Суасты тіршілігіне қамқорлық. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Нұр - Сұлтан қаласы

№76 мектеп-лицей

Бастауыш сынып мұғалім: Саирова Бейбиткул Бияхметовна

Сынып: 4 Ғ

Әдебиеттік оқу 71 сабақ

Тақырыбы

Суасты тіршілігіне қамқорлық

Сабақ түрі

Саяхат сабағы

Бөлім

Қоршаған ортаны қорғау

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мәтіннің негізгі ойын анықтай алады. Кейіпкердің іс әрекетін бағалай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Қажетті ақпараттарды тауып, талдау жасап оқи алады.

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өз ойын дәлелдей алады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар:

Мәтіндегі негізгі ойды таба алады , оны деректермен дәлелдейді .

7 модульдің қолданылуы:

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 Тілдік мақсаттар:

 Оқушылар:

Суасты тіршілігін , балықтарды сипаттайды.

Пәндік лексика және терминология: суасты, тіршілік, балықтар, қамқорлық.

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері:

Қызыл кітап не үшін қажет?

Қыс мезгілінде балықтарға қалай қамқорлық жасай аламыз?

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Миға шабуыл, «Ойлан, тап», Сторителлинг, көңіл-күй

Қолданылатын ресурстар:

маркер, белгілер , слайд, суреттер, көңіл-күйлер термометрі;

Бағалау критерийі:

Мәтіннің негізгі ойын деректер келтіре отырып дәлелдейді; Кейіпкердің іс әрекетін бағалайды;

Құндылықтар:

Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным танытуға баулу; Қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Бастапқы білім :

Қоршаған орта туралы, оған нелер жататындығы туралы біледі;

АКТ:

Ноутбук, теледидар, Bilimlend, интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыстар :

Дүниетану, жаратылыстану

Сабақ

кезеңдері

Жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру

-Қайырлы күн! қымбатты оқушылар!Алдымен біраз жұмбақтар шешейік.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

1.Жұмбақ шешу

Суда өседі, өнеді, Күміспен апталған,

Судан шықса, өледі. / Балық / Теңгемен қапталған. /Сазан/

Қомағайлық жасайды, Өзі алып кемедей,

Шабақтарды асайды. /Шортан / Дауылдардан ықпайды.

Су шашып, телегей

Мұхиттан шықпайды. /кит/

2.Проблемалық сұрақ.

Мұғалім: Тамаша! Шешкен жұмбақтарымыз не жайында болды? Неліктен?

-Бүгінгі сабағымыз балықтар туралы болады деп ойлаймын.

Мұғалім: Ал, балықтар қайда тіршілік етеді?

- Суда

Мұғалім: Дұрыс айтасыздар! Ендеше оқулығымызды ашып, тақырыпты оқиық.

- Суасты тіршілігіне қамқорлық.

3.Пікір алмасу

Мұғалім: « Суасты тіршілігі» дегенде көз алдыңызға не елестейді?

-Мұхиттағы жануарлар

-Көлдегі, өзендегі балықтар

4.Сөздік жұмыс. /ауызша

Мұғалім: «Қамқорлық» қалай түсінесіз?

- Көмек көрсету

- Қайырымдылық жасау

- Жақсылық жасау

Мұғалім: Иә.Өте дұрыс айтасыздар. Сонымен, түйінін жасайық.Бүгінгі сабағымызда нені білетін боламыз?

- Балықтарға қамқорлық жасау

- Суда тіршілік ететін жануарларға көмек көрсету.

Мұғалім: Ал, сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?

- Мәтіннің негізгі ойын деректер келтіре отырып дәлелдеймін.

5. Көңіл-күйді бағалау

Мұғалім: Балалар, ендеше бүгін суасты тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға дайынбыз ба?

- Көңіл-күйіміз қалай?

- Ендеше қазіргі көңіл-күйімізді көңіл-күйлер термометріне белгілейміз.

Мұғалім: Тамаша!

6.Сергіту Жоғары болсын бағамыз

                                     Білімнен бақыт табамыз

                                     Тіршілікті танып білуге

                                     Суастын шарлап барамыз.

Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Сабақтың ортасы

27 минут

ІІІ.Мағынаны тану

7. Bilimlend / 00.00-03.49 /

- Мұғалім: Балалар, мына бейнефильмге мұқият қарайық. Келесі тапсырмаға жауап іздеуге, табуға қажет болады.

8.Топтық жұмыс. Пікіріңді айт

- Суасты жануарларының тіршілігіне қандай қауіп-қатер төнуі мүмкін?

- Суда тіршілік ететін жануарларға адамның қамқорлығы қажет пе ?

*Әр топтан 2 оқушы шығып, өз жауаптарын қорғайды.

Дескриптор:

- Суасты жануарларының тіршілігіне төнетін 2 қауіп-қатер тауып, жазады;

- Оларға адамның жасайтын 2 қамқорлығын жазады;

ҚБ: «Бас бармақ»

9. Сторителлинг «Қызыл кітап»

Мұғалім: Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды.

10. Түсініп оқы. Балықтарға көмек .

Мұғалім:

* Мәтінді тізбектеп мәнерлеп оқып шығамыз.

* Түсініксіз сөздер кездессе астын қарындашпен сызамыз.

Мұғалім: Қандай түсініксіз сөздер кездесті?

- Жылым

Мұғалім: Бейнефильмде қандай сөз кездескен еді?

- Үкі

11. Сөздік жұмыс / Дәптерге жазады/

Жылым – өзен немесе көлдің қыстыгүні қатпайтын жері

Үкі – балықтар тыныс алуы үшін мұзды ойып жасалған ойық Bilimlend / 04.41-04.44 /

Дескриптор:

- Кітаптан тауып, оқиды, жазады

- ҚБ: «Бас бармақ»

12.Болжа

Мұғалім: Мақсат әкесіне қандай сұрақтар қойды?

  • Біз мұзды неге ойдық?
  • Мына балықтарды аулаймыз ба?

Мұғалім: Мақсаттың әкесі оған қалай жауап береді деп ойлайсың? Өздеріңді Мақсаттың әкесімін деп ойлап, жауап беріп көрейік.

  • Балықтарға тамақ беру үшін
  • Балықтар ауа жұту үшін

Мұғалім: Әйгерімнің пікірімен келісеміз бе? Неге? -деп болжамдарын дәлелдетіп, қорытындылайды.

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

13. Түсініп оқуды жалғастырамыз.

* Мәтінді тізбектеп мәнерлеп оқып шығу.

ІV.Ой толғаныс

14.Ізден, зертте

* Мәтіннің негізгі ойын білдірген сөйлемдерді тауып , оқы.

- Қыстыгүні көлдер мен өзендерде мұз қатқанда су астында оттегі азайып кетеді. Балықтар әлсіреп, ауаның жоқтығынан әрі қоректің аздығынан қырылып қалады. Табиғатқа жаны ашитын адам осы мезгілде балықтарға көмектесуі керек.

- Балықтардың халі қандай аянышты! Бұрын білсе ғой, ендігі талай үкі жасап, жем шашып тұрар еді.

Дескриптор:

-Сөйлемдерді тауып, оқиды

ҚБ: «Бас бармақ»

15.Жұптық жұмыс . Кестені толтыр. /Дәптерге жазады/

Сұрақ

Жауап

Мақсат су астындағы балықтардың тіршілігі туралы не ұқты?

  • Балықтарға қамқорлық жасау;
  • Қыста, мұз қатқанда үкі ою;
  • Тамақ беру, жем шашу;

Дескриптор:

-Болжайды

-Сұрақтарға жауап береді

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

16. Біліміңді қолдан

Мұғалім: Бұл жануарлардың қайсысы туралы қызықты ақпарат айта аласың?

Дескриптор

  • Сұраққа жауап береді

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

17. Bilimlend . Дүниетану.Сүрқоректілер. / 01.32-03.20 /

18. Сергіту /Бір оқушы ортаға шығып, бір суасты жануарын сипаттайды, оқушылар оны табады/

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

19.Сторителлинг «Қосымша ақпарат»

Дельфинсүтқоректілер класының киттәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір тұқымдасы. [1]

Дельфиндер тропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде таралған. Көбіне топ құрып тіршілік етеді. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір – он метр. Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатына елу километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы дельфиндер оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады. Етті еріндері жақсы жетілген. Тістері көп. Терісінде түктері болмайды, терісі өте серпімді келеді. Тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Дельфиннің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттеріндегі ерекше ақуызды зат – миоглобиннің көп болуы денесіндегі газ алмасуға қолайлы жағдай жасап, су астында ұзақ уақыт тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миы үлкен, алдыңғы ми сыңарларының сырты көптеген сайшалар мен иірімдерге бөлінген. Дельфиндерде әр түрлі дыбыс толқындарын шығаратын және қабылдайтын өте күрделі есту жүйесі (эхолокация) жақсы дамыған. Олар өздерінен өте нәзік ультрадыбыс толқындарын шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдай алады. Сол арқылы қорегін ұстайды, өз үйірін табады, судағы әр түрлі кедергілерді алдын ала сезеді. Дельфиндер екі жылда бір-ақ рет ұрпақ бередіҚолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды. Дельфин туралы жазылған аңыздар, деректер (адамды судан құтқарған, кемелермен қатар жүзіп серуендеген, т.б.) көп. Мұның бәрі дельфин мен адам арасындағы жақын қарым-қатынасты аңғартады.

Пингвиндер ұша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар.

Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирактары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы бөлімдері бір-бірімен толық қосылып кеткен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Қауырсындарының түктері—пәрлері жіңішке болады. Пингвиндердің бауырында (1—2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады. Антарктикалық материктің жағалауларында тіршілік етеді. Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып, жайлап қозғалады. Қауіп төнсе, жер бауырлап жылжып, аяғымен және қанатының жәрдемімен жартасқа, мұзға тырмысып шыға алады. Ұяларын жерге салады, түбіне шөп төсейді. Көпшілігінде бір, кейде екі жұмыртқа туады. Жұмыртқаларын екеуі де басады. Олар балықтармен, шаян тәрізділермен, кейде басаяқты моллюскалармен қоректенеді.

Теңіз тасбақалары (лат. Cheloniidae) - тасбақалар (лат. Testudines) отрядына жататын тұқымдас. Тропикалық және субтропикалық теңіздерде 4 туыстың 6 түрі таралған. Барлық 6 түрлері ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.[1] Сауытының ұзындығы 80 с-ден 1,4 м дейін, салмағы 600 кг. Сауыты сүйір, аласа, мүйізді қалқаншалармен қапталған. Басы кішкентай, мойыны сауытына толығымен кірмейді. Алдыңғы аяқтары артқыларынан ұзын, ескек тәрізді, жүзуге бейімделген, 1-2 тұяғы бар. Жылдам жүзеді, тереңге сүңгиді. Қорек және көбеюге жарамды жер іздеп жүздеген шақырым жерге жүзіп барады. Олар тек жұмыртқа салу үшін ғана құрлыққа шығады, (200- ге дейін домалақ, сырты терімен қапталған жұмыртқалар). Қоректері ұлулар, балықтар, теңіз балдырлары.

Акула (лат. Selachioidei; көне норвегше haccal — балық) — тақтажелбезектілер класы тармағына жататын балық. Казіргі таңда акуланың 450-ден астам түрі бар: олар 6 отрядқа, 20 тұқымдасқа бөлінеді. Акула барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған.

Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы жетілген және судың майда дірілін бүйір сызығы арқылы сезе алады. Олардың көпшілігі ірі жануарларды аулайды. Ең ірілері кит акуласы (15 метрге дейін) мен алып акула (20 м-ге дейін) планктонмен қоректенетіндер тобына жатады. Акула іштей ұрықтанады, көпшілігі ірі мүйіз қабығы бар жұмыртқа салады, кейбіреуі ұрпағын тірі туады. Акуланың 50-дей түрі қатерлі жыртқыш болып саналады. Акуланың көпшілігі тропикалық сулардан ауланады, бауырынан май алынады, етінен тағам, қаңқасынан желім жасалынады, терісін де пайдаланылады.

Морж (лат. Odobenus rosmarus) – сайдақ тістілер тұқымдасына жататын ескекаяқты сүтқоректі.

Еуразия мен Солтүстік Американың поляр жақ жиегінде және Мұзды мұхиттың Архипелагіндегі Франц-Иосиф аралығында тараған. Олар ескекақтылар тобына кіреді. Морждардың денесінің ұзындығы 3—4 м, салмағы 1 тоннаға дейін жетүі мүмкін. Артқы аяқтарының ескектері, құлақты тюленьдердікі сияқты, алдына карай иіледі де құрлыққа жүруіне қатысады. Құлағының сыртқы қалқаны болмайды. Терісінің түгі жоқ деуге де болады. Жоғарғы жағының шошақ тістері үлкен, сойдиып аузынан шығып тұрады. Осы тістерінің көмегімен олар мұздың үстіне шығады және судың түбіндегі омыртқасыздарды қазып алып, қоректенеді. Судың жиегіне, мұздың үстіне шығып, бірнешеуі бірігіп топ құрайды. Бұл жануарлардың түрі жойылу қаупі бар себебінен "Қызыл Кітапқа" енген.

https://imektep.kz/kz/balyktar

Әртүрлі балаларға арналған энциклопедиялар: «Ол кім? Бұл не?», «Сұрақ», «Оқушыларға арналған анықтамалықтар» т.б.

Слайд 7

Слайд 8

Түсіндірме сөздік

https://imektep.kz/kz/balyktar Слайд 9

Слайд 10

суреттер

Слайд 11

https://imektep.kz/kz/sutkorektiler

Мұғалім өз таңдауы бойынша пайдаланады.

Барлық материал уикипедиядан алынды.

Сабақтың соңы

5 минут

20. Шығармашылық жұмыс №2 жұмыс дәптерінің 23 бетіндегі тапсырма

Мұғалім: Адамға белгісіз бір теңіз жәндігінің суретін сал. Оған ат қой.

Оның бейнесін, тіршілігін сипаттап ( не? қандай? қайда? қалай?) жаз.

Өзіңді бағала!

Дескриптор:

- Адамға белгісіз бір теңіз жәндігінің суретін салады.

- Оған ат қояды.

- Оның бейнесін, тіршілігін сипаттап ( не? қандай? қайда? қалай?) жазады.

Өзін бағалайды.

21. Қорытындыла

Жануарлар тіршілігінің қиындықтарын шешу не үшін керек?

- Жануарларды қорғау үшін

- Жануарларды азайып кетуден сақтау үшін

- Жануарлар жойылып кетпеу үшін

- Жануарлардың бар болғаны адамға қажет.

Рефлексия

  • Минут

22.«Тест» Bilimlend

Дескриптор

  • Керекті сөзді қажет орынға қояды.

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

*Тақтада қорытындылау

23.Көңіл-күйді бағалау

Мұғалім: сонымен, бүгінгі мақсатымыз орындалды ма?

-Онда, сабақ соңындағы көңіл-күйіміз қандай?

24. Үй тапсырмасы

Сұрақтар бойынша жауаптар дайындап, хабарлама жаса.

Жеңіл сұрақ

Күрделі сұрақ

Мақсат пен әкесі жылым жасау үшін қандай құралды пайдаланды?

«Оттегі» деген не?

Қандай балықтарды білесің?

Балық аулауға тыйым салынатын мерзім болуы мүмкін бе?

Қыста балықтарға көмек керектігін бұған дейін естіп, білдің бе?

Жылымды немесе үкіні не үшін жасау керек?

https://imektep.kz/kz/game#quiz-1556

Интербелсенді тақтада тексереміз

Алдарындағы көңіл-күйлер термометріне өз көңіл-күйлерін белгілейді.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Бағалау парақтарымен

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге

не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу