алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау. «Қасым, Қасым, Қасымдар» Сәкен Иманасов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова У.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

«Қасым, Қасым, Қасымдар» Сәкен Иманасов

Оқу мақсаттары

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет,кейіптеу) табу;

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...),өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен өлеңнен көркемдегіш сөздерді табады.

Көптеген оқушылар: әдеби көркемдегіш сөздерді анықтайды, өлең құрастырады.

Кейбір оқушылар: әдеби көркемдегіш сөздерді қолданып өз ойын айтады және дәлелдейді, қорытыныды жасайды.

Бағалау критерийлері

  • өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • өлеңнен көркемдегіш сөздерді табады;
  • төрт жолды өлең құрастырады.

Тірек сөздер

Пәнге тән лексика мен терминология: асқақтаған, төрден орын бермеген, ағын судай

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Өлеңде кімдер туралы айтылған?
  • Өлеңге қандай тақырып қоюға болады?

Құндылықтарды дарыту

Өз елін сүюге, Отанын қорғау, адамгершілікті, ашықтықты, еңбексүйгіштікті насихаттау. Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады, өмір бойы білім алу, ашықтық құндылығы - сабақ барысында еркін қарым-қатынас жасайды.

Пәнаралық байланыстар

Сөздер мен сөз тіркестерін жазуда қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

мәтінді түсініп оқиды, көркемдегіш құралдарды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату. «Үш пікір» әдісі. Сұраққа жауап бер. «Батыр деп кімді айтамыз?». Осы сұрақ төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы сандықшаға тастап отырады. Барлық оқушылар өз пікірлерін айтып болған соң мұғалім бүгінгі оқылатын мәтіннің қандай болатынын болжап айтуларын сұрайды.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Бағалау критерийін бірлесе құрасытру немесе таныстыру

Слайд № 3

Слайд № 1,2

Сабақтың ортасы

04-12 мин

13-20 мин

21-29 мин

30-38 мин

1-тапсырма

(Ө). «Стоп кадр» әдісі. «Қасым, Қасым, Қасымдар» өлеңін түсініп оқы.

1. Оқушылар мәтінді оқып отырған кезде мұғалім бір оқушыға «стоп кадр» деген белгі немесе сигнал беріледі, сол оқушы оқып отырған жерінен тоқтап, сол бөлігі бойынша түсінгенін айтады.

2. Өлеңді оқу осылай кезекпен жалғасады.

3.Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі (асқақтаған, төрден орын бермеген, ағын судай)

4. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін қайта шолу тапсырылады

5. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

  • Өлеңде кімдер туралы айтылған?
  • Өлеңге қандай тақырып қоюға болады?

3.Шығарма қандай жанрға жатады деп ойлайсың? Екі дәлел келтір.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

2 - тапсырма

(Ж;Т) Оқушыларға тірек сөздерді пайдалана отырып, Қасымдардың кім болғанын және қандай болғанын анықтау тасырылады.

2. Топтарға (сел ағызып, өртке енген, өрт еді ғой, туы, аш бөрідей, жортыпты) тірек сөздерді беріледі.

3. Берілген сөздерді өлең мазмұны бойынша топтастыру сұралады.

4. Өз еріктері бойынша өлеңнің мазмұнын айтқызып және неге олай топтастырғандары бойынша түсіндірулерін сұраңыз.

5. Оқушылардың жауаптарын бағалаңыз.

Қажетінше тапсырма сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Хан Қасым

2. Ақын Қасым Аманжолов

3. Партизан Қасым Қайсенов

Саралау. Қабілеті төмен оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріңіз.

(Б) Жауаптар тыңдалып, жетістіктерін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

3-тапсырма

(Т;Ө) «Сөз бен мағына» әдісі арқылы өлеңнен көркемдегіш сөздерді тауып, кестеге жазу ұсынылады.

Мысалдар

Теңеу

Эпитет

Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

Б. Жұптардың жауаптары тыңдалып, жетістіктері «От шашу» әдісі арқылы бағаланады.

4- тапсырма

(Ө) 1. Өлең мазмұны бойынша «Сен Қасым аталарың жайлы білдің? Өзіңнің таңдауың бойынша Қасым аталарыңның ерлігі жайында өлең жазу тапсырмасы беріледі.

2. Алдымен олар ойларын бөлісіп, алдында орындалған тапсырмалар бойынша дайындалады.. Кейбір оқушыларға өлең ұйқастары беріледі. Оқушылардың ықтимал жауаптары:

Сіздер жайлы оқыдым,

Көңіліме тоқыдым.

Қасым деген атыңды,

Мақтаныш қып отырмын.

3. Өлеңді әр оқушының жеке жазады

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар жазғандарына талдау жасап, өздерін бағалау ұсынылады.

Қосымша № 1

Слайд № 4

Қосымша № 4

Слайд № 5

Қосымша № 2

Слайд № 6,7

Қосымша 3

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлекция: «Таңдау»

  • Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
  • Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
  • Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
  • Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
  • Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.

Слайд № 8

Қосымша 4

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау». Қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2-тапсырма. қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, түсінгендеріне көз жеткізу

3-тапсырма. «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

4 тапсырма – тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

  • өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • әдеби көркемдегіш құралдары табады;
  • төрт жолды өлең құрастырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023
» 2023 жылға арналған қасиетті күндер кестесі жарияланды 07.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы