Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақстан тарихы (8, 9, 10, 11 сынып)

Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақстан тарихы (8, 9, 10, 11 сынып)

Қазақстан тарихынан 8 сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар

1. Қазақ даласында шаруа отарлауы туралы алғашқы мәселе қашан қозғалды?
А) XIX ғ. 60-шы жылдардың ортасында
Б) 20 ғ. басында.
В) XVIII ғ. бірінші жартысында.

2. ХІІІ-ХVII ғғ. Қазақстанның исламдануы қандай түрде жүрді?
А) Суннизм.
Б) Шиизм.
В) Суфизм.

3. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері:
А) Шақпақата, Арыстанды
Б) Бөріқазған, Шабақты
В) Арыстанды,Шабақты

4. «Қасірет дәуірінің» (XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы) поэзиясының көрнекті өкілдері:
A) Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы.
Б) Сүйінбай Аронұлы, Ақан Сері Корамсаұлы, Шортанбай Қанайұлы.
В) Мұрат Мөңкеұлы, Шортанбай Қанайұлы, Шөже Қаржаубайұлы.

5. XIX ғасырдың басында Кіші жүздің аумағында Ресей әкімшілігінің қолшоқпары Жантөре хан биледі. Оның қарсыласы Нұралы ханның ұлы - жігерлі және өршіл қай сұлтан болды?
А) Ералы.
Б) Бөкей.
В) Қаратай.

6. Қазақстан далаларындағы энеолит дәуірінің ерекшелігі:
A) Мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдалану кремний индустриясының дағдарысқа түсуіне және тас құралдар түрінің азаюына әкеліп соқты.
Б) Мыс еңбек құраладарын жетілідірумен қатар кремний индустриясының деңгейі жаңа деңгейге көтерілді, сондай-ақ қыштан және сүйектен жасалған құралдардың өндірісітік – шаруашылық түрлерін кеңейді.
В) Қыш ыдыстардың пайда болуы.

7. Халық аңызы бойынша Жәнібек батыр далада жалғыз бұталы ағаштың жанында ұйықтап жатқан жас жігітті көріп, былай депті: «Бұл жас жігітті үлкен болашақ күтіп отырғанына сенімдімін. Менің болжамым дұрыс болмаса, мен Жәнібек емеспін». Бұл кім туралы аңыз?
А) Абылай хан.
Б) Әбілқайыр хан.
В) Кене хан.

8. Византия деректерінде қыпшақтардың аталуы:
А) кумандар.
Б) половецтер.
В) татарлар.

9. 1853 жылы В. Перовский бұл бекіністі алып, Сырдария әскери желісін құрды. Бұл бекіністің аты:
А) Ақ Мешіт.
Б) Созақ.
В) Яна-Қорған.

10. Біртұтас Қазақ хандығының соңғы билеушісі:
A) Тәуке.
Б) Есім.
В) Тәуекел.

11. Б.з. ІІ ғ. «халықтардың ұлы қоныс аударуының» басталуы қандай тайпалармен байланысты?
А) ғұндар.
Б түріктер.
В) жужандар.

12. Кетпенді егіншілік ең алғаш дамыған кезең:
А) Тас дәуірі.
Б) Қола дәуірі.
В) Мыстытас дәуірі.

13. Қадырғали Жалайырдің шығармасы қалай аталады:
А) «Тарих-и Рашиди».
Б) «Тарих-и Кашгар».
В) «Джами ат-Таварих».

14. Қай жылы азық-түлік салығы тек ақшалай түрдегі бірыңғай ауылшаруашылық салығымен ауыстырылды?
А) 1922 ж.
Б) 1924 ж.
В) 1925 ж.

15. 1917 жылға дейін Ресей империясынын аумағында ресми түрде 11 казактардың әскери құрылымдары ұйым дастырылды. Олардың нешеуі Қазақстан аумағында құрылды?
А) Үш.
Б) Төрт.
В) Бес.

16. Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес-герман майданында шамамен 8 млн. 650 мың неміс солдаты мен офицері қаза тапты. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық майдандарындағы қаза тапқан жау әскерінің бұлігі
А) 1/2.
Б) 2/3.
В) 3/4.

17. XVII ғасырдағы ақ киізге көтеріп хан сайлау дәстүрі қайда өткізілді?
А) Жошы хан кесенесінде.
Б) Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде.
В) Сығанақтағы сарай алаңында.

18. XVII ғ. 20-шы жылдарының бірінші жартысында Солтүстік Қазақстан арқылы Төменгі Волгаға, Каспий манындағы далалықтарға көшіп келген қандай ойрат тайпалары қалмақтар деп аталды?
А) Хошоуыттар.
Б) Торғоуыттар.
В) Дербеттер.

19. Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударған ғұндардың басшысы:
A) У-ди.
Б) Чжи-Чжи.
В) Атиллa.

20. Көне қала Шірік-Рабаттың өмір сүру кезеңі:
A) б.з.б. II ғ. – б.з. XI ғ.
B) б.з.б. III ғ. – б.з. XII ғ.
B) б.з.б. IV ғ. – б.з. XIII ғ.

Қазақстан тарихынан 9 сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар

1. Орта ғасырдың керемет тарихи-әдеби ескерткішіне бір империаның негізін қалаушысының «Бабыр-наме» деп аталатын еңбегі жатады. Оның мемлекеті қалай аталды?
А) Ұлы Моғолдар империясы.
Б) Дели сұлтанаты.
В) Египет сұлтанаты.

2. Ресми түрде осы уақыттан бері Үкімет қаулыларында «концлагерь» термині енгізілген. Кеңес Одағында концентрациялық лагерлер жүйесі енгізілді:
А) 1939 ж. қыркүйекте.
Б) 1934 жылы желтоқсанда.
В) 1918 жылы қыркүйекте.

3. Бөкей хандығы 1801 жылы құрылды. Оны Нұралы ханның ұлы - Бөкей-сұлтан басқарды. Дегенмен, ол ханның атауын тек ресми түрде алды:
А) 1810 ж.
Б) 1812 ж.
В) 1815 ж.

4. 1897 жылғы Ресей империясының бірінші жалпыхалықтық санағының қорытындысы бойынша Қазақстандағы барлық қазақтардың саны қанша болды?
А) 81,7%.
Б) 67,7%.
В) 50,7%.

5. 1865 жылдың маусым айында Әскери Министр және Ішкі істер министрлігінің бастамасымен құрылды:
А) Қырғыз даласының комиссиясы.
Б) Орынбор комиссиясы.
В) Түркістан комиссиясы.

6. Седентаризация термині нені білдіреді?
А) Көшпелі және жартылай көшпелілердің отырықшылануы;
Б) Көшпелі және жартылай көшпелілерді ұжымдастыру;
В) Шаруалардың отырықшылыққа көшу салдарынан мал басының азаюы.

7. ХVI ғасырда Түркістан аумағында Қазақ хандығын нығайтуға үнемі қарсылық көрсеткен Орталық Азияның билеушілері:
А) Тимуридтер.
Б) Шейбанидтер.
В) Аштарханидтер немесе жанидтер.

8. 1916 жылдан 1917 жылдың аяғына дейін Ташкентте Күлбай Тоғысовтың басшылығымен апталық газет шығарылған болатын. Оның аты қандай?
А) «Бірлік туы».
Б) «Алаш».
В) «Жетісу».

9. Кирревкомның басты міндеті қандай еді?
А) Контрреволюциямен күрес.
Б) Автономияны құруға дайындық жүргізу.
В) Астық дайындауды ұйымдастыру.

10.Үнемі әскери қақтығыстар мен соғыс жағдайында болған Шығай хан 1582 ж. қай билеушімен вассалдық қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр болды?
А) Бұқара әміршісі шайбанид Абдаллах II.
Б) Ташкент шайбаниді Баба сұлтан.
В) Орыс патшасы Федор Иоанович.

11. 1867 ж. Жетісу облысының генерал-губернаторы, Жетісу казак әскерінің атаманы және қолбасшысы болып тағайындалған генерал-майор кім?
А) А. Куропаткин.
Б) Г.А. Колпаковский.
В) Г.Х. Гасфорт.

12. Бүгінгі күнде Қазақстан азаматы болып табылатын ұлт өкілдерінің жалпы саны:
А) 100 жуық;
Б) 120 жуық;
В) 130-дан аса.

13. Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы басталған жыл:
A) 1949 жыл.
Б) 1950 жыл.
В) 1955 жыл.

14. Ертіс өңірінде және Орталық Қазақстанда көптеген рудалық кен орындарын игеруші руда іздестірушісі және маркшейдер:
А) А.Байжанов.
B) К. Пшенбаев.
В) Б.Шоқабасов.

15. Ерлігі үшін Қаһарман жұлдызымен марапатталған бұл кыздың аты 1-шы Белорус майданындағы шабуылдарға қатысқан танк колоннасына берілді. Бұл кім еді?
А) М. Маметова.
Б) Ә. Молдағулова.
В) С. Есова.

16. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 29 қаңтардағы «Оңтүстік Қазақстан өлкесінің бір бөлігін Өзбек КСР-ның құрамына беру туралы» Жарлығына байланысты біздің республикамыз өз территориясының қанша жерінен айырылды?
А) 1,5 млн. га.
Б) 2,5 млн. га.
В) 3,5 млн. га.

17. «Закаспийск облысын басқару туралы уақытша Ереже» қабылданды:
A) 1886 жылдың маусымда.
B) 1890 жылдың ақпанында
B) 1891 жылдың . наурызда.

18. Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданындағы Берел зираты қанша қорғаннан тұрды:
A) 2 қорғаннан.
Б) 20 қорғаннан.
В) 40 қорғаннан.

19. Л.И. Брежневтің Н.С. Хрущевті биліктен аластатқаннан кейінгі реформаға қарсы бірінші әрекеттерінің бірі (дұрыс емес жауапты алып тастаңыз):
А) ауылшаруашылығының барлық негізгі өнімдерінің бағасын төмендету.
Б) мемлекеттік және партиялық лауазымдарды бөлу.
В) жұмысшылардың жеке шаруашылықтарына қолдау жасау.

20. 1986 жылы еліміздің кәсіпорындарында - мемлекеттік қабылдауда жаңа экономикалық әрекет енгізілді. Оныңмәні неде еді?
А) кәсіпорындардың дайын өнімін қабылдауды тәуелсіз мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.
Б) дайын өнімді қабылдау сапасы мен бағасы туралы қоғамдық пікірді зерттеуден кейін ғана жасалуы тиіс.
В) дайын өнімді қабылдауды Техникалық бақылау бөлімі (ОТК) жүзеге асыру керек.

Қазақстан тарихынан 10 сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар

1. 1919 ж. 23 ақпанынан 1926 ж. 4 маусымына дейін Қазақстанның оңтүстік аймақтары кіретін территорияда Ферған фронты белсенді әрекет жасады. Бұл неге байланысты болды?
А) Оңтүстік шекара арқылы Қытайдан босқындардың заңсыз келуіне.
Б) оңтүстік шекарадан қайтарлыған ақ гвардияшылар бітпес қарсылықтарына.
В) режимге қарсы қарулы қарсылықтарға - басмашылар қозғалысына.

2. Жоңғариядағы Манчжур-Қытай билігінің құрылуымен жер мәселесі күрделініп кетті. 1761 жылы қытай императоры қазақтардың Аягөз өз. оңтүстігіне көшуіне тыйым салу туралы қаулы шығарды. Алайда, қазақтардың қоныстануы жалғаса берді. Нәтижесінде қытайлық император 1767 жылы Тарбағатай мен Іле өзенінің аумағына қоныстануға рұқсат беріп, орнына талап етті:
А) Қытай азаматтығын қабылдау.
Б) Салық төлеу және Қытай азаматтығын қабылдау.
В) Толық бағынышты болып, аймақтағы тәртіпті сақтау.

3. «Шыңғыс-наме» қай тілде жазылған?
A) түрік
Б) араб
В) парсы

4. 1918 ж. 28 қаңтарда Түркістан өлкесінің ХКК арнайы декретпен Арал теңізі мен Амудариядағы «Хиуа» пароходтық акционерлік қоғамының мүліктерін ұлттандырды, 1918 ж. ақпанындағы кеме иелерінің саботажына жауап ретінде жұмысшылардың талабы бойынша ұлттандырылған –
А) Каспий сауда флоты.
Б) Жоғары Ертіс пароходтығы.
В) Орал пароходтығы.

5. Саржан сұлтан Солтүстік және Орталық Қазақстандағы орыстарға қарсы қозғалысты басқарды:
А) Екі жыл.
Б) Он жыл.
В) Он екі жыл.

6. Академик М.Қозыбаев өзінің «Ф.И.Голощекин. Саяси портрет» атты мақаласында шындығында «И.Сталиннің мұрасын мұқият зерттегенде Голощекин оның бейшара эпигоны ғана болғанына көз жеткізуге болады» деп тұжырымдайды. «Эпигон» термині қандай ұғымды білдіреді?
А) белгілі бір ғылымды ұстанушы.
Б) заман талабына сай дамыған белгілі бір ғылымның жолымен жүретін адам.
В) белгілі бір ғылыми, саяси бағыттың жолымен жүретін, шығармашылық ерекше дарыны жоқ, өзінің алдындағылардың идеялары мен әдістерін механикалық түрде пайдаланатын адам.

7. Қазақ қоғамының бастамашыларын анықтаңыз?
А) Көшпелі малдың тиімді сатылымындағы болыстық сауда агентігі.
Б) Жатақтар, кедей адамдар, мал шаруашылығымен айналысатын емес.
В) Алыпсаттарлар.

8. Ақмола бекінісі талқандалғаннан кейін К. Қасымов Торғай өзенінің бойындағы Кіші жүзге сондағы көтеріліс ошақтарының жетекшілерінен қолдау іздеп көшіп барды. Оған кімнің отрядтары қосылды?
А) Жоламан Тіленшиевтің.
Б) Жанғожа Нұрмұхамедовтың.
В) Есет Көтібаровтың.

9. 1867-1868 жылдардағы реформалар нәтижесінде Қазақстан аумағы үш губернаторлықтың құзыретіне жатқызылды:
А) Орынбор, Батыс-Сібір және Түркістан.
Б) Дала, Орынбор және Түркістан.
В) Дала, Батыс-Сібір және Түркістан.

10. Сырдария манындағы қалаларды бағындыру үшін Қасым хан Шайбани ханға қарсы кімдермен одақтасады?
A) Маңғыттармен.
Б) Қызылбашпен.
В) маңғыттармен де, моғолдармен де.

11. Ерте палеолит ірі үш кезеңге бөлінеді (дұрыс емес жауапты көрсет)?
А) олдувай;
Б) сейшель;
В) мустье.

12. Елдің әлеуметтік–экономикалық дамуын жетелдету ұранымен жүргізілген қайта құрудың бірінші кезеңі:
A) 1985 ж. көктемі -1987 ж. жазы.
Б) 1985 ж. көктемі -1989 ж. мамыр айы.
В) 1985 ж. көктемі – 1991 ж. тамыз айы.

13. Рашид ад-диннің шығармасы қалай аталады:
А) «Диуани лұғат ат-түрік».
Б) «Тарих-и Абулхаир-хани».
В) «Жамиғ-ат тауарих».

14. Еділ мен Жайық арасындағы аралықта көшіп жүрген қазақтар мен қалмақтар арасындағы қарым-қатынас 1770 жылға дейін қиын болды. Ұлтаралық араздықты тұтандыру мақсатында патша үкіметі қалмақтарға қазақ даласына әскери рейдтер жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, бұл үшін 2000 казактардан тұратын күшті бөлді. Дегенмен, қарым-қатынас бір жыл ішінде жақсы бола бастады. Себебі:
А) Қазақтар мен қалмақтар жайылымдарды өзара бөліп, көшіп-қонуға қатысты мәселені шешті.
Б) Қалмақтар Жоңғарияның аумағына көшті.
В) Патша үкіметі қалмақтардың көшпелі қазақтарға шағын жазалаушы рейдтер жүргізуіне тыйым салды.

15. Түрік қағанатының Орталық Азиядағы Батыс Түрік қағанаты және Монғолиядағы Шығыс Түрік қаганаты болып бөлінуі қай жылға сәйкес келеді?
А) 552ж.
Б) 603 ж.
В) 704 ж.

16. Бөріқазған тұрағы қай кезеңге жатады?
А) Неолитке.
Б) Ерте палеолитке.
В) Кейінгі палеолитке.

17. И. Сталин қайтыс болғаннан кейін басталып, КОКП ОК ХХ съезіне дейін болған Кеңес қоғамындағы сталинизмге қарсы процесте мынадай іс-шаралар жүргізілді (шындыққа жанаспайтын тұжырымды белгілеңіз).
А) ГУЛАГ жойылды.
Б) істі бұрмалағаны үшін қауіпсіздік органдарының бұрынғы басшылары сотқа берліді.
В) тұтастай халықтан, соның ішінде Қазақстанға жаппай қоныс аударылғандардан саяси айып алынып тасталды.

18. XVIII ғ. аяғында Іле мен Монғол Алтайы аумағына қазақтардың қоныс аударуы және олардың қытай бодандығын қабылдауының салдары
А) Шыңжан-Ұйғыр наместнигінің құрылуына.
Б) Аймақтағы қазақтар мен қытай әскерінің қақтығыстарына.
В) Қазақтардың Ресей мен Қытай империяларында оқшаулауына әкеп соқты.

19. Қазақстанда шөп шабу және жер жыртуды қайта қарастыру саясаты қай мерзімде жүргізілді?
А) 1925-1926 жж.;
Б) 1926- 1927 жж.;
В) 1930-1932 жж.

20. Неліктен Моғол ханы Есен Бұға Керей мен Жәнібекке Моғолстанның батысын бөліп берді?
А) Қырғызды бағындыру үшін.
Б)Әмірлердің көтерілісін басу үшін.
В) Ағасы Жүністен қорғану үшін.

Қазақстан тарихынан 11 сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар

1. Халықтарды жаппай қоныс аударудың мақсаты режимге қарсы біріккен қарсылықтарды болдырмау үшін түрлі этникалық топтарды бүкіл Қазақстан территориясына шашыратып орналастыру болды. Егер олар соғыс жылдарында климаты қатал, адам тұрмаған алыс аймақтарға қоныстандырылса, 1950 жж. басына қарай -
А) тек ауыр индустрия объектілері салынып жатқан аудандарға қоныстанды.
Б) ауылдық жерлерге ғана қоныстанды.
В) қалалар мен ауылдарға қоныстанды, бірақ арнайы қонысаударушыларға ірі қалаларда тұруға тыйым салынды.

2. «Қырымның қырық батыры» деген не?
А) Эпикалық цикл.
Б) Қазақ халық күйі.
В) Бұқаржыраудың толғауы.

3. Арынгазының тұтқындалып, 1821 жылы Калугаға жер аударылуынан кейінгі Сырдариядағы қазақ жерлері:
А) Қоқан хандығының билігіне бағынды.
Б) Хиуаның билігіне бағынды.
В) Ресей империясының құзіретіне (юрисдикция) түсті.

4. Черкаск қорғанысы қандай рөл атқарды?
А) Колчак әскерін Орынборға жібермеді.
Б) Колчак әскерін Жетісуға жібермеді.
В) Колчак және Дутов әскерінің бірігуіне жол бермеді.

5. 1938 жылдың соңында есімі КСРО-дағы «Ұлы террормен» байланысты Н.И. Ежовтың орнына келді:
А) Генрих Ягода.
Б) Лазарь Каганович.
В) Лаврентий Берия.

6. Қимақ қағанатының астанасы (Ертістің орта ағысы):
А) Баласағұн.
Б) Қойлық.
В) Имакия.

7. Өлкедегі патшалық Ресей саясатына наразы болған 1823 ж. Ж. Тіленшиев бастаған қазақтардың көтеріліске шығуының себебі неде?
А) Казактардың қазақ ауылдарын ойрандауы, соның ішінде Жоламанның ауылы да болды.
Б) Жаңа Есіл шебінің салынуы.
В) Ресейдің Қоқандарға қарсы жүргізген соғыс саясаты.

8. Ойраттардың Моғолстан аумағына алғашқы көшкіні басталды:
A) XIV ғ. 90-ж.
Б) XV ғ. 20-ж.
B) XV ғ. 50-ж.

9. «Патронимия» термині нені білдіреді?
А) Өз Отанына, өз халқына немес ру-тайпасына шын берілу сезімін қалыптастыру бағытындағы шаралар кешені.
Б) Бір атадан тарап, шаруашылық және қоғамдық бірлігін сақтаған отбасылық туыстық топтар.
В) Кез-келген әлеуметтік ағзадағы иерархиялық құрылым.

10. Батыс Түрік қағанатының этникалық құрамы:
А) яғма, шігіл.
Б ) бұзык, ұшық, шігіл.
В) дулу, нушиби

11. Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда уақытша біріккен студиалар:
А) «Мосфильм», «Ленфильм».
Б) «Мосфильм», «Ленфильм», А. Довженко атындағы киностудия (Украина).
В) «Мосфильм», «Ленфильм», Свердлов киностудиясы.

12. 1822 жылғы ережеге сәйкес М. Сперанский Сібірді Шығыс (бас кеңсесі Иркутскте орналасқан) және Батысқа (алғашқыда – Тобылда, кейіннен Омбыға 1839 жылы көшірілді) бөлуге қатысты. Омбы облысына кірген территория аталды:
А) Сібір қырғыздарының облысы.
Б) «Шекараның арғы жағындағы» қырғыздардың облысы.
В) Омбы қырғыздарының облысы.

13. Қенес өкіметі «кулактарды» әлеуметтік қауіптілі жағынан нешеге бөліп қарады:
А) Екі категория.
Б) Үш категория.
В) Оларды категорияға бөлмеді, олардың бәрі әлеуметтік қауіпті элементтер (СОЭ) болды.

14. «Жылымыќ» дєуiрiнiњ басталуы зањ шыѓару ж‰йесiндегi µзгерiстермен ерекшелендi. Сот µндiрiсiнiњњ негiзгi принциптерiнiњ бiрi кiнєсіздік презумпциясы болып табылды. Б±л принциптiњ мєнi неде?
А) Айыпкер оныњ айыбы сотта дєлелденбейiнше, айыпты болып саналмайды№
Б) Айыпкер тергеу барысында µзiнiњ кiнєсіздігін дєлелдеуi тиiс№
В) Айыпкер оныњ айыбы сотта дєлелденбейiнше, айыпты болып саналмайды жєне µзiнiњ ќылмысќа ќатысты емес екендiгiн дєлелдеуi тиiс№

15. 1917 ж. шілдесіне дейін Әлихан Бөкейханов қай партияда болды?
А) эсерлер партиясында.
Б) кадеттер партиясында.
В) социал-демократтар партиясында.

16. Соѓыстан кейiнгi (1946-1950 ж.ж.) кезењде Халыќ шаруашылыѓын ќалпына келтiруге баѓытталѓан бесжылдыќ жоспар нешiншi бесжылдыќтікі болып есептеледi?
А) Екiншi бесжылдыќ.
Б) Тµртiншi бесжылдыќ.
В) Жетiншi бесжылдыќ.

17. Мырза Мұхаммад Хайдар Дулат бұл хан туралы: «бүкіл Дешті-Қыпшақтың толық әміршісі» және «оның атағы мен құдіретіне Жошы ханнан кейін ешкім жете алмаған», деген. Ол кім туралы айтып тұр?
А) Хакназар хан.
Б) Бұрындық хан.
В) Қасым хан.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?