Судағы бейнелер (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

 Судағы бейнелер (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Судағы бейнелер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау;
3.2.2.1 Күрделі тәсілдер мен техникаларды пайдалана отырып құралдармен және материалдарды (табиғи және жасанды) қолдану және эксперимент жүргізу.
Сабақ мақсаттары: • Табиғаттағы су ресурстарының қасиеттерімен танысу;
• Су бейнесін әртүрлі материалдарды қолдана отырып салу;

Су ресурстары (теңіз толқыны, өзен ағысы, су тамшылары және т.б.) бейнеленген материалдарды көрсетіңіз (бейне ролик, презентация және т.б.).
• Балалар, қалай ойласындар, сабақ барысында біз бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Әнгімелесу. Сұрақтар:
Оқушыларға судың шуын тыңдауды ұсыныңыз (теңіздің толқуын, тамшының түсуін, өзендегі судың сылдыры, жаңбырдың шуы)
• Сіздер қандай дыбыстарды естідіңіздер?
• Сабақтың тақырыбын анықтай аласыздар ма?
• Судың шуы неге әр түрлі дыбыс шығарады?

Оқушылардың жауаптарын талқыланыздар, қажет болса қосымша сұрақтар қойыныздар.

Шығармашылық жұмыстарды талдау
Оқушыларға кәсіби суретшілердің түрлі ауа-райындағы су бетінің бейнелері жазылған туындылары мен реалистік фотосуреттерді көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз:
• Су қалай бейнеленген?
• Қандай мәнерлеу элементтері қолданылған?
• Көңіл-күй қалай берілген?

Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар түстер мен реңктерге назар аудара отырып, су бетінің түрлі қалыпын бейнелеу үшін әртүрлі көркемөнер материалдары мен техникалармен эксперимент жасайды:
• су бетінің тыныштық қалыпын бейнелеу үшін акварельмен ылғалды жазу техникасын ұсынуға болады;
• су бетінің шымырлануын бейнелеу үшін оқушылар араласа техника қолдануына болады: акварель, гуашь, ақ балауыз боры (қағаз бетіне ақ балауыз бормен доға тәрізді сызықтар салып, үстінен түрлі-түсті бояумен балауыз бордың ізі қалатындай етіп бояп шығу);
• су бетінің дауыл кезіндегі қалыпын, көбік пен су тамшыларын бейнелеу үшін гуашь пен қалың щетина қылқаламын қолдану ұсынылады.
Оқушыларға техника қауіпсіздігі ережелерін ұстануды ескерту қажет.

Топтың эксперименті аяқтаған соң оқушылар зерттеу нәтижелерін салыстырып, сұрақтарды талқылайды:
• сіз су бетін қалай бейнеледіңіз?
• сіз қандай визуалды элементтер қолдандыңыз?
• сіз жұмысыңызда қандай көркемөнер материалдарын қолдандыңыз?
• сіздің жұмысыңызда қандай түстер мен реңктер кездеседі?........


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...