![]() |
|
![]() |
Ғабиден Қожахмет (Аруларға тілек)

Сендер жайлы тек ән салсын уақыт-күн,
Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың.
Бақыт деген - қыздың қамсыз күлкісі,
Алмастыра алмас оны жақұт мың.
Отау етіп көтеретін іргені,
Болсам дейді ару да ел іргелі.
Бақыт дейтін алаңсыз қыз шаттығы,
Сүйіктімен бірге өткізген күндері.
Қыз-көңілде мысқалдай мұң тұрмасын,
Жүректерің шықтай тілек тыңдасын.
Қыз-қиялың көктен жұлдыз ілдіріп,
Қыз-сезімнің әнін өмір жырласын.
Қыз-арманың биік ұшсын - самғасын,
Сүрінбеңдер, кездессе де жолда сын.
Ай сәулесі тәтті түс боп тербетіп,
Ару-түннің алаң күні болмасын.
Сонда өзің де гүлдей болып жайнарсың,
Айналаңа әсемдік шын жайғансың.
Қамсыз күнің ертеңіңе ұласып,
Армандарың бақ күніне айналсын.
Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың.
Бақыт деген - қыздың қамсыз күлкісі,
Алмастыра алмас оны жақұт мың.
Отау етіп көтеретін іргені,
Болсам дейді ару да ел іргелі.
Бақыт дейтін алаңсыз қыз шаттығы,
Сүйіктімен бірге өткізген күндері.
Қыз-көңілде мысқалдай мұң тұрмасын,
Жүректерің шықтай тілек тыңдасын.
Қыз-қиялың көктен жұлдыз ілдіріп,
Қыз-сезімнің әнін өмір жырласын.
Қыз-арманың биік ұшсын - самғасын,
Сүрінбеңдер, кездессе де жолда сын.
Ай сәулесі тәтті түс боп тербетіп,
Ару-түннің алаң күні болмасын.
Сонда өзің де гүлдей болып жайнарсың,
Айналаңа әсемдік шын жайғансың.
Қамсыз күнің ертеңіңе ұласып,
Армандарың бақ күніне айналсын.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
Ілмектер: ғабиден қожахмет Аруларға тілек өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, ғабиден қожахмет, габиден кожахмет олен, Аруларға тілек, ару қыздар туралы өлеңдер, аруға тілек