Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау. Абайдың қара сөздері (Он жетінші сөз). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мәдени мұра

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

Абайдың қара сөздері (Он жетінші сөз)

Оқу мақсаттары

4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарды, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану

4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) таба алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін біледі, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді айта алады.

Көптеген оқушылар: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) анықтай алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстыра алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді анықтап, айта алады.

Кейбір оқушылар: әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) қолданып, өз ойын айтады, шығарма жанрының айырмашылығы мен ерекшелігін салыстырып, қорытынды жасай алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар келтіре алады.

Бағалау критерийлері

  • сөйлеу барысында өлең жолдарын, нақыл сөздерді қолданады;
  • мәтіннің жанрын анықтайды;
  • мәтіннен теңеу, кейіптеу, эпитет сөздерді анықтайды;
  • сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қайрат, ақыл, жүрек, нәфсі шайтанның азғыруы, .

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Неліктен Абай атамыз қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрекке үлкен мән берді деп ойлайсың?

-Шығарманың жанрын қалай ажырата аласыңдар?

Құндылықтар

ды дарыту

Ұжыммен жұмыста өз ойларын еркін айтуға жетелеу арқылы ашықтыққа, өмір бойы білім алуға, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауға, тіл табысуға бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын жеткізуде сөйлемдердегі қосымшаларды дұрыс қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. Адамның мінез-құлқындағы ерекшеліктерді, адами қасиеттер туралы әңгімелеу барысында өзін-өзі тану пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Абайдың қара сөздері:

http://abai.kz/post/6

https://www.youtube.com/watch?v=7dKKcPQkuzc

Бастапқы білім

Шығарманың жанрлық ерекшелігін ажырата алады, шығарманың мазмұнын түсінеді, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, өз ойын жеткізуде көркем бейнелі сөздерді қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс тар

Сабақтың басы

3 мин.

Сабақ басында:

(Ұ) Ширату жаттығуы

«Eкi қoлды бір жұмыcқa жұмылдыpy» әдісі. Oқyшылap eкi қoлынa дa қaлaм aлып, бip мeзгiлдe eкi қoлмeн әpeкeттepдi aтқapaды.

1.Oң қoлымeн бec үшбұpыш, aл coл қoлымeн бec төpтбұpыш caлaды.

2.Oң қoлымeн бec үшбұpыш, aл coл қoлымeн бec жұлдыз caлaды.

Oқyшылapғa caлғaндapы мeн жaзғaндapының oлқы шыққaндығынa нaзap ayдapмayлapын ecкepтіледі. Ocы тaпcыpмa apқылы oқyшылapдың жeкe жұмыc жacay дaғдылapы дамиды. Мидың eкi бөлiгi дe қaтap жұмыc жacayын дамыта отырып, шaпшaң oйлayлapын жeтiлдipіледі.

Бастапқы білімді қайталау.

(Ұ; МК) «Қарлы кесек» әдісін қолдану арқылы мәтін мазмұнын талқылауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Мұғалім белгілі бір тапсырма берер алдында оқушылардың сұрақтарды анық түсінгеніне назар аударады. Сұрақтар өтілген тақырыптың мазмұнына байланысты болу керек.

Үлгі сұрақтар:

  • Абайдың неше қара сөзі бар?
  • Қандай қара сөздерін білесіңдер?
  • Шығарманың жанрын қалай ажырата аласыңдар?

Оқу мақсатын хабарлау:

Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ажырата отырып, мәтіннен әдеби көркемдегіш құралдарды табу. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

ақ парақтар, қаламдар

Қосымша №1

Слайд №-1-4

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Ұ; Ж) Оқылымның «Бірлескен оқылым» әдісін қолданып, Абайдың он жетінші қара сөзін түсініп оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Мәтін мазмұнына байланысты талдау жасау үшін бір партадағы жұптарға сұрақтар ұсынылады.

Үлгі сұрақтар:

  • Қара сөзде қандай адами қасиеттер сипатталған?
  • Неліктен қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрекке үлкен мән берілген деп ойлайсың?
  • Абайдың бұл қара сөзінен қандай қорытынды шығарар едің?

Саралау: Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға мәтіннің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі.

Б. «Бағдаршам» әдісі. Оқушылар мәтінді түсінгендігін көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекілік ретінде пайдаланады. Оқушыларда қызыл, жасыл, сары түсті карточкаларды өз парталарына қояды және жоғары көтере отырып (қызыл түсті-түсінбедім, жасыл-түсіндім, сары түсті-толық түсінбедім) топ бірін-бірі бағалайды.

2-тапсырма

(Ұ; МК; Т) Оқушыларға мәтінді ұжыммен талқылауға шамалы уақыт беріледі. «Салыстыру картасына» әр топқа мұғалімнің көмегімен шығармада кездесетін әдеби көркемдегіш құралдарды тауып белгілеу тапсырылады.

«Салыстыру картасы» үлгісі.

Ұғымдар

Қара сөзден мысалдар жазу

теңеу

эпитет

Саралау. Қарқын тәсілі арқылы қабілетті оқушыларға осыған дейінгі білімдері бойынша өздері толтыруға уақыт беріледі. Қосымша уақытты қажет ететін оқушылармен бірлесе отырып көркемдегіш сөздер талқыланады.

ҚБ. Дескрипторлар арқылы бағалау.

- мәтіннен теңеу сөздерді табады;

- мәтіннен эпитет сөздерді табады;

- қара сөзден мысалдар тауып кестеге жазады.

