👈 қаріп өлшемі 👉

Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

 Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе.
Сабақтың тақырыбы: Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.3.1.1- популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау
Сабақтың мақсаттары: Популяция санына әсер ететін факторларды сипаттау
Популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау.

Ағзалардың шексіз көбюі мүмкін бе?
Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру
(G)Оқушылар жұпта популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктеріне талдау жасайды

(І)Оқушылар популяция өсімінің сигматәрізді қисығы мысалын салады және жасырын мерзімді, экспоненциалды фазаны, өтпелі фазаларды және плато фазасын белгілейді. Сонан соң оқушылар әрбір фазаның себептерін зерттейді және өз тұжырымдарын жинақтайды. Олар плато фазасындағы популяция өсімін шектейтін 3 факторды атайды.
Оқушлыр өзін- өзі бағалауды жүзеге асырады
(W) бактериялардың көбеюі туралы бейне баян көрсетіледі

(I) Бактериялардың әрбір 20 минут сайын бөлінетінін ескере отырып оқушыларға бір бактериядан бастап 20 минут интервалмен бактериялардың популяциясы өсімі кестесін құру қажет. Мәліметтер 20 репродуктивті циклдерге саналатыны болжанады. Сонан соң кесте бойынша алынған мәліметтерді сызады

(I/G) Оқушылар жұпта халық санының тууға, өлімге, иммиграцияға және эмиграцияға байланысты екенін талқылайды
Кестені және график құру үшін әлемдік халық саны туралы мәліметтерді қолданады. Алынған кесте халық саны өсімінің экспоненциалды қисығын ұсынады.
Халық санының өсімі туралы мәліметтерді мына сілтемеден алыңыз немесе мына мәліметті қолданыңыз
• 1 млрд — 1820 ж
• 2 млрд — 1927 ж
• 3 млрд — 1960 ж
• 4 млрда— 1974 ж
• 5 млрд — июль 1987ж
• 6 млрд— октябрь 1999 ж
• 7 млрд — 31 қазан 2011 ж
Егер динамика өсімі кездейсоқ жағдайлардан өзгеріске ұшырамаса онда 2024 жылы 8 млрд жетеді
(I) (f) Оқушыларға әр түрлі кестелер таратып беріңіз. Оқушылар бір-бірлеріне артпен отырып, жұпта жұмыс жасайды. Оқушылардың біреуі «экспоненциалды» немесе «сигмоидті» сөздерін қолдана отырып өз кестелерін бейнелейді. Әріптес естіп отырған ақпаратына негізделе отырып, кесте сызуы тиіс. Осыдан соң оқушылар кестеде қандай биологиялық жағдай суреттелгенін болжайды...........

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022
» Мектепте оқушы зорланды: мектеп директоры мен мұғалімдері соттала ма? 18.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы