Теңсіздіктер (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Теңсіздіктер (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Квадрат, рационал теңсіздіктерді шешуді және теңсіздіктер жүйесі мен жиынтығын шешуді қайталайды.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

2. Қайталау.
Мұғалім оқушылармен теңсіздіктер ұғымын, оның негізгі қасиеттерін, теңдеу мен теңсіздіктің айырмашылығы жайлы сөз қозғайды.
3. Квадрат теңсіздіктерді шешу
Мұғалім оқушылармен квадраттық теңсіздіктерді шешу тәсілін қайталайды. Бірнеше тапсырманы толық шешімімен слайдта бейнелеп көрсетеді.
Осыдан кейін оқушыларға осы тақырыптарға байланысты тапсырмаларды орындау ұсынылады. Тапсырмалар оқушылардың жеке жұмыс істеуіне бағытталған, бірақ олар жұпта немесе бүкіл сыныппен талқылау жүргізе алады. Мұғалім оқушылардың сұрақтары болғанда талдау жасайды, қосымша түсініктемелер келтіреді.
№1 тапсырманың дескрипторы Оқушы:
- Квадрат үшмүшенің түбірлерін табады;
- Функция графигінің сұлбасын салады;
- Теңсіздіктің жауабын жазады.

4. Рационал теңсіздікті шешу.
Мұғалім рационал теңсіздік деп қандай түрдегі теңсіздіктерді қайталайды. Сонымен қатар, оқушыларға рационал теңсіздікті шешу тәсілі 1-2 мысал арқылы слайд бойынша бейнеленеді. Оқушылар қосымшада берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың шығару жолдары және жауаптары бүкіл сыныппен талданады. Мұғалім оқушылардың жауаптары әртүрлі болғанда немесе сұрақтар болғанда талдау жасайды, қосымша түсініктемелер келтіреді. Жауаптар дескрипторлар бойынша бағаланады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 370



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?