Даржарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

 Даржарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көптүрлілігі
Сабақтың тақырыбы: Даржарнақты, қосжарнақты өсімдіктер 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату
Сабақтың мақсаты: Даражарнақты өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін анықтау;
Қосжарнақты өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін анықтау;
Дара және қосжарнақты өсімдіктерді сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарай ажырату.

Ой толғау: Оқушыларға бидай мен күнбағыс тұқымдары беріліп, оларды аршып салыстыру тапсырылады. Оқушылардың нені байқағандарын сұрап, талқылау жүргізіледі.
Тұқымдардағы тұқымжарнақтың санына тоқталу кезінде сабақтың тақырыбы анықталады.
Сабақтың мақсаттары анықталады. Ол үшін осындай тұқымдары бар өсімдіктерді қалай ажыратуға болатыны талқыланады. Оқушылармен бағалау критерийлері талданады.

Оқушыларға жұмыс парағы бойынша зертханалық жұмысты орындау тапсырмасы ұсынылады.
Ол үшін оқушыларға екі класс өкілдерінің суреттері, тірі үлгілері беріледі.

Жұмыс барысы:
1. Кеппешөптерді қарап , өсімдіктің атауын, оның мүшелеріндегі (жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры) ерекшеліктерді тауып, зерттеу жүргізеді.
2. Микроскоп көмегімен қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктер сабағының көлденең кесіндісінің дайын микропрепараттарын қарау, олардағы өткізгіш шоқтардың орналасуына мән беру және камбийдің болуын анықтау.
3.Алынған нәтижені сызбаға толтыру.

Мұғалім биологиялық сурет салу ережелеріне назар аудартады. (жапырақ тақтасы мен жүйкеленуі, тамыр жүйесі)
Сурет қарындашпен салынады
Сурет атаулары қаламмен жазылады
Сурет ұқыпты болу керек, сызықтар біртұтас, бояу немесе көлеңке жасап бояуға болмайды.....



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...