👈 қаріп өлшемі 👉

Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу) тауып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап және мәтінді түсініп оқу

Көптеген оқушылар: теңеу сөздерді табуда өз тұжырымдарын ұсына алады

Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, мәтіннің мазмұнын айта алады

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді түсініп оқиды
  • Мәтіннен теңеу сөздерді табу
  • Теңеу сөздерді түсіндіру

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

Еңбек пен шығармашылық. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Шығарманы оқи отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәнімен байланыстыру

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан оқушылар мәтіннің сюжеттік желісін көреді.

Бастапқы білім

Мәтінді түсініп оқи алады, өзін-өзі бақылауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ширату тапсырмасы: «Менімен бірге қайтала» жаттығуы. Мақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Билеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: біріншіден әрқайсылары қандай да бір қимылдар жасайды, ал жүргізуші қолымен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындайды. Егер де қатысушылар мұқият орындаса, әрқайсыларының қимылы шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді.

Сабақ мақсаты: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу) тауып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап және мәтінді түсініп оқу

4 слайд

Күз мезгілінің суреті

Сабақтың ортасы

7 минут

10 минут

7 минут

7 минут

Анықтайық (Т,Ұ). «Айналдыру» (Ротация) әдісі. «Теңеу» деген не? Анықта.

1. Сыныптағы оқушылар 5 топқа бірігеді, қабырғаға 5 флипчарт ілінеді.

3. Әр топ өз парағына тапсырма бойынша 3-4 минутта тақырыпты ашатын 2 (екі) сөйлем жазады.

4. Мұғалімнің белгі беруімен топтар жаңа параққа (флипчартқа) ауысады да өз топтарына қайта келгенше осы әрекет қайталанады.

5. Топтағы таңдалған тақырыптағы жұмыс: қағаздағы берілген жауаптардың барлығын талдау, артығын іріктеу, түзету, таныстырылым дайындау.

6. Дайындалған жауаптың таныстырылымы.

7.Таныстырылым бойынша топтан берілген сұрақтардың берілуі, нәтижелерін бағалау.

ҚБ: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».

Оқиық (Ө) «Белгі қой» әдісі.

1. С.Бегалиннің «Есеннің кірпісі» мәтінінен теңеу сөздерге белгі қойып оқы.

2. Белгілеп алынған теңеу сөздерге стикерлер жабыстыр.

Қ/Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.

Іздейік. Ж) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.

1.Мұғалім жұмыстың орындалуын түсіндіреді. (Жұппен жұмыс жасап, ақпараттармен бөлісу, таныс емес сөздермен жұмыс жасау).

2. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп алған «теңеу» сөздерді көршісімен бөліседі.

3.Жауаптарын мұғалім («бірін-бірі қанатымен қағып ойнағандай», «көкшіл бояуға малынып тұрғандай», «нәзік қиялын қозғайтын») нұсқасымен салыстырады.

ҚБ: «Күншуақ»

Табайық. ) «Суреттеу» стратегиясы.

1.Мәтін мазмұны бойынша оқушылар флепчартқа (плакатқа) мәтіннің негізі ойын білдіретін бөлігін салады.

2. Аяқталған жұмысты қорғап, мәтіннің неге сол бөлігін суреттегенін түсіндіреді.

ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Түрлі-түсті стикерлер

5 слайд

1-қосымша

6 слайд

2-қосымша

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия. «Үш минуттік кідіріс» әдісі

Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

Мен …………. туралы көп білдім.

Мені …… таң қалдырды.

Мен … сездім.

Мен………… басқаша қарайтын болдым.

7 слайд

Саралау

1-тапсырманы орындау «қарқын тәсілі» арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2-тапсырманы орындау барысында «диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

3-тапсырманы «Нәтиже арқылы саралау» жүргізіледі. Барлық оқушыға бірдей тапсырма берілгенімен, күтілетін нәтиже әртүрлі болады. Нәтижелері арқылы жетекші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіледі.

4-тапсырма. саралаудың тапсырма тәсілі бойынша сурет салуда көмекті қажет ететін оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қосымша көмек ұсынылады

Дескриптор

  •  Мәтінді түсініп оқиды.
  •  Мәтіндегі теңеу сөздерді таба алады.
  •  Белгілеп алынған ақпараттар бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін анықтай алады.
  •  Шығармашылқ жұмыстарын, суреттер арқылы ұсынады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді.

Сабақ бойынша рефлексия


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы