«Ханшатыр» мен «Бәйтерек» (ОМЖ бойынша 9-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

 «Ханшатыр» мен «Бәйтерек» (ОМЖ бойынша 9-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: «Ханшатыр» мен «Бәйтерек» (ОМЖ бойынша 9-сабақ)
Оқу мақсаттары:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді мәнерлеп, шолып (танысу мақсатында) оқу;
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтінді оқып, ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Тірек сөздерге сүйеніп, ғимараттарды сипаттап айтады.
Оқушылардың кейбірі:
Ғимараттар туралы диалог құрастырады.
Сабақ барысы: «Балық аулау» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру – 4 минут
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1) «Жеод» кинотеатры қайда ораласқан?
2) Ол қандай ғимарат?
3) «Жеод» кинотеатрының сәулетшісі кім?
4) Ғимараттың төбесінде не бар?
5) Шар-мұнара неден жасалған?
6) Шар-мұнараның диаметрі неше метр?
7) Адамдар киотеатрда не істейді?
«Мағынаны таны» стратегиясы бойынша жаңа сабақтың тақырыбын жариялау – 3 минут
Суретке қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Бұл қай қала? Ол қандай?
Сендер Астанада болдыңдар ма? Астанада қандай әдемі ғимараттар бар?
Тақырыпты жариялау
Суреттер арқылы топтарға бірігу
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
Есте сақта!
Бәйтерек – өте үлкен және биік ағаш.
«Бәйтерек» монументі – Астана қаласының символы.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, ақпараттарды тексеріңдер.
Астана – үлкен қала. Астанада әдемі ғимараттар көп.
Астана қаласының символы – «Бәйтерек» монументі. «Бәйтеректің» биіктігі – 97 метр. «Бәйтерек» монументі бәйтерек ағашқа ұқсайды.
Астанада «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығы бар. «Ханшатырда» аттракциондар, бассейн, дүкендер бар.
ақпараттар дұрыс дұрыс емес
Астана – үлкен қала. +
Астанада әдемі ғимараттар жоқ.
«Бәйтерек» монументі – Алматы қаласының символы.
«Бәйтеректің» биіктігі – 97 метр.
«Бәйтерек» монументі глобусқа ұқсайды.
«Ханшатыр» сауда және ойн-сауық орталығы Астанада орналасқан.
«Ханшатырда» аттракциондар жоқ.
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.
2-тапсырма. Суреттерге қараңдар. Тірек сөздерге сүйеніп, ғимараттар туралы айтыңдар.
1-топ: «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығы
орналасқан, сауда және ойын-сауық орталығы, сәулетшісі – Норман Фостер, ғимараттың қабырғасы темірден, ғимараттың шатыры шыныдан, ғимараттың шатыры – 150 метр, тропикалық бақтар, гүлзарлар, бассейн, субұрқақ бар.
2-топ: «Бәйтерек» монументі
ораласқан, Астана қаласының символы, сәулетшілері – А.Рүстембеков, С.Базарбаев, Ж.Айтбалаев, қабырғасы темірден, «Бәйтеректің» биіктігі – 97 метр, «Бәйтеректің» төбесінде, үлкен шар, шыныдан, дәмхана, «Аялы алақан» композициясы бар.
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі.
3-тапсырма. Ғимараттар туралы диалог құрастырыңдар.
1-топ «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық кешені туралы 4 сұрақ дайындайды.
2-топ «Бәйтерек» монументі туралы 4 сұрақ дайындайды.
Бағалау дескриптор арқылы жүргізіледі.
Дескриптор:
1. Ғимарат туралы сұрақтар құрастырды.
2. Сұрақтарға дұрыс жауап берді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 251



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?