Қазақша өлең: Ақерке Асан (Мен әлi жоқпын, Сен де кешiктiң...) » ZHARAR © 2017 | ақерке асан Мен әлi жоқпын Сен де кешiктiң... өлең стихи на казахском акерке асан казакша олен, ақерке асан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акерке асан, акерке асан казакша олендер, Мен әлi жоқпын Сен де кешiктiң...




  • »

Қазақша өлең: Ақерке Асан (Мен әлi жоқпын, Сен де кешiктiң...)

Қазақша өлең: Ақерке Асан (Мен әлi жоқпын, Сен де кешiктiң...) казакша Қазақша өлең: Ақерке Асан (Мен әлi жоқпын, Сен де кешiктiң...) на казахском языке

Бұл Есiл - аспанның көз жасы,
Гүлдердi сүйдiң тiрi деп,
Шырыны шөл басқан,
- қайыңның сырғасын...
Аспанды таптаған қып-қызыл iңiр де -
Тапталған сезiмнiң сүйкiмдi сұлбасы...

Мен әлi жоқпын,
Сен де кешiктiң.
Киесi неткен ауыр -
Тербелмей қалған бесiктiң...
Асқар мен бақыттың ақыры -
Арасы бiр қадам,
кеш ұқтым...

Сын айтып көршiлер,
Мiн тағар достар да...
өзгерер бүгiн де, ертеңгi жоспар да...
Күрең күз келгенде күпiсiн шаң басқан,
Кетемiн iлесiп ең соңғы құстарға...

Сын сәтте сағынсаң,
Тек сағың сынбасын!
Теңiздей уақыт та -
Шаяды жағасын...
Күрең күз келгенде сен де кеш ұғасын -
қайындар шешедi,
сарғайған сырғасын...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 87
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .