Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дүние сұлық) » ZHARAR © 2017 | фариза оңғарсынова Дүние сұлық өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, Дүние сұлық




  • »

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дүние сұлық)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дүние сұлық) казакша Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дүние сұлық) на казахском языке

Тыныштық құшқан шартарап,
бір сілкіністі күткендей ғалам
ішіне демін тарта қап.
Ойларға жүкті жұмыр Жер жатыр
ай-күні толған күйінде
заманның барлық ауыртпалығын
жалғыздан-жалғыз арқалап.
Тыныштықта да болады екен-ау
үрейіңді алар сұстылық:
соғардай қазір дүлей бір дауыл ышқынып.
Ақтарылардай қатал өмірдің
қатыгездігінен қалған ыза-кек
көкірегіңді кернеп шыға алмай жатқан қыстығып.
Шындықсыз жерде шыдай алмайтын біздің
ұрпақтар секілді
тұла бойларында жататын тылсым күш бұғып.
О, қайран ана - қара Жер!
Жатасың неге түндерде тынып,
қайғылы жандай күрсініп?
Егіліп іштен жылайтындайсың
жадырағанша Күн шығып -
балғын жесірдей тәтті күндері өзегін өртеп,
өксіктен
жастығын құшып зар илеп жатқан көздің жасына
тұншығып.
Әлде сен мынау перзенттеріңе өкпелісің бе -
өзара
келіспей кейде таптағаны үшін
төсіңді тұрған гүл шығып?
Ожар жандардың қанқұйлы қылықтарынан
жылай ма екенсің түндерде ғана,
әлем алдында қымсынып?..
Амалың құрып,
өз қолыңды өзің кесе алмай,
сәріден сонсын жатасың ба екен
қайғысыз жандай тағы да
қайратыңды жиып құлшынып?
Сеземін сенің нәзік жаныңды
қаншалық жаралайтынын
мезгілсіз сынған бір шыбық.
...Тегінде,сені күрсінтіп қойған
ләззатты тымық түндерде
қуанышы мен қайғысы бірдей
мазасыз мынау тіршілік.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 63
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Дүние сұлық өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Дүние сұлық, фариза оңғарсынова Дүние сұлық өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, Дүние сұлық, Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Дүние сұлық) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .