Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

 Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде
Сабақ тақырыбы: Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.3.1.7. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл – әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау
8.4.1.1. деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау
Сабақ мақсаттары: Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың кемшіліктері мен жетістіктерін талдайды.
Ұйымдастыру бөлімі
Тақтаға «Барлық артық өнім мемлекетке. Жекеменшікке бір тиын да берілмесін» деген ұран жазылған тарихи суретті шығарып, сұрақтар қойыңыз: Барлық өнімді мемлекетке өткізу қандай жағдайға алып келуі мүмкін? Артық өнімді мемлекет қорына өткізу туралы бастаманы шаруалар қалай қабылдады?
Оқушылар талқылауы арқылы сабақ тақырыбына шығып, тақырыпты толық таныстыру. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне тоқталу. Жаңа сөздерді тақтаға шығару.

Зерттеу және талдау
1-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп, кестенің сәйкес бөлігін толтырады:
1) Әскери коммунизм саясатының/ Жаңа экономикалық саясаттың енгізілу себептері
2) Барысы (шаралар)
3) Зардаптары / нәтижесі
Мәтінді оқып, кестені толтырады:
Себебі Барысы (шаралар) Салдары/ нәтижесі
Әскери коммунизм саясаты
ЖЭС

Бағалау критерийі: Әскери коммунизм саясатының/ ЖЭС себеп-салдарларын талдайды.
Дескрипторлар:
- Әскери коммунизм саясатының/ ЖЭС екі себебін атайды;
- Әскери коммунизм саясаты/ ЖЭС барысында жүргізілген үш шараны біледі,
- Әскери коммунизм саясатының/ ЖЭС нәтижесіне қатысты үш дәлел ұсынады.
Оқушылар әскери коммунизм саясатының зардаптарын талқылауда шаруалар көтерілістері туралы ақпарат берген соң сұрақ қою: Кеңес билігі шаруалар толқуларын алдын ала біліп, оны болдырмаудың іс-шараларын қолдана алар ма еді?

2-тапсырма.
Жұптық жұмыс. Кеңестік биліктің жүргізген экономикалық саясатын салыстырады.
Әскери коммунизм саясаты ерекшеліктері Ұқсастықтары Жаңа экономикалық саясат ерекшеліктері
1 1 1
2 2 2
3 3 3
Бағалау критерийі: Жаңа экономикалық саясаттың ерекшеліктерін талдайды.
Дескрипторлар:
Әскери коммунизм саясатының 3 ерекшелігін атайды;
ЖЭС-тың 3 ерекшелігін түсіндіреді;
Экономикалық саясаттың 3 ұқсастығын көрсетеді.

Қорытындылау:
Жаңа экономикалық саясаттың нарықтық экономикаға тән қандай белгілері болды?

2-сабақ
Сабақты талқылаудан бастаңыз:
«Жаңа экономикалық саясат кеңестік биліктің ұстанымына қарама-қайшы болды». Бұл пікірмен келісесің бе?
Екінші сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.

1-тапсырма. Топтық жұмыс. ЖЭС нәтижесінде туындаған өзгерістерді статистикалық ақпараттар, мақалалар негізінде SWOT кестесінде талдайды.
 ЖЭС-тың күшті, әлсіз жақтарын анықтау.
 ЖЭС-тың мүмкіндіктерін және қауіп-қатерлерін жіктеу;
Мысалы, SWOT-талдау әдістемесі
S
Күшті жақтары ақша реформасы (1922 — 1924) ж. т.б.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 767



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!