Түскі тамақ – күшті тамақ нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Сабақтың тақырыбы: Түскі тамақ – күшті тамақ

Оқу мақсаттары:

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу.

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу

Сабақ мақсаттары:

  • Өлеңнің мазмұнын түсінеді:
  • Өлеңді дауыстап, қатесіз мәнерлеп оқиды;
  • Өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді табады;

Бағалау критерийлері:

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • Өлеңдегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтады;

Мұғалімге арналған ұсыныстар.

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

Оқушыларға тағамдар атауы жазылған карточкалар үйлестіріледі. Олар тағамдар топтарына қарай топтасады. Мысалы: Жемістер тобы: алма,банан, лимон, апельсин. Сондайақ көгөністер, сусындар, ұннан жасалған тағамдар топтарына бірігеді. Әр топ өз тағам түрінің пайдасы туралы айтып кетеді. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын балаларға болжатуға болады немесе өзіңіз таныстырыңыз. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Т) Тағамдарды берілген нақыл сөздерге қарай топтастыру тапсырмасы оқушылардың нақыл сөздерді біліп, сөздік қорларын молайту мақсатында жүргізіледі. Оқушылар оқулықтағы суретте берілген суреттерді нақыл сөздерге қарай топтастырады, топ ішінде түсіндіреді. Жауабын айтар кезде бір топ бірінші нақыл сөзге келетін,2-ші топ 2-ші нақыл сөзге келетін, 3-ші топ 3-ші нақыл сөзге келетін тағамдарды атайды. 4-ші топ таныстырған топтарды толықтырып отырады. Мысалы:

Таңғы ас: нан, қаймақ, сүзбе.

Түскі ас: ет, балық, көже, кәмпит.

Кешкі ас: тоқаш, айран.

Оқушыларға https://www.youtube.com/watch?v=gkkd1w1GSeY видеосының 10 секундынан 2 мин 30 сек дейін көрсетіп талдауға болады (барлық ұзақтығы 2 мин 40 сек, қысқартқанда 2 мин 20 сек болады) :

-Адам не үшін тамақтанады?

  • Дұрыс тамақтанудың маңызы неде?
  • Сен өзің қалай тамақтанасың? Неге?

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі.

Бағалау «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүзеге асады.

2-тапсырма

(Ө,Ж) Тапсырма оқушылардың оқылым, жазылым дағдыларын дамытып, негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтауға көмектеседі. Мәтіңді үнтаспадан немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз. Кейін оқушылар өздері жеке оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөзідктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады.

-Өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған қай сөйлем деп ойлайсыңдар? Неліктен? Негізгі ойды білдіретін сөйлемді мәтіннен тауып оқы.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушыларға дауыстап оқытуға болады, қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Оқушылардың өлеңді мәнерлеп, авторы мен тақырыбын дұрыс атап оқуына назар аударыңыз.

(ҚБ) дескрипторлар:

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • Өлеңдегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтады;

3-тапсырма

(Ө,Т) Өлеңде аталған тағам түрлерін атап айт, оған қатысты 3 сөз жаз.

-Өлеңде қандай тағам түрлері берілген?

-Оларға қатысты қандай сөздер атай аласың?

А 4 парағына немесе дәптерге әр тағамға қатысты үш сөз жеке жазады, топта талқылап кестені толтырады. Ортаға бір оқушы шығып таныстырады, басқа топтар толықтырады.

сорпа

дәмді, майлы, тәбет шақырар

Қуырдақ

ет тағамы, сорпалы, пайдалы

Салат

нәрлі, жеңіл тамақ, денсаулыққа пайдалы

Палау

Қуат береді, дәмді, пайдалы

Құс еті

Жеңіл, жұмсақ, тез піседі

Балық

Құнарлы, жеңіл, дәруменге бай

Компот

Сұйық, тәтті, сусын

Айран

Сусын, ақ, қою

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кестені толтыруда кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. Қабілеті жоғары оқушыларға кестеде берілген сөздермен сөйлем құрастыртуға болады.

Бағалау «Отшашу» әдісі арқылы жүзеге асады.

4-тапсырма

«Өлеңге негізделген жазу» әдісі арқылы әр топ оқулықтағы №5 тапсырма бойынша «Ас адамның арқауы» тақырыбына мағыналы жазбаны топта талқылай отырып жазады. Мақсаты: өлең туралы әртүрлі көзқарас тұрғысынан ойландырады. Әр топқа қағаз қиындыларына жазылған жазба формасы жеребе тартқызу арқылы ұсынылады. Жазуға дайындық және жазу уақытын белгілеп, оқушыларға ескертіңіз. Оқушылардан не жазатындарынталқылауды сұраңыз. Оқушылардыңжазар алдында пікір алмасуыөте маңызды. Жазу біткеннен кейін өз жұмыстарымен бөлісуді сұраңыз.

  • Шақыру қағазы. Оқушылар өлең мазмұнына сәйкес түскі асқа шақыру қағазын жазады.
  • Хат. Топтағы оқушылар сыныптастарына тақырыпқа байланысты хат жазады.
  • Ашықхат. Оқушылар өз ата-аналарына ашықхат жазады.
  • Әңгіме. Оқушылар әңгіме жазады.

Саралау: тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Қабілеттеріне қарай мұғалім жеребе тартқызбай жазба формасын өзі де ұсынуы мүмкін.

Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы топтардың жұмысы бағаланады ІІІ. Сабақтың соңы.

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылаймыз.

Рефлексия «Торт»

Үлкен ақ параққа секторларға бөлінген шеңбер салынады. Әр шеңберде атауы жазылған:

- көңіл-күйім

- тақырыпты түсінуім

-жаңалық ашқаным

-қарым-қатынас

-өзімнің жұмыс істеуім. Оқушылар әр секторға нүкте арқылы баға береді. Нүкте ортаға жақындаған сайын позитивті бағаны білдіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу