алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Түскі тамақ – күшті тамақ. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: СалкынбаеваЖ.К. Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түскі тамақ – күшті тамақ

Оқу мақсаттары

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу.

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;

Сабақ мақсаттары

  • Өлеңнің мазмұнын түсінеді:
  • Өлеңді дауыстап, қатесіз мәнерлеп оқиды; Өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді табады;

Бағалау критерийлері

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • Өлеңдегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;

Тірек сөздер

Мәтін мазмұнымен танысу барысында оқушыларда татымды, тәбет сөздерінің мағынасы жайлы сұрақтар туындау мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

Дұрыс тамақтанудың адам өміріндігі маңызы, денсаулықтың негізі екенін біледі. Еңбектің адам өміріндегі маңызын біледі.

Пәнаралық байланыстар

Дұрыс тамақтану және оның адам өміріндегі маңызын талдаған кезде дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді таба алады, өлеңді мәнерлеп оқи алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

Ширату тапсырмасы

Оқушыларға тағамдар атауы жазылған карточкалар үйлестіріледі. Олар тағамдар топтарына қарай топтасады. Мысалы: Жемістер тобы: алма,банан, лимон, апельсин. Сондай –ақ көгөністер, сусындар, ұннан жасалған тағамдар топтарына бірігеді. Әр топ өз тағам түрінің пайдасы туралы айтып кетеді. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын балаларға болжатуға болады немесе өзіңіз таныстырыңыз. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Қосымша 1.

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

6-11 мин

12-17 мин

20-27 мин

28-36 мин

1-тапсырма

(Т) Тағамдарды берілген нақыл сөздерге қарай топтастыру. Оқушылар оқулықтағы суретте берілген суреттерді нақыл сөздерге қарай топтастырады, топ ішінде түсіндіреді. Жауабын айтар кезде бір топ бірінші нақыл сөзге келетін, 2-ші топ 2-ші нақыл сөзге келетін, 3-ші топ 3-ші нақыл сөзге келетін тағамдарды атайды. 4-ші топ таныстырған топтарды толықтырып отырады. Мысалы:

Таңғы ас: нан, қаймақ, сүзбе.

Түскі ас: ет, балық, көже, кәмпит.

Кешкі ас: тоқаш, айран.

https://www.youtube.com/watch?v=gkkd1w1GSeY

10 секундынан 2 мин 30 сек дейін балалаларға көрсетіп талдауға болады (барлық ұзақтығы 2 мин 40 сек, қысқартқанда 2 мин 20 сек болады) :

-Адам не үшін тамақтанадаы?

  • Дұрыс тамақтанудың маңызы неде?
  • Сен өзің қалай тамақтанасың? Неге?

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі.

Бағалау «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүзеге асады.

2-тапсырма

(Ө,Ж) Мәтіңді үнтаспадан немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз. Кейін оқушылар өздері жеке оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөздіктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады.

-Өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған қай сөйлем деп ойлайсыңдар? Неліктен? Негізгі ойды білдіретін сөйлемді мәтіннен тауып оқы.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушыларға дауыстап оқытуға болады, қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

(ҚБ) дескрипторлар:

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • Өлеңдегі негізгі ойдыбілдіретін сөйлемді анықтайды;

3-тапсырма

(Ө,Т) Өлеңде аталған тағам түрлерін атап айт, оған қатысты 3 сөз жаз.

-Өлеңде қандай тағам түрлері берілген?

А 4 парағына немесе дәптерге әр тағамға қатысты үш сөз жеке жазады, топта талқылап кестені толтырады. Ортаға бір оқушы шығып таныстырады, басқа топтар толықтырады.

сорпа

дәмді, майлы, тәбет шақырар

Қуырдақ

ет тағамы, сорпалы, пайдалы

Салат

нәрлі, жеңіл тамақ, денсаулыққа пайдалы

Палау

Қуат береді, дәмді, пайдалы

Құс еті

Жеңіл, жұмсақ, тез піседі

Балық

Құнарлы, жеңіл, дәруменге бай

Компот

Сұйық, тәтті, сусын

Айран

Сусын, ақ, қою

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кестені толтыруда кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. Қабілеті жоғары оқушыларға кестеде берілген сөздермен сөйлем құрастыртуға болады.

Бағалау «Отшашу» әдісі арқылы жүзеге асады.

4-тапсырма

«Өлеңге негізделген жазу» әдісі арқылы әр топ оқулықтағы №5 тапсырма бойынша «Ас адамның арқауы» тақырыбына мағыналы жазбаны топта талқылай отырып жазады. Мақсаты: өлең туралы әртүрлі көзқарас тұрғысынан ойландырады. Әр топқа қағаз қиындыларына жазылған жазба формасы жеребе тартқызу арқылы ұсынылады. Жазуға дайындық және жазу уақытын белгілеп, оқушыларға ескертіңіз. Оқушылардан не жазатындарын талқылауды сұраңыз. Оқушылардың жазар алдында пікір алмасуы өте маңызды. Жазу біткеннен кейін өз жұмыстарымен бөлісуді сұраңыз.

  • Шақыру қағазы. Оқушылар өлең мазмұнына сәйкес түскі асқа шақыру қағазын жазады.
  • Хат. Топтағы оқушылар сыныптастарына тақырыпқа байланысты хат жазады.
  • Ашықхат. Оқушылар өз ата-аналарына ашықхат жазады.
  • Әңгіме. Оқушылар әңгіме жазады.

Саралау: тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Қабілеттеріне қарай мұғалім жеребе тартқызбай жазба формасын өзі де ұсынуы мүмкін.

Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы топтардың жұмысы бағаланады.

Оқулық, 88-89 беттер

Слайд №4

слайд №5

слайд №6

Қосымша 2

Слайд №7

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия «Торт»

Үлкен ақ параққа секторларға бөлінген шеңбер салынады. Әр шеңберде атауы жазылған:

- көңіл-күйім

- тақырыпты түсінуім

-жаңалық ашқаным

-қарым-қатынас

-өзімнің жұмыс істеуім. Оқушылар әр секторға нүкте арқылы баға береді. Ортаға жақындаған сайын позитивті бағаны білдіреді.

Слайд №8

Қосымша 3

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2, 3,4 - тапсырмаларда «Тапсырма бойынша саралау» жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

«Қошеметтеу», «Отшашу», «Екі жұлдыз бір тілек» әдістері, бірін-бірі бағалау, дескриптор:

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • Өлеңдегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтады;

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы