Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

[quote] Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.12 үшбұрыш орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;
8.1.1.13 трапеция орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану
Сабақтың мақсаты: Оқушылар үшбұрыштың және трапецияның орта сызығының қасиеттерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады.

Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Үй жұмысын тексеру
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын алмастырып, дұрыс жауап арқылы үй тапсырмаларын тексереді.
Жаңа материалды меңгеру
Зерттеу жұмысы
Оқушылар жұпта орындайды
1-жұмыс
Оқушылар тапсырмаларды тор көз қағазға орындайды (өлшемі 1×1)
1) Кез келген АВС үшбұрышын салыңдар. АВ, АС,ВС қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.
2) АВ және ВС қабырғаларының ортасын табыңдар (сәйкесінше М және N деп белгілеңдер)
3) МN кесіндісінің ұзындығын табыңдар
4) АС және ВС қабырғаларының ортасын табыңдар (сәйкесінше K және N деп белгілеңдер)
5) KN кесіндісінің ұзындығын табыңдар
6) MK кесіндісінің ұзындығын табыңдар
7) Қорытынды жасаңдар
Оқушылардың қорытындылары тыңдалады. Анықтама беріледі.
Үшбұрыштың қабырғаларының орталарын қосатын кесінді үшбұрыштың орта сызығы деп аталады. Үшбұрыштың орта сызығы бір қабырғасына параллель және сол қабырғаның жартысына тең болады. Үшбұрышта үш орта сызық жүргізуге болады.
Үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманың дәлелдеуі слайдта көрсетіледі.
2-жұмыс
Трапецияның бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады. Трапецияның орта сызығы табанына параллель және табандарының қосындысының жартысына тең болады.
Бос орындарды толтырыңдар:
Дәлелдеуі:
∆ВNC=∆DNK екі үшбұрышты қарастырайық
А) ………..бұрыштың қасиеті бойынша


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...