Халық тығыздығы жоғары және төмен аймақтар (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Халық тығыздығы жоғары және төмен аймақтар (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам
Сабақ тақырыбы: Халық тығыздығы жоғары және төмен аймақтар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.7.3 дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төменгі аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төменгі аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіреді;

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топ «5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушыларға әртүрлі ұлттардың суреттері көрсетіліп, суреттегі ұлттарды анықтау ұсынылады. Одан әрі оқушылар осы ұлттардың қандай нәсілге жататынын және қандай материктерде және елдерде тұратынын анықтайды.
Дескрипторлар
Оқушы
-Сурет бойынша ұлттарды дұрыс анықтайды;
-Ұлттардың қандай нәсілге жатататынын дұрыс анықтайды;
-Ұлттардың қандай материктерде, елдерде тұратынын дұрыс анықтайды.
Оқушылар жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.
2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға Монако мемлекетінің халық тығыздығын есептеп шығаруды ұсынады. Шыққан нәтижеге оқушылар баға береді және себептерін түсіндіріп көреді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс береді.
3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
• Дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төменгі аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіреді;
4. Мұғалім түсіндірме жұмысын жүргізеді.
Мұғалім оқушыларға халық тығыздығына әсер ететін факторларды айтады.
Халық тығыздығына әсер факторлар:
-табиғи-климаттық жағдайлар;
-теңіз, мұхиттардың жақындығы;
-жер бедері;
-территорияның игерілу деңгейі;
-халықтардың салт-дәстүрлері;
-көлік жолдарына, тораптарына жақындығы;
-саяси жағдай;
-экологиялық жағдайы;
-әлеуметтік-экономикалық факторлар.
5. Оқушылар топтарда жоғарыда аталған факторларды талдайды. Дүниежүзінің халық тығыздығы картасын пайдаланады. Мысалдар келтіреді.
«Идеялар кілемшесі» әдісі бойынша.
1 топ: Қалай табиғи-климаттық жағдайлар халық тығыздығына әсер етеді?
2 топ: Қалай жер бедері халық тығыздығына әсер етеді?
3 топ: Қалай әлеуметтік-экономикалық жағдайлар халық тығыздығына әсер етеді?
4 топ: Қалай территорияның игерілу деңгейі халық тығыздығына әсер етеді?
Дескрипторлар
Оқушы
-Табиғи-климаттық, жер бедері, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, территорияның игірілуі халық тығыздығына қалай әсер ететінін түсіндіреді;
-Карта бойынша мысалдар келтіреді.
Мұғалім формативті бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді.
6. Бейнеролик қарау.
«Халық тығыздығы ең жоғары елдер».

«Халық тығыздығы ең төмен елдер».

Оқушылар халық тығыздығы жоғары және төмен елдерді дәптерлеріне жазып алулары қажет.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
-Неге Монако мен Бангладеште халық тығыздығы өте жоғары?
-Неге Аустралия мен Монғолияды халық тығыздығы өте төмен?
7. Кестемен жұмыс. Оқушылар жоғары және төмен елдерді карта бойынша анықтап, кестені толтырады, себептерін түсіндіреді. Қабілеті төмен оқушыларға тірек сөздер мен дайын елдер тізімі ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек тапсырма беріледі.
Дескрипторлар
Оқушы
-Халық тығыздығы жоғары елдерді анықтайды және себептерін түсіндіреді;
-Халық тығыздығы төмен елдерді анықтайды және себептерін түсіндіреді;
-Территориясы біркелкі қоныстанбаған елдерді анықтап, себептерін түсіндіреді.
Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді.
8. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар «Қарлы кесек» ойынын ойнайды. Оқушылар орындарынан тұрып бір-біріне қарлы кесекті лақтырып, жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 510



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі