Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Екі жасқа тілек) » ZHARAR © 2016 | Екі жасқа тілек, ғабиден қожахмет Екі жасқа тілек өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, ғабиден қожахмет, габиден кожахмет олен




  • »

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Екі жасқа тілек)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Екі жасқа тілек) казакша Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Екі жасқа тілек) на казахском языке

Екі жасқа бақ жолына ұмтылған,
Бақыт тілеп әрдайым да күлсін таң.
Оларға әне ақ отаудың есігі
Қол бұлғап - ақ өмір атты тұр шыңнан.

Сол ақ отау бақ ырысқа кенелсін,
Іші, сырты арай нұрға бөленсін.
Ақ батаның шапағаты әрдайым,
Дари берер, ниет етсе, деген шын.

Екі жасқа сол ақ бата дарысын,
Ақ отауы болашақтың бағы шын.
Келешегі нұрлы жарық болсын деп,
Ашылып - ақ тұр оларға жолы шын.

Сол ақ жолдың қадірін шын ұға алсын,
Сол ақ жолға лайық боп тұра алсын.
Сол баянды бақ жолына куә боп,
Екі жастың әулеті әр кез қуансын!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 452
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .