Мәтін есептерді шешу (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Мәтін есептерді шешу (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: Мәтін есептерді шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Квадрат және рационал теңдеулер көмегімен шешілетін мәтін есептерді шешуді қайталайды.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Қайталау.
Мұғалім оқушылармен мәтінді есептердің түрлерін, математикалық модель құру алгоритміне тоқталады. Сонымен қатар, мұғалім осы сабақта квадрат және бөлшек-рационал теңдеулерді құру арқылы шешілетін мәтін есептерді шешу қарастырылатынын айтып кетеді.
3. Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару
Мұғалім оқушылармен мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару алгоритмін қайталайды:
Шамалар арасында тәуелсіз айнымалыны анықтау үшін берілген мәтін есепті мұқият оқимыз.
Ізделінді шаманы айнымалымен белгілейміз.
Ізделінді шаманы берілген шамалар арқылы өрнектейміз.
Теңдеуді құрастырамыз, яғни бір шаманы өрнектейтін екі өрнекті теңестіреміз.
Алынған теңдеудің түбірлерін табамыз.
Теңдеуден шыққан түбірлердің есептің шартына сәйкестігін тексереміз.
Жауабын жазамыз.

Мысал. Ұзындығы 20 см-ге тең сымды кездейсоқ нүктеде тікбұрыш жасап майыстырамыз. Алынған тік төртбұрыштың ауданы 21 см2-қа тең болса, онда оның қабырғаларын табу керек.
Шешуі. Есептің шартынан тік төртбұрыштың периметрі 20 см, ал ауданы – 21 см2. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы x болсын:.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 585



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?