Шешеннің сөзі ортақ. Әнет баба өсиеттері. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Өнер Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы орта білім беретін мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Шешеннің сөзі ортақ Әнет баба өсиеттері | |||||
Оқу мақсаттары | 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Мәтіннен қажетті ақпаратты табады Көпшілік оқушылар: Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді Кейбір оқушылар: Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Өсиет, көпшіл, ілтипатты, мейірман | |||||
Құндылықтарды дарыту | «Құрмет», «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіріп, Отанына риясыз қызмет ететін,білімді, білікті,рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүниетану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы білімді игеру | Мәтінді түсініп оқиды, шығарманың негізгі ойын таба біледі, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-5 минут | Ширату «Сәлемдесу» ойыны Оқушыларға белгі берілгенде бір -бірімен амандасады. Көзбен,қолмен, иықпен, тіземен, арқамен амандасады. Қимылды тез жасаулары керек Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… тіземен… арқамен Топтарға бөліну Мақал-мәтелдерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді І- топ Жақсы сөз жаныңды жадыратады, Жаман сөз уайымға салындырады. ІІ -топ Тауып айтқан сөзге құн жетпейді, Біліп айтқан сөзге мін жетпейді ІІІ-топ Жақсы сөз-жарым ырыс. ІҮ-топ Жақсы сөз жараны да жазады Әр топ мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді | Қосымша 1 слайд №4 | ||||
Сабақтың ортасы 6-14минут 15-20 минут
21-28 минут 29-34 минут | 1-тапсырма (Ө,ЖЖ,Т) Мәтінмен жұмыс І- топ Мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу; Әр бөлікке атау беру; ІІ -топ Мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап беру; Кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу; ІІІ-топ Мәтіннен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсету ІҮ-топ Мәтіннің мазмұнына сәйкес дереккөздерден ақпарат табу Саралау: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады. ҚБ «Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!» марапат сөздері арқылы бағалау. 2-тапсырма (Ұ,Т) «Қағаздағы сұрақтар» әдісі Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді Үлгі: -Әнет баба қандай өсиет айтты? -Қазыбек бидің нөкерлері айтқан өсиеттің мағынасын түсінді ме? -Әнет бабаның өсиетін Қазыбек би қалай түсінді? Саралау:Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. ҚБ «Қол шапалақтау» 3-тапсырма (ЖЖ) «Жалғасын тап» әдісі Сызбаға сүйеніп шешендік сөздер туралы ойын және шешен адамға тән сипаттарды айту Шешендік сөз – тауып айтылған тапқыр сөз,даналық сөз, әсерлі сөз... Шешен-данышпан,дана,тапқыр....
Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. ҚБ « Смайликтер» 4-тапсырма (Ж,Т) «Бір сөйлеммен түйіндеу» Топтағы оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін топтар өздерінің жазған сөйлемдерін оқиды. Саралау: Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады.Өзіне сенімділігі аз оқушыға қолдау көрсетіледі.Барлық оқушылар бағаланады. ҚБ « Отшашу» | Қосымша 2 Оқулық 11-12 беттер Слайд №5 Слайд №6 Қосымша 3 Қосымша 4 дәптер | ||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия «Шеңбердегі доп» шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады. Кері байланыс Ағашқа жапырақтар ілу Жасыл-Бәрі түсінікті Сары-Түсінікті Қызыл-Түсінбегендерім бар | Доп Қосымша 5 https://www.google.kz/search?rlz Слайд №7 | ||||
Саралау 1-тапсырма Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді. 2-тапсырма Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. 3-тапсырма Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі 4-тапсырма Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады.Өзіне сенімділігі аз оқушыға қолдау көрсетіледі.Барлық оқушылар бағаланады | Бағалау -«Жарайсың! Өте жақсы» -«Қол шапалақтау» әдісі -« Смайликтер» әдісі -«Отшашу» әдісі Дескриптор - шығарманы түсініп оқиды - мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды -шешендік сөздер туралы ойын айтады -дереккөздерден ақпаратты табады | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топқа бөліну кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?