![]() |
|
![]() |
Қайсар Қауымбек (Көктің қызы)

Саған деген сағыныш батты жанға,
Көтермейді көңілді шат-думан да.
Аспанына асыққан перизаттай,
Кете бардың оранып ақ тұманға.
Күміс бояу сәулелі кірпігіңді,
Көргенімде кеудемнен түн түрілді.
Қарманып ем, қапыда жете алмадым,
Құшағыма ақшулан бұлт ілінді.
Көктің қызы-ай, көркіңде басқа мін жоқ,
Өзің жайлы естіген дастаным көп.
Әлі күнгі айтпаған бірақ ешкім,
Сені мұнша сезімсіз, тасбауыр деп.
Саған тәңір сыйлапты-ау текке қанат,
Өзегімді өкініш өтті аралап.
Жерге қайта білсем де қонбасыңды,
Көкбөрідей ұлыдым көкке қарап.
Нілдей қара қайғыммен қан бойлаған,
Қарай-қарай қалшиып тауға айналам.
Көшті бұлттай кеудемде сағынышым,
Ескі жұрттай құлазып қалды айналам...
Көтермейді көңілді шат-думан да.
Аспанына асыққан перизаттай,
Кете бардың оранып ақ тұманға.
Күміс бояу сәулелі кірпігіңді,
Көргенімде кеудемнен түн түрілді.
Қарманып ем, қапыда жете алмадым,
Құшағыма ақшулан бұлт ілінді.
Көктің қызы-ай, көркіңде басқа мін жоқ,
Өзің жайлы естіген дастаным көп.
Әлі күнгі айтпаған бірақ ешкім,
Сені мұнша сезімсіз, тасбауыр деп.
Саған тәңір сыйлапты-ау текке қанат,
Өзегімді өкініш өтті аралап.
Жерге қайта білсем де қонбасыңды,
Көкбөрідей ұлыдым көкке қарап.
Нілдей қара қайғыммен қан бойлаған,
Қарай-қарай қалшиып тауға айналам.
Көшті бұлттай кеудемде сағынышым,
Ескі жұрттай құлазып қалды айналам...
фото: Әсел Әбілбек
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022
Ілмектер: қайсар қауымбек Көктің қызы өлең стихи на казахском кайсар кауымбек казакша олен, қайсар қауымбек өлеңдері сайты, стихи на казахском языке кайсар кауымбек, кайсар кауымбек олендери, Көктің қызы