👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

 Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3A Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру (1-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы индустрияландырудың жүру барысы мен ерекшеліктерін анықтап, нәтижесін талдайды
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.4.2.1. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау.
Т Ұйымдастыру бөлімі.Топтастыру
Б Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.
Темір жолдар мен өндіріс орындары суреттелген слаид көрсетіліп, тақырып болжанады. Слайд көрсетілер алдында оқушыларға төмендегі екі сұраққа жауап беру ескеріледі.

 Не көрдіңіз?
 Қандай ойға келдіңіз?
 Неліктен Қазақстанда осындай темір жолдар салынды деп ойлайсыз?
М Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты таныстырылады, тарихи концепт пен бағалау критерийлері нақтыланады.

Тарихи концепт (фокус): дәлел
Жаңа ұғымдармен жұмыс
М Индустрияландыру, «Кіші Қазан» саясаты, ұлтшыл
ұғымдарының мағынасын ашу
(Мұғалім жаңа ұғымдардың мағынасын мен таныстырып кетеді, оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)
Оқу мақсаты (тілдік): Оқушылардың академиялық, терминологиялық сөздік қорын дамыту
Зерттеу және талдау
М Қазақстанның индустрияландыру кезіндегі карта ұсынылып, оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді.
 Картада не бейнеленген?
 Қазақстандағы негізгі қазба байлық пен кен орындары қай аймақта орналасқан?
 Теміржолдың салынуында қандай мақсат көзделді?

Зерттеу сұрағын ұсыну:
Қазақстандағы индустрияландыру саясатының қарама –кайшылығы неде?


М Оқушыларға «Егер сені танымайтын бір елді басқаруға жіберсе, басқара алар ма едіңіз? Қандай қиындықтар кездеседі?» деген сұрақ қойылады.
Оқушылардың болжам жауаптары: алдымен, сол Ел туралы және сол танымайтын Елдің халқының шаруашылығы, тұрмысы, дәстүрі, жалпы болмысы туралы алдын-ала біліп алар едім.
М Қазақстан Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келген Ф.И. Голощекин, индустрияландыру, «Кіші Қазан идеясы» туралы қысқаша баяндалады.
(Т) 1-тапсырма. Оқулықпен немесе мәтінмен жұмыс.
Әр топ берілген тапсырмаларға сәйкес зерттеу жұмысын жүргізеді, өз жұмыстарын сынып алдында жариялайды......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы