Ит-адамның досы. Б.Соқпақбаев «Көшер кезде». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жопар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, №76 мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупова С.Х.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ит-адамның досы

Б.Соқпақбаев «Көшер кезде»

Оқу мақсаты

4.2.4.1-аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

Сабақ мақсаты

Барлықоқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі, шығарманы дауыстап түсініп оқиды

Көптеген оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды;

Кейбір оқушылар:, шығармаларды ерекшелігіне қарай ажыратады және салыстыра алады, өз ойын дәлелдейді.

Бағалау критерийі

  • шығармаларды ерекшелігіне қарай ажырата алады;
  • шығарманы түсініп оқиды

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: середей, басына күн туған.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың арасында ынтымақтастық, жанашырлық, бір-біріне деген қамқорлық қатынастары туындайды.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/angyz-anggimeler-sheshendik-sozder

Бастапқы білім

Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

«МИКС» жаттығуы

Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады.

Реніш, жақсы көру, күшігім, қуаныш, итім мақтаныш, сағыныш, өз-өзіне сенімділік, досым.

1-ші топ – өлең шығару,

2-ші топ – эссе жазу,

3-ші топ – суреттеу және сипаттау,

4-ші топ – фантастикалық әңгіме,

Б: Топтар жанрлық ерекшелігіне тоқталады және бір-біріне «Ашық микрофон» әдісі арқылы кері байланыс береді.

Сабақтың тақырыбын және мақсатын айту. Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Слайд №1-4

Сабақтың ортасы

20 минут

(Ө; Ж;Т)Бердібек Соқпақбаевтың «Көшер кезде» әңгімесін әр оқушы жеке оқып шығады.

«Кардиограмма» әдісі

Тақтада 4 сезім ілулі тұрады.

Қуаныш, реніш, қорқыныш, шаттық

Мәтінді оқығанда оқушы қандай көңіл күйде болды, сол кездегі жүрегінің қағысын сызыққа салады.

Б: жұпта бір-бірінің сезімін табуға тырысады.

Сұрақ: Неліктен ондай сезім болды?

(Т) «Әдеби үйірме» әдісі

Берілген мәтінді жеке оқу, жұпта талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін сынып оқушылары топтарға бөлінеді. Әр топ 5-6 оқушы.

1-оқушы Сілтеме табушылар.

(Мәтіннің қызықты жерлерін табады)

2-оқушы Сұрақ қоюшылар.

(Мәтіннің желісі бойынша топты ойландыратын сұрақ қояды)

3-оқушы Баяндаушы.

( Мәтін бойынша, топта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды.)

4-оқушы Ізденуші.

( Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтайды)

5-оқушы Реттеуші.

( Ой талқысына қатысады, кезекпен сөйлейді, тәртіпті, бәрінің қатысуын қадағалайды.)

Әр топ өз жұмысын таныстырады.

Дескриптор:

-шығарма мазмұнын түсінеді;

-шығарма бойынша бағалау сұрақтарын қояды;

-өз ойын дәлмен жеткізеді.

Б: Топтар бірін- бірі бағалайды.

Слайд №5-6

Оқулық,сызылған парақ қағаз, түсті қалам, А4қағазға жазылған сөздер.

2 минут

Аңыз әңгімелер және шешендік сөздер ерекшеліктері туралы білімленд сайтынан қысқаша ақпарат алады

«Венн диаграммасы» арқылы шығарма жанрын салыстырады.

Дескриптор:

-шығарманың жанрлық ерекшелігін анқтайды;

- жанрларды салыстырады.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/angyz-anggimeler-sheshendik-sozder

6 минут

«РАФТ» әдісі 

Оқушылар мәтіндегі бір кейіпкерді таңдайды. Өзін сол кейіпкердің орнына қойып хат жазады.

«Автор орындығы» әдісі арқылы жұмысты оқушылар оқиды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

Дескриптор:

-шығарма мазмұнын еске түсіреді;

-кейіпкер таңдайды;

-кейіпкердің атынан хат жазады;

-қатесін тексеріп, түзетеді.

Слайд №7

Дәптер, қалам.

Сабақтың соңы 2минут

«Бес саусақ» әдісі

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Слайд №8

Қағаз, фломастер, әр түрлі қаламдар .

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар шығарманы оқуға қосымша уақыт беруге болады.

3-тапсырмада

Шығарманың жанрлық еркешелігін анықтауда кейбір оқушыларға салыстыру жолы бірге талұыланады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

4-тапсырмада

Кейбір оқушыларге кейіпкерге хат жазуда қолдау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Бағалау

Топтардың бірін – бірі бағалауы, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • шығарманы түсініп оқиды.
  • шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды және салыстырады;
  • кейіпкерге хат жазады;
  • қатесін тауып түзетеді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу