гистограммада шоңқай және тәйке түсу бағандарының биіктіктері бірдей?

5. (шығармашылық сұрақ): Гистограммада қалай өзгерер еді егер асықтың оңқай және солақай түсу саны 7-ге тең болса?

6. (бағалау сұрағы): Гистограммадан ең үлкен және ең кіші салыстырмалы жиіліктерді анықтаңыз.

Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

 Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.

 

Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

 

http://e-history.kz/kz/publications/view/2561



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды
» Лионель Месси сегізінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды
» Адам ағзасымен алып сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Пікір жазу