Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

 Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе, популяция
Сабақтың тақырыбы: Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. 2-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.3.1.3 популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау
8.3.1.4 ағзалардың түрлі тірі қалу тәсілдерін зерттеу
Сабақтың мақсаттары: Популяцияның құрылымын сипаттау
Ағзалардың тірі қалу стратегияларын түсіндіру.
Сыныпқа Қазақстандағы шөл немесе жайылым сияқты мекен ортасы көрсетіледі. Осы мекен ету ортасындағы жануарлардың тірі қалу стратегиялары қандай болуы мүмкін екендігі жөніндегі ойлар талқыланады. Температураның өзгерісіне төзу, жыртқыштардан қорғану, су тапшылығына бейімделу жолдары туралы идеяларға тоқталуға болады.
Сонымен қатар екі мекен ортасынан екі түрлі популяцияны атауларын сұрап осы екі популяцияның қандай айырмашылықтары бар деп талқылау жүргізуге болады.
Талқылаудан соң мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлерін анықтап таныстырады.

Мұғалім популяция құрылымы мен қасиеттерін сипаттап шағын түсіндірме береді. Таныстырылымда түсіндіру кезінде оқушыларға сұрақтар қойып,и олардан мысалдар келтіруді сұрау арқылы белсенді әңгіме жүргізеді.

Оқушыларға тірі қалу стратегиялары туралы ақпаратпен танысу ұсынылады.
Мұғалім оқушыларды жұптарға немесе топтарға бөліп шығармашылық тапсырма орындау сұралады.
Ол үшін:
- жергілікті экожүйені таңдап алу
- таңдалып алынған экожүйеде кездесетін популяцияларды атау
- аталған популяциялардан екі түрлі мысалды таңдап алу
- Әр популяцияға сипаттама жазу
- Популяция дараларының тірі қалу стратегияларын мысалдар арқылы түсіндіру
- популяцияларды салыстыру
- жұмыс нәтижесімен сыныптастарын таныстыру....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 629



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!