3-тапсырма

(МҚ; Т)

«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы оқылған шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтау тапсырылады. Қара сөздің жанрын анықтау үшін сұрақтар дайындайды, оқушылар көршілері естімейтіндей етіп топта сұрақты талқылап, өз ойларымен бөліседі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы барлық оқушы сабаққа қатысады. Мұғалім топтағы оқушы санына байланысты сандарды таратып (мысалы 1-4 сандар), талқылаудын соң біреуін таңдайды. Осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді.

Сұрақтар үлгісі:

  • Шығарма қандай жанрға жатады деп ойлайсың?
  • Қара сөздің жазылу стилі қандай?
  • Шығарманың негізгі ойы қандай?

Прозалық шығармалар туралы ұғым қалыптастыру, прозалық шығармаларға мысалдар келтіру.

Саралау. Диaлoг жәнe қoлдay көpceтy тәciлi apқылы өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау кeзiндe көмeктi қaжeт eтeтiн oқyшылapғa ынталандыру үшін сөзбен қoлдay көpceтіледі.

Б. Оқушылардың шығарманың жанрлық ерекшеліктрін анықтай алуы «Смайл» әдісі арқылы бағаланады.

4-тапсырма

(МК, Т) «Венн диаграммасы» әдісі арқылы қарастырылған қара сөз бен мақал-мәтелдердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау ұсынылады.

Әр топқа қара сөздердің бөліктері мен мақал-мәтелдер таратылады. Оқушыларға өздеріне түскен өлең шумағына сәйкес мақал-мәтелдерді таңдап, ерекшеліктерін параққа жазып, түсіндіріп айту тапсырылады.

Мақал-мәтелдер:

  • Адамның жүзі ақылдың айнасы.
  • Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
  • Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.
  • Қатты жерге қақ тұрар,

Қайратты ерге бақ тұрар.

  • Қайрат деген қыран бар

Өлімге күш бермейтін.

  • Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
  • Сұлулық – жүрек кілті.

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға қосымша бағыттаушы сұрақ қою арқылы қолдау көрсетіледі.

Б. «От шашу». Әр топ бірін-бірі тыңдай отырып бағаларын береді. Жарайсыңдар! Керемет! Мадақтау сөздерімен ауызша мадақтайды.

Қосымша №2

Слайд №5

Қосымша №3

Слайд №6

Қоысмша №4

Слайд №8

Қосымша №5

Слайд №9

Сабақтың соңы

5-тапсырма

(МК, Ө) Қара сөзді түсініп оқып, адамдық қаситтердің ерекшеліктері туралы әңгімелеу ұсынылады. Сөйлеу барысында алдыңғы тапсырмада қарастырған мақал-мәтелдерді қолдану тапсырылады.

  • Неліктен «Адамның жүзі ақылдың айнасы» деп айтады?
  • Қара сөздегі адамдық қасиеттерге қатысты тағы қандай ой қосар едің?

Capaлay тәciлi: Қapқын тәciлi apқылы нeгiзгi тaпcыpмaлapды түciндipyдe көмeк қaжeт eтeтiн oқyшылapғa тaпcыpмaны opындayғa бipшaмa yaқыт бepіледі. Қapқыны жылдaм oқyшылapғa жыл мезгілдерін сипаттайтын көркем-сөздердің тізбегін мәтіннен тayып жазуды ұсынуға болады.

(ҚБ) Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy мaқcaтындa «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы ынтaлaндыpылады.

Рефлексия

(Ұ) «Портрет» әдісі.

Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут ішіне әуен тыңдай жүріп бүгінгі үйренгендерін қортындылай келе тақырыпқа байланысты қалаған портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті мұғалімге табыстайды. Сабақ барысында қандай тақырыпты талдағандарын айтып, сабаққа рефлексия жасайды.

Үйге тапсырма: Абайдың басқа қара сөздерін оқу ұсынылады.

А4парағы. маркерлер

Қосымша №6

Слайд №10

Қосымша №7

Слайд №11

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырма. Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға мәтіннің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі.

2-тапсырма. Қарқын тәсілі арқылы қабілетті оқушыларға осыған дейінгі білімдері бойынша өздері толтыруға уақыт беріледі. Қосымша уақытты қажет ететін оқушылармен бірлесе отырып көркемдегіш сөздер талқыланады.

3-тапсырма. Диaлoг жәнe қoлдay көpceтy тәciлi apқылы шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтау кeзiндe көмeктi қaжeт eтeтiн oқyшылapғa ынталандыру үшін сөзбен қoлдay көpceтeмiн.

4-тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға қосымша бағыттаушы сұрақ қою арқылы қолдау көрсетіледі.

Дескрипторлар:

- мәтіннен теңеу сөздерді табады;

- мәтіннен эпитет сөздерді табады;

- қара сөзден мысалдар тауып кестеге жазады.

Бағалау әдістері

«Бағдаршам» әдісі. Оқушылар мәтінді түсінгендігін көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекілік ретінде пайдаланады. Оқушыларда қызыл, жасыл, сары түсті карточкаларды өз парталарына қояды және жоғары көтере отырып (қызыл түсті-түсінбедім, жасыл-түсіндім, сары түсті-толық түсінбедім) топ бірін-бірі бағалайды.

Оқушыларды оқу мақсатына байланысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіріп, өлеңдегі негізгі ойды анықтағаны үшін смайликтер таратылады.

Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy мaқcaтындa «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы ынтaлaндыpу.

Оқушылардың шығарманың жанрлық ерекшеліктрін анықтай алуы «Смайл» әдісі арқылы бағаланады.

Сынып бөлмесіндегі парталар оқушылардың ыңғайына қарай дұрыс орнастырылды

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу