Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №5 (8 сынып, III тоқсан )

 Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №5 (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №5
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
Сабақ мақсаты: Кейіпкер мінезін беруші тілдік тәсілдер арқылы тура және жанама мінездеулерді жіктеу.
Сабақ барысы:
Мұғалім оқушылар арасында ынтымақтастық ахуал қалыптастыру үшін «Жұбыңды тап» жаттығуын өткізеді.
1.Оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдар сөздігінен қысқаша мәлімет беріледі. Олар оны оқып, жұпта, топта талдайды.
Мінездеу – әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу.
Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді.
2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
ЖЖ. 1-тапсырма.
Оқушылар кейіпкер бейнесін ашатын концептуалды кестемен жұмыс жасайды.
КЕЙІПКЕР ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ МІНЕЗДЕУ ТҮРІ
Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын, жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта алмаушы еді.
Серкебай
Момынқұл
Оқушылар кесте бойынша жауаптарын келесі жұппен, олар өзге жұптармен араласып бөліседі. Өзара талқылап барып тура/жанама мінездеулердің дұрыс нұсқасымен сыныпты таныстырады.
2-тапсырма.
Т. Қабылбек пен Текебайдың тіресуін оқып, мінездеме беріңдер.
 Байзақ датқаның баласын балағаттаған Серкебайдың ісі дұрыс па?
 Қабылбек неге тіс жармады?
 Даурыққан елдің наразылығы т.т.
4. Топ мүшелерінің жауабы критерийге сай бағаланады, мұғалім сындарлы кері байланыс береді.
Дескриптор
- тура/жанама мінездеудің анықтамасын біледі;
- оның ішкі әлемін танытатын үзінділерді анықтайды;
- сырт келбетін танытатын үзінділерді табады;
-ойын мысалдармен дәлелдейді.
Қабілеті жоғары оқушылар мәтіннен тура және жанама мінездеулерге мысалдар келтіріп дәлелдесе, ал қабілеті төмендеу оқушылар тура мінездеулерді табуы мүмкін......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 561



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі