Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4B бөлім: Алгебралық бөлшектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.16

алгебралық бөлшектерді танып білу;

7.2.1.17

алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу;

7.2.1.18 алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану: ;

Сабақ

 мақсаттары

Барлық оқушылар үйренеді:Алгебралық бөлшектердің ММЖ ұғымы және оны табу

Кейбір оқушылар үйренеді: Жоғары денгейлі тапсырмаларды шеше алады тапсырмаларды орындайды және талдайды.

Бағалау

 критерийлері

  • Алгебралық бөлшектің анықтамасын біледі;
  • Алгебралық бөлшектің мүмкін мәндер облысы ұғымын біледі;
  • Алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер облысын табады;
  • Алгебралық бөлшектердің айнымалылардың берілген мәндеріндегі өрнектің мәнін табады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

- айнымалы;

- бөлшек

- алымы;

- бөлімі;

- мүмкін мәндер жиыны;

- мүмкін болмайтын мәндер жиыны

Құндылықтарды

  дарыту

Бөлшектер туралы тарихи мәліметтер алады.

Жұппен, топпен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық

 байланыстар

Тарих (Бөлшектер туралы тарихи мәліметтер алады)

АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану дағдысын дамыту

Бастапқы білім

Алгебралық бөлшектің негізгі қасиеті, алгебралық бөлшекті қысқарту

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

3.Үй жұмысын тексеру

Презентация

Сабақтың ортасы

3 мин

7 мин

3мин

7 мин

7 мин

10 мин

4. Brain gym

Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?

Дұрыс жауабы: 5 есе

Өткен тақырыпты қайталау.

Алгебралық бөлшек деп қандай өрнекті атайды?

Төмендегі өрнектерді түрлеріне байланысты екі топқа жіктеңіздер.

Бөлшектер

б

б

ү

ө

т

л

і

ш

н

е

к

Жауабы : Бүтін рационал және бөлшек рационал

Оқушылар өрнектерді екі топқа (бүтін рационал және бөлшек рационал) бөледі. Содан соң әр топ өз таңдауларын түсіндіреді. Осылайша оқушыларды рационал өрнектің, бүтін және бөлшек рационал өрнектің анықтамаларын қайталайды.

Мысалы: – бұл бөлшектер. Бірақ – бүтін өрнек, ал – бөлшекті өрнек.

Айнымалының мүмкін мәндері деп нені атайды?

Мүмкін мәндер жиыны (ММЖ) деп белгілі өрнек үшін айнымалының мүмкін мәндерінің жиынын айтады.

Қайталауға арналған есептер.(ауызша орындалады)

Мысал 1

алгебралық бөлшегінің құрамындағы айнымалының мүмкін мәндер жиынын көрсетіңіз:

ММЖ: (бөлімі 0 –ге тең болмауы керек)

Ж

Мысал 2

айнымалының қандай мәнінде бөлшектің мағынасы болмайтынын көрсетіңіз:

МБМЖ:

Жауабы: болғанда бөлшектің мағынасы болмайды .

Тарихи мәлімет.

Бөлшек , арифметикада —бірліктің (бір бүтіннің) бір не бірнеше тең үлестерінен құралған сан. Ол (немесе m/n) белгісімен өрнектеледі, мұндағы m — Бөлшектің алымы, ол бірліктен алынған үлес санын көрсетеді, ал n — Бөлшектің бөлімі, ол бірліктің тең бөлікке бөлінгендігін көрсетеді. Бір санды екінші санға бөлгеннен шығатын сан бөлінді деп аталады. Алымы бөлімінен кіші Бөлшек дұрыс Бөлшек деп, ал алымы бөліміне тең не одан үлкен Бөлшек бұрыс Бөлшек деп аталады. Бөлімі 10 санының бүтін дәрежесі болатын Бөлшек ондық бөлшек деп аталады. Ондық бөлшек бөлімсіз жазылады. Оның бөлімінде қанша нөл болса, алымының оң жағынан сонша цифр (орын) үтір арқылы ажыратылады. Мысалы, (ал тізбекті Бөлшек жайлы үзіліссіз бөлшек мақаласын қ.). Бөлшек туралы алғашқы түсінік ежелгі Вавилонның ескілікті жазуларында кездеседі. Вавилондағысексагезимал Бөлшекдеп аталатын, яғни бөлімі 60-тың дәрежесі болатын Бөлшектің ежелгі арифметикада ерекше маңызы болған. Бірлікті 60 және 3600 = 602 үлеске бөлу әдісі қазіргі кезге дейін сақталған. Мысалы, сағат не градус 60 мин-қа (), ал әрбір минут 60 с-қа бөлінеді. Бөлшекке амалдар қолдану әдісі Мысырдағы Ахмес папирусында (б.з.б. 2000 — 1700 ж.) кездеседі. Онда Бөлшекті тек түрінде ғана болады деп есептеп, кез келген Б-ті өзара тең Б-тердің қосындысы түрінде жазуды ұсынған. Мысалы, . Бөлшектің осы заманғы белгіленуі ежелгі үнділерде пайда болған. “Бөлшектермині Еуропаға 1202 жылы арабтардан Леонардо Пизанскийдің еңбегі арқылы енген.

  • Жұппен жұмыс

Бөлшекке кіретін айнымалылардың мүмкін мәндерінің жиынын табыңыздар.

Жауаптары:

Оқушылар жұптарымен дәптерлерін ауыстырып, өзара бір-бірін интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар арқылы тексереді.

  • Жұппен жұмыс

Айнымалының қандай мәнінде алгебралық бөлшектің мағынасы болмайтынын көрсетіңіз:

x=2 болғанда бөлшектің мағынасы болмайды .

x=-3 және x=3 болғанда бөлшектің мағынасы болмайды

x=-4 және x=4 болғанда бөлшектің мағынасы болмайды

Оқушылар жұптарымен дәптерлерін ауыстырып, өзара бір-бірін интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар арқылы тексереді.

  • Жеке жұмыс

1) бөлшегі үшін -ның қандай мәндері мүмкін болмайды ? Ал бөлшегі үшін? мәнінде осы бөлшектің мәндері тең бе?

Тепе-тең бөлшек деп есептеуге болатынын анықтаңыз:

2) Алгебралық бөлшектің мүмкін мәндер жиынын табыңыз:

Презентация

Презентация

Қосымша

Қосымша

Сабақтың соңы

3 мин

Үй жұмысы.

Алгебралық бөлшектердің айнымалының берілген мәніндегі шешімін табыңыздар.

2)

Сабақты қорытындылау

Рефлексия

«Артықшылығы»

«Кемшілігі»

«Қызық болғаны»

Қосымша

Қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұпта жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындалған.

Өзін-өзі бағалау және бір-бірін бағалау түрлері қолданылады. Қалай қолданылаы? Сабақ жомспарында жазсаңыз. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс және жеке жұмыс жасайды.

Бұл жұмыс түрі осы сабақта жоқ

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу