Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау. Несіпбек Айтұлы «Ерлерді ел ұмытпас». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән:Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Несіпбек Айтұлы «Ерлерді ел ұмытпас»

Оқу мақсаттары

3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын айта алады, мұғалімнен көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады;

Көптеген оқушылар: көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды, шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды табады;

Кейбір оқушылар: шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын өздігіген анықтайды, әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын анықтайды;
  • мәтіндегі көркем-бейнелі сөздерді анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Шағарма кейіпкері туралы өз ойын әдеби көркемдегіш құралдарды қолданып айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: құт қону, жұт болу, шарлау,

зарлау.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • «Ерлерді ел ұмытпас» дегенді қалай түсінесің?
  • Ержүрек тағы қандай батырларды білесің?

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұмыс барысында ынтымақтастыққа, сөйлеу барысында өз ойларын ашық, толық, еркін жеткізулерін қадағалай отырып ашықтыққа тәрбиелеу, батырларды құрметтеуге насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Батырларды сипаттауда сын есім сөздерге талдау жасау арқылы қазақ тілімен байланыс жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан мәтін мазмұнына байланысты батырлар туралы презентация ұсынылады.

Бастапқы білім

Көркем бейнелі сөздерді таба алады, шығарманы түсініп оқиды, шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі, өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс тар

Сабақтың басы

1-2 минут

3-5 минут

(Ұ) Ширату тапсырмасы.

«Eкi қoлды бір жұмыcқa жұмылдыpy» әдісі. Oқyшылap eкi қoлынa дa қaлaм aлып, бip мeзгiлдe eкi қoлмeн әpeкeттepдi aтқapaды.

1.Oң қoлымeн бec үшбұpыш, aл coл қoлымeн бec төpтбұpыш caлaды.

2.Oң қoлымeн бec үшбұpыш, aл coл қoлымeн бec жұлдыз caлaды.

Oқyшылapғa caлғaндapы мeн жaзғaндapының oлқы шыққaндығынa нaзap ayдapмayлapын ecкepтіледі. Ocы тaпcыpмa apқылы oқyшылapдың жeкe жұмыc жacay дaғдылapы дамиды. Мидың eкi бөлiгi дe қaтap жұмыc жacayын дамыта отырып, шaпшaң oйлayлapын жeтiлдipіледі.

Бастапқы білімді қайталау

(Ұ) «Ұшақ» әдісі арқылы бастапқы білімді қайталау

Мұғалім ұшырған ұшақ алдына қонған оқушы өткен сабақтағы мәтіндегі ақынның сөздерін пайдаланып кейіпкерді сипаттайды. Сипаттау кезінде көркем-бейнелі сөздерді қолданады.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ақынның сөзін пайдаланып, өзін сипаттауда көмек қажет ететін оқушыға сұрақ қою арқылы қолдау көрсетемін (сенің көзің қандай? Құлақ не үшін керек деп ойлайсың?)

(Б) өзін-өзі сипаттай алған оқушылар сабаққа уәждерін арттыру үшін мадақтау сөздері арқылы бағаланады.

(Т) Топқа бөлу. Оқушылар батырлардың аттарына байланысты үш топқа бөлінеді.

1 топ – Қабанбай

2 топ – Бөгенбай

3 топ – Райымбек

4 топ – Жәнібек

Оқушылар мұғалім ұсынған тәулік бөліктерінің суреттерін таңдау арқылы топтасып отырады.

Оқу мақсаты хабарланады. Оқушыларға бағалау критерийлерін таныстыру

Қосымша №1

Слайд №1-3

Қосымша №2

Слайд №4

Батырлар аттары арқылы топқа бөлу.

Сабақтың ортасы

6-10 минут

11-16 минут

17-23 минут

24-30 минут

1-тапсырма

(МК, Т) Суреттер топтамасына сүйеніп, бүгінгі сабақтағы сурет бойынша шығарманың кейіпкерлері туралы әңгімелеу ұсынылады.

«Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы шығарманың кейіпкерлері туралы тұжырымдамалық постер жасау тапсырылады. Соңында әр топтың жұмысы бағаланады.

Тақырып бойынша сұрақтар қойылады:

  • «Ерлерді ел ұмытпас» дегенді қалай түсінесің?
  • Тағы қандай ержүрек батырларды білесің?

Тұжырымдамалық карта үлгісі: (топтарға суреттер беріледі).

Саралау: қорытынды тәсілі арқылы саралау. Тапсырма барлық оқушыға бірдей беріледі. Топта қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасауды үйренеді.

(Б)«Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың кейіпкер туралы тұжырымдамалық карта толтыруы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

2-тапсырма

(МК, Ұ) «Еркін талқылау» әдісі

Несіпбек Айтұлының «Ерлерді ел ұмытпас» өлеңін мәнерлеп оқу ұсынылады. Шығармадағы сөздерді теріп жазып мағынасын түсіндіру тапсырылады. Тапсырма барлық оқушыға беріледі. Сөздер неліктен басқа түспен белгіленгеніне назар аударылады. Теңеу сөздерге түсініктеме беріледі.

Кесте үлгісі:

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркесі

Мағына

құт

жұт

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Кестеге түсіріп, сөйлем құрастыру кезінде ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіліп отырады.

(Б) «От шашу» әдісі арқылы мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтау бағаланады.

3-тапсырма

; Т; МК). Несіпбек Айтұлының «Ерлерді ел ұмытпас» шығармасын «Борт журналы» әдісі арқылы әңгімені қайта оқып көркемдегіш құралдарды табу ұсынылады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.

«Борт журналының үлгісі:

шығармада ғы сөздер

түсіндір месі

графикалық сызбасы, суреті

тентіреген

ақылгөй

Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да мүмкіндіктері мен деңгейлеріне қарай нәтижелері әртүрлі күтіледі.

(ҚБ) «Желкенді кеме» әдісі арқылы бағалау.

Желкенді үш түске бояу қажет.

1. Егер тапсырмада бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түс.

2.Тапсырманы орындауда қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түс.

3. Егер тапсырма қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түс.

4-тапсырма

(Ұ, МК) «Допты лақтыру» әдісі

Мұғалім доп лақтырып оқылған шығарманың мазмұны бойынша оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау үшін сұрақтар қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. Сұрақтар:

1. Өлеңде қандай батырлар туралы айтылған?

2. Елімізді батырлар неден қорғады?

3. Жалпақ елдің көсемі болған батыр кім?

Саралау: Қорытынды саралау әдісі арқылы барлық оқушылар бір бір сұраққа жауап берсе де, олардан әртүрлі нәтижелері күтіледі.

(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі арқылытбағалау.

Жасыл түс – барлығын түсіндім;

Сары немесе қызыл түс – Нені түсінбедім?

Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру, пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

Слайд №5

Қосымша №3

Қосымша №3

Слайд №5

Слайд №6

Қосымша №4

Кестені толтыру

Слайд №7

Қосымша №5

Доп

Слайд №8

Қосымша №6

Сабақтың соңы

31-37 минут

38-40 минут

5-тапсырма

(МК, Ұ, Ө) «Салыстырмалы карта» әдісімен «Ерлерді ел ұмытпас» шығармасындағы әдеби көркемдегіш құралдарды іздеп табу ұсынылады. Оқушылармен бірлесіп «Салыстырмалы картаға» орналастыратын әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды. Мәтінде кездесетін көркемдегіш құралдарды алдын ала кестеге тізіп жазып алынады. Әр оқушыға салыстырмалы карта таратылады. Оқушыларға «Салыстыру картасына» мәтін мазмұнында кезігетін әдеби көркемдегіш құралдарын тауып белгілеу ұсынылады. Кестедегі үлгіге сүйенуге болады:

әсірелеу

теңеу

эпитет

кейіптеу

Саралау. Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтауға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

(ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау.

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • мәтіндегі көркем сөздерді (теңеу, кейіптеу)анықтайды;
  • өлең мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді.

Рефлексия:

«Блоб ағашы» әдісі арқылы оқушылар өздеріне кері байланыс жасау тапсырылады.

Оқушылар сабаққа Блоб ағашының бұтағына стикерлер жабыстырып, бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсінгені туралы пікірлерін білдіреді. Оқушылар өздерін бағалау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді.

Слайд№9

Кесте

Қосымша №7

Қосымша №8

Слайд№10

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бастапқы білімді қайталау

Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ақынның сөзін пайдаланып, өзін сипаттауда көмек қажет ететін оқушыға сұрақ қою арқылы қолдау көрсетемін (сенің көзің қандай? Құлақ не үшін керек деп ойлайсың?)

1-тапсырма қорытынды тәсілі арқылы саралау. Тапсырма барлық оқушыға бірдей беріледі. Топта қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасауды үйренеді.

2-тапсырма Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Кестеге түсіріп, сөйлем құрастыру кезінде ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіліп отырады.

3-тапсырма: Қорытынды тәсілі арқылы барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да мүмкіндіктері мен деңгейлеріне қарай нәтижелері әртүрлі күтіледі.

4-тапсырма: Қорытынды саралау әдісі арқылы барлық оқушылар бір бір сұраққа жауап берсе де, олардан әртүрлі нәтижелері күтіледі.

5-тапсырма: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтауға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

Дескрипторлар:

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • мәтіндегі көркем сөздерді (теңеу, кейіптеу)анықтайды;
  • өлең мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді.

Бағалау әдістері:

«Басбармақ» әдісі,

«От шашу» әдісі,

«Желкенді кеме» әдісі,

«Бағдаршам» әдісі.

Сыныптағы оқушы үстелдері топпен жұмыс жасауға ыңғайланып қойылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу