Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиеттерін дәлелдеу және қолдану;
8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиеттерін дәлелдеу және қолдану;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• үшбұрыштың орта сызығының анықтамасы мен қасиеттерін біледі;
• трапецияның орта сызығының анықтамасы мен қасиеттерін біледі;
• есептерді шығаруда үшбұрыштың орта сызығының қасиеттерін қолдана алады.
• есептерді шығаруда трапецияның орта сызығының қасиеттерін қолдана алады.

Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта қолайлы психологиялық климат орнату Стратегия «Уақыт капсуласы». Мұғалім сыныптағы әрбір оқушыға қысқаша тілектер жазып бір бірден киндер торларға салады. Оқушылар әрбір тілекті алып барлық сыныпқа дауыстап оқиды.
1.Қойылған мақсатқа қол жеткізу.
2.Сәттілік.
3.Барлық жақсылықты.
4. Жақсы көңіл күй
5.Барлық істерде көшбасшы болу.
6.Білімнің шыңына шығу.
7.Әрқашан жеңімпаз болу.
8.Әрқашан алда болу.
1. Білімді белсендендіру мақсатында оқу материалын қайталау. Оқушылар трапецияның белгісіз элементтерін айқындайды.
Бағалау критерийлері:
- Трапецияның бұрыштарын дұрыс табады
-Теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін дұрыс қолдана алады
- Параллель түзулердің қасиеттерін біледі және дұрыс қолдана алады.
Мұғалім орындалған тапсырманың жауаптарының дұрыстығын текрсеріп, кері байланыс жасайды.
2. Жаңа материалды меңгеру
Жұптарда практикалық жұмысты орындау.
Практикалық жұмыс №1
Оқушылар тапсырманы торлы қағазда орындайды. (тор өлшемі 1×1)
1) АВС үшбұрышын сызыңыз. АВ, АС, ВС қабырғаларының ұзындығын табыңыз.
2) АВ және ВС қабырғаларының ортасын тауып, оны М және N нүктелерімен белгілеңіз.
3) МN кесіндісінің ұзындығын табыңыз. (орта сызығын)
4) АС және ВС қабырғаларының орталарын табыңыз. K және N нүктелерімен белгілеңіз.
5) KN кесіндісінің ұзындығын табыңыз (орта сызығын).
6) МK кесіндісінің ұзындығын табыңыз (орта сызығын).
Қорытынды жасаңыз:

Оқушылар дербес қорытынды жасайды:
Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесіндіні, үшбұрыштың орта сызығы деп атайды.
3.Мақсат қою. Оқушылармен бірігіп сабақтың мақсаты анықталады:
үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын білу;
үшбұрыштың орта сызықтарының санын табу;
трапецияның, үшбұрыштың орта сызықтарының қасиеттерін білу;
үшбұрыштың орта сызығының қасиеттерін дәлелдеу........

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...