Мүбәрәк Жаманбалинов (Аюдың әдепсіз баласы)

 Мүбәрәк Жаманбалинов (Аюдың әдепсіз баласы)

(Л. Бартольдан)

Еркелеткен анасы
Болды аюдың баласы.
Анасына тартыпты,
Түрі, түсі дәл тіпті
Ана тыным алғалы
Көлеңкелер жатса да,
Жата кетер ол дағы
Анасына жастана
Жығылса, ана аяйды.
– Көкем-ау, – деп көтеріп,
Кім бар осы маңайда
Ақылы бұған жетерлік
Бал тауыпты ол бүгін.
Жүргендей-ақ ашығып,
Кіріменен қолының
Жей бастады асығып.
Беті-қолы малшынып
Былғады үстін бал жағып
– Тамақ ішсең, мұның не!
Тым сабырсыз болма, – деп,
Жүнін жалап күнімен
Жуып ана болды әлек
Ата-анасы сөйлессе,
Бөгет жасар сөзіне
Үндемей-ақ ол кезде
Болады ғой төзуге.
Міне бүгін тағы да
Жүгіріп кеп үңгірге,
Жол бермей қарт аюға
Өзі бұрын кірді үйге.
Көз ілмей таңды атырды,
Тыным көрмей б ақырды
Кетті кеше жоғалып,
Анасы ойлап іздеуде
Үсті-басы былғанып
Үйге келді бір кезде.
– Алайда аунап жаттым, – деп,
Анасына айтты кеп.
Апарғанда қонаққа
Тағы бастап пәлені,
Қалдырды ол ұятқа –
Қауып алды әйелді.
Итеріп қап бұтақтан
Бөбектерді құлатқан.
Үш күн ана қайғырып,
Сенделді ана үш күндей
– Ақылымнан айрылып,
Сергелдеңге түстім ғой.
Ақылдасты ерімен:
Қайда барса төбелес,
Жұртшылықты елемес.
– Маған несін айтасың.
Деді ол, – өзің қайдасың?
Сен балаға анасың, –
Ана үйретер баласын.
Не қылмайды бұл әлі!
Сонша өсіп тасқаны,
Әкесін де ұрғалы
Қол көтере бастады.
– Жетті сенің азабың
(Көтерсін бе мазағын).
Ашуланып таяқтап
Тартқызды әке сазайын
Ұру деген баланы
Болмаса да ұнамды іс,
Кейде керек болады
Осындайда бұл әдіс.
Жаны ашып құр жылауда,
Ұйқы көрмей жүр ана,
Бар қайғысы бір ғана
– Қырсық болды-ау бұл бала
Қарап тұрсаң ісіне,
Дәл осындай есері
Балалардың ішінде
Кездеседі деседі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі