Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Ауылға барғанда)

Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Ауылға барғанда) казакша Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Ауылға барғанда) на казахском языке

Өзекте ауыл.
Өрттей жанған кешқұрым,
Өзегімді тырнайды кеп ескі мұң.
Құбылаға жинады күн сәулесін,
Құйрығындай қанжирен кіл бестінің

Бура бұлтты есіп өткен сарбауыр,
Мына көк шың – қанға малған қандауыр.
Аулақ барып ыңыранып шөкті де,
Ауырсынып ауық-ауық аунады.

Саяқ кеткен жылқы үні де үрейлі,
Сапырады бір ой қуып, бір ойды.
Жортуылдан жеткен Жетіқарақшы,
Құба қырдың желкесінде түнейді.

Жез киіктің сауырындай мұңлық ай,
Көкжиектен қашады ұзап құлдырай.
Жүрегімдей жүдеп қалған ауылдың,
Жетімсіреп жатқан осы тірлігі-ай!

2011




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, қайсар қауымбек Ауылға барғанда өлең стихи на казахском кайсар кауымбек казакша олен, қайсар қауымбек өлеңдері сайты, стихи на казахском языке кайсар кауымбек, кайсар кауымбек олендери, Ауылға барғанда, қайсар қауымбек Ауылға барғанда өлең стихи на казахском кайсар кауымбек казакша олен, қайсар қауымбек өлеңдері сайты, стихи на казахском языке кайсар кауымбек, кайсар кауымбек олендери, Ауылға барғанда, Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Ауылға барғанда), Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Ауылға барғанда) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com