Жердің жүрегін тыңдайық. «Жер» ғаламшарына қамқорлық жасаймыз. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, презентация слайд.


Сабақтың тақырыбы:

Жердің жүрегін тыңдайық

«Жер» ғаламшарына қамқорлық жасаймыз

Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау

Оқу мақсаттары:

4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, таныстырылым, бейнежазба жасау;

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу;

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу.

Бағалау критерийлері:

сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданасың;

шығарманы түсініп оқисың;

сұрақтарға жауап бересің;

шығармаға жаңа сюжеттер қосасың.

Ұйымдастыру.

Даламдай кең пейілім ,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бəріңе ортақ шуағым.

Сұрақтарға жауап бер

Қалай ойлайсыңдар, жер ғаламшарында қандай экологиялық мәселелер бар?

Жерді қалай сақтауға болады?

«Жер ғаламшарына қамқорлық жасаймыз» мәтінін оқы. Сұрақтарға жауап бер. Өз ойыңды дәлелде.

– «Жер» ғаламшарының басты мәселесі туралы

мәтінде не айтылған?

– Адамға жылу көздерінің қайсысы ыңғайлы,

қолайлы деп ойлайсың?

Ғылым мен техника Жер ғаламшарының мәселесін шешумен қалай айналысады? Суретті қолдана отырып, өз ойыңды дәлелде.

Сұрақтарға жауап бер. Кестені толтыр.

-Электр қуатынсыз өмір сүруге бола ма?

-Отбасың айына қанша электр қуатын қолданады?

-Электр қуатын үнемдеу үшін не істеуге болады?

ДЕСКРИПТОР:

-сұрақтарға жауап береді;

-өз ойын айтады;

-өмірмен байланыстырып қорытынды жасайды.

Шығармашылық тапсырма

Суреттегі кейіпкерлер арасында айтыс құрастыр. Үшінші кейіпкер қос.Өз ойыңды дәптерге жаз.

Дескриптор:

- кейіпкерлердің атынан диалог құрастырады;

-кейіпкер қосады;

-қосылған кейіпкердің ойын жазады.

«Рефлексиялық шеңбер»

1. Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

2. Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

3. Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

4. Сабақта қандай қиындықтар туындады?

5. Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу