Абыл Тілеуұлы (Қар жауар күн-түн оның қабағынан)

 Абыл Тілеуұлы (Қар жауар күн-түн оның қабағынан)

Қар жауар күн-түн оның қабағынан,
Жалбырар байтабасы балағынан.
Көк шұнақ лағы өлсе көгенінен,
Ойлайды азаяр деп жегенінен.
Ол жігіт отын алар, ошақ қазар,
Шықпайды қатынының дегенінен.
Ол жігіт отын алар, ошақ қазар,
Отырып от басында болар мазар.
Сөйлесіп азаматпен ақыл қоспас,
Сөйлесіп қатынымен дертін жазар.

0 + 0 -

Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала ашылудa...