Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Аспаннан келе жатыр көктем көшіп) » ZHARAR © 2017 | қайсар қауымбек Аспаннан келе жатыр көктем көшіп өлең стихи на казахском кайсар кауымбек казакша олен, қайсар қауымбек өлеңдері сайты, стихи на казахском языке кайсар кауымбек, кайсар кауымбек олендери, Аспаннан келе жатыр көктем көшіп




  • »

Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Аспаннан келе жатыр көктем көшіп)

Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Аспаннан келе жатыр көктем көшіп) казакша Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Аспаннан келе жатыр көктем көшіп) на казахском языке

Ақпанның соңы – ақ қардың соры,
Бақтардың бәрін жылатқан.
Сусиды көрпе жапқан күлтелі,
Сыңсиды сылқым бұлақтар.

Наурыздың басы – жалғыздың жасы,
Қар қыздың қош бол дегені.
Ағыл да тегіл тау-құздың басы,
А-ха-хай көктем келеді!

Керіліп шықты керім бел алдан,
Тебіндеп өскін – құлын жал.
Менің де, қарғам, көңілде жанған,.
Сезімге малған жырым бар.

Жымия келді, қиыла келді,
Құйыла келді тұмаға.
Бізге де бір бақ бұйырады енді,
Булығып, сәулем, жылама.

Сол ескі жырдың жалғасы қалған,
Қысырдай қылпып түлеп ем.
Биылғы жылдың төл басы болған –
Бұлқынып туған бұл өлең.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 84
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .