Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Таңнан самға дейін Ә.Қайран. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Таңнан самға дейін Ә.Қайран | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап бере алады. Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын табады,, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар құрастыра алады; Кейбір оқушылар: шығарманы тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады,шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашқы сұрақтар қояды және оған өз ойын білдіре отырып жауап береді. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: шығарманың тақырыбын атай алады, сұрақтар құрастыра алады, толық жауап бере алады. Пәнге тән лексика мен терминология: таңсәрі, сәске, талтүс, бесін, ақшам, таң мен сам Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жан-жануарлардың тынышталып, жұмыстың толастаған кезі мен жұлдыздар шыға бастайтын уақытты қалай деп атайды? Таңнан самға дейінгі уақыт мезгілдері қалай аталады? | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Таңнан кешке дейінгі уақыт аралықтары мен ерекшеліктерін білуге үйрете отырып, жауапкершілікке тәрбиелеу. Бірлесе жұмыс жасата отырып, ынтымақтастықты дарыту. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тәулік мезгілдерін атауларын қайталай отырып, математика пәнімен байланыстыру | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | |||||||||||||
Бастапқы білім | Шығарма мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастыра алады, шығарманың тақырыбы мен идесяын таба алады; өз ойын дәлелдер келтіре отырып жеткізе алады.. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин. 3-6 мин | Сабақ басында: (Ұ) Ширату жаттығуы. «Броундық қозғалыс» ойыны Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. Сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б. Бастапқы білімді қайталау. (Ұ; МК) Оқушыларға «Білім қоржыны» әдісі арқылы берілген сөздер мен суреттерді топтастыра отырып, өз қоржындарына салу тапсырылады. Тәулік мезгілдерінің атауларына байланысты деректермен таныстырылады. Коммуникативтік тәсілдемеге сүйене отырып, тағам түрлері мен нақыл сөздерді топтастыру кезінде оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауларын қадағалай отырып, оқушылардың бойында ынтымақтастық құндылықтары дамытылады. Саралау. Қарқын тәсілі арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады. (ҚБ). Бастапқы білімді бекіту үшін жұлдызша арқылы бағаланады. Оқу мақсаты хабарланады Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қоя отырып, жауап беру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру. | Слайд №3 Қосымша №1 Қосымша №2 Слайд №4 Қоржындар Қима сөз, сөйлемдер | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-12 мин
13-23 мин 24-25 мин 26-34 мин | 1-тапсырма. Тыңдайық (Ұ; МК) «Таңнан самға дейін» мәтінін мұғалімнің оқығаны бойынша тыңдап, «Сұрақ жауап» әдісімен оқу мақсатына сәйкес шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қойып, жауап беру тапсырылады. Тәулікте уақыттың маңызы туралы, мағлұмат бере отырып, оның адам өмірінде маңыздылығы туралы айтылады. Тәулік мезгілдері туралы қосымша мағлұматтар беріледі. Үлгі сұрақтар:
Саралау. Саралаудың диалог және қолдау әдісін қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақ қою арқылы көмек көрсетемін (ҚБ) «Шапалақ әдісі» арқылы оқушылармен бірлесе отырып бағалау. 2-тапсырма (Т; МК) «Төрт сөйлем» тәсілі. Оқушылар топтасып шығарманың тақырыбын анықтауға, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді табуға берілген тапсырманы орындайды. Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:
Саралау: Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. ҚБ: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлемді тауып жазған жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады. Сергіту сәті. «Батискаф» ойыны (Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.) Екі топқа бөлініп бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек. Бірнеше сөздер жасырып, екі айналым орындатуға болады. 3-тапсырма (Ұ; Ө) «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы «Таңнан самға дейін» өлеңін түсініп оқып, ондағы маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындайды, сұрақтарға жауап бере отырып, ақпаратты белгілейді. Шығарманың мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынуға болады. Үлгі сұрақтар:
Саралау. Саралаудың қарқын тәсілі. Қарқыны жылдам оқушыларға «түскі ас» тақырыбына қосымша сурет салғызуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі. (ҚБ) Дескриптор арқылы бағалау. | Слайд №5 Слайд №6 Қосымша №4 Қима суреттер, желім, қағаз,қайшы Қосымша №5 Слайд №7 | ||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | 4-тапсырма (Т) Топсатырайық «Ассоциация» әдісі арқылы жоғарыда қарастырылған мәтін мазмұнына сәйкес оқушылардың анықтаған негізгі ойыларын толықтырып, бекіту үшін дереккөздерден, тақырыпқа байланысты маңызды ақпаратты тауып, ақпаратты сызба түрінде беру ұсынылады. Бір парақ бес сызыққа бөлінеді. Әр топ бір шумақтан мәтінді бірлесіп оқып, әр сызыққа үш ассоциациялық сөз топтастыру, оның ішінен 8 ассоциациялық сөз іріктеп алу керек. Екі топ өздерінен іріктелген сөздерді біріктіре отырып 4 ассоциациялық сөз таңдап алады. Соңында шығармаға байланысты нақты ассоциативті сөздер іріктеліп алыну керек. Жаттығу барысында оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу, тыңдалым-айтылым, жазылым дағдылары дамиды. Мысалы: бозарып, торғай әні, шығар күн, әтеш, үкі. Саралау: саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып әр оқушының жауабы әр түрлі болатынын болжанады. Дереккөздер тәсілі арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларға суреттер ұсынуға болады. (ҚБ) «От шашу» әдісі арқылы топтық бағалау. Рефлексия «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді. Тік көтерсе – оқиғаның ретін сақтай отырып баяндай аламын. Жанына туссе – оқиғаны ретімен баяндай аламын, сөйлемнің сызбасын құрастыра алмаймын. Төмен түссе – оқиғаны ретімен баяндай алмадым, сөйлемнің сызбасына сәйкес құрастыра алмадым. | Слайд №8 Флипчарт, маркерлер
Слайд №9 Қосымша №6 | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Бастапқы білімді қайталау. Қарқын тәсілі арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады. 1 тапсырма Саралаудың диалог және қолдау әдісін қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақ қою арқылы көмек көрсетемін 2 тапсырма. Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. 3 тапсырма Саралаудың қарқын тәсілі. Қарқыны жылдам оқушыларға «түскі ас» тақырыбына қосымша сурет салғызуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі. 4 тапсырма Саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып әр оқушының жауабы әр түрлі болатынын болжанады. Дереккөздер тәсілі арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларға суреттер ұсынуға болады. | Дескрипторлар:
Бағалау әдістері : Бастапқы білімді бекіту үшін жұлдызша арқылы бағалаймын «Шапалақ әдісі» арқылы оқушылармен бірлесе отырып бағалаймыз. «Отшашу» әдісі арқылы топтар сызбаның көмегімен әңгімелеу мен сөйлем құрастыруы арқылы бір–бірін бағалайды. «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді. | Жапсыру кезінде қауіпсіздік ережелерін айтып кетемін. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?