Қамқорлық. Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық». 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: астана қаласы, №54мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Г. А. Оразбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қамқорлық. Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»

Оқу мақсаты

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка(күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру;

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:.мәтін мазмұынын түсінеді, сұрақтар қояды және жауап береді;

Көптеген оқушылар: Көркем шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды;

Кейбір оқушылар: қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап береді, өз ойын көркем –бейнелі сөздерді қолдану арқылы жеткізеді.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
  • шығармалардың ұқсастығын анықтайды;
  • шығармалардың айырмашылығын сипаттайды.
  • сөйлеу барысында көркем – бейнелі сөздерді қолданады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Безбүйрек, бейқаи, жанталасып, ентелеп, жүні үрпиіп, үрейі қашқан, топшысынан, шыр айналдырып, жорғалап.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жантас сияқты досыма айтарым бар, себебі ...

Құстарға қамқорлық жасау парызымыз, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыстар

Құстар сипаттамасына қарап атын тани алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Торғай туралы оқыған мәтіндерін жаза алуы қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерселсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар 2-сыныпта жанды табиғат бөлімінде бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар құстар туралы біледі. Құстардың пайдасы мен оларға жасалатын қамқорлық жайында мәлімет берілген. Бар білімді белсенді ету оқушылар суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды құстардың атауын «1, 2, 3, 4, 5» санақ жүргізу арқылы 5 топқа бірігеді.

1-топ: «Үкі»

2-топ: «Тоқылдақ»

3-топ: «Бүркіт»

4-топ: «Сауысқан»

5-топ: «Жапалақ»

«Жарнама жасау» әдісі арқылы сәйкес келген құстары жайлы әр топ сипаттама береді .Біздің құстарға қандай көмегіміз бар? (оқушы үнін тыңдау)

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

сөздер, интербелсенді тақт

Сабақтың ортасы

5-8

9-13

14-30

31-36

1-тапсырма

(МК, Ұ) «Кір жайғыш» әдісі арқылы жұмбақтарды шешеді. Жұмбақтар конвертке жасырылады, кір жайғыштан алады.

  • Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды. (үкі)

  • Өзі баспай, басқаға

Жұмыртқадан бастыратын,

Қайталап өз атын,

Қулығын асыратын. (көкек)

  • Аққу емес, мойны ұзын,

Тырна да емес, сирақты,

Аулайды балық күнұзын,

Түсіреді еске жирафты (көкқұтан)

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

(МК, Ұ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Бердібек Соқпақбаев туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)

1.Ол кім?

2.Қайда туған

3.Қандай қызмет атқарған?

4.Қандай шығармаларын білесің?

Автор туралы: Бердібек Соқпақбаев – балалар жазушысы. Алматы облысы Райымбек ауданында туған. Балаларға арналған «Менің атым-Қожа»деген қызықты шығармасы бар.

2-тапсырма

(МК, Т) «Бағытталған оқу» әдісімен мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Алғашқы екі азат жолын мұғалім оқып береді. Оқиғаның соңын болжайды. Оқушылар оқулықтан мәтінді түсініп оқып шығады. «Сұраққа жетіп ал» әдісімен оқылған мәтін бойынша суретке қарап, тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап беру барысында мүмкіндігінше көркем – бейнелі сөздерді қолданып жауап береді.

Тапсырмалар:

  •  Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
  •  Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта.
  •  Сенде торғайды аяушылық сезімі пайда болды ма? Неліктен?
  •  Жантастың әрекеті дұрыс па? «Менің ойымша, ...», «Менің айтайын дегенім, ...», «Өз пікірімді айтар болсам, ...» деген сөз тіркестерін қолдану арқылы өз пікіріңді білдір.
  •  Мәтін қалай аталып тұрғанына мән бер. Бұл сөз қай кейіпкерге қатысты? Дәлелде.
  •  Ж. Аймауытовтың «Қараторғай» мәтінімен салыстыр

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
  • шығармалардың ұқсастығын анықтайды;
  • шығармалардың айырмашылығын сипаттайды.
  • сөйлеу барысында көркем – бейнелі сөздерді қолданады.

3-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Әңгіме» әдісіне сүйеніп кестені толтырады.

Мәтін

Авторлары

Кейіпкерлері

Негізгі ойы

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

Кесте сызылған плакат, конверт, жіп, қыстырғыш

Слайд №4

Автор суреті, ағаш суреті салынған плакат. маркер.

Слайд №5

Оқулықтың 20-23-бб, плакат, маркер., жұмыс дәптер, суреттер слайд №6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №7, оқулық

Сабақтың соңы

37-40

Кері байланыс бутерброды

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

Слайд №8

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Кір жайғыш», «Әңгіме», «Бағытталған оқу» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Сұраққа жетіп ал» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Смайлик» әдісі

Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
  • шығармалардың ұқсастығын анықтайды;
  • шығармалардың айырмашылығын сипаттайды.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\

елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу