Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Қазағымның ардақты келіндері) » ZHARAR © 2016 | ғабиден қожахмет Қазағымның ардақты келіндері өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, ғабиден қожахмет, габиден кожахмет олен, қазақ келіндері туралы өлең




  • »

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Қазағымның ардақты келіндері)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Қазағымның ардақты келіндері) казакша Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Қазағымның ардақты келіндері) на казахском языке

Ақсақалға ұсынып төрін берді,
Алғысына бөленіп көңілдері.
Жасы үлкенге жаңылмай сәлем салған -
Қазағымның ардақты келіндері.

Үлкен үйден іргесі бөлінбеді,
Бір сыйластық арада өрілгені.
Абысынмен ас - суы ажырамас -
Қазағымның ардақты келіндері.

Қосылған соң жүрекпен өмірлері,
Риясыз жарасар сенімдері.
Отағасын қашанда пір тұтатын -
Қазағымның ардақты келіндері.

Еркелетіп ат қойып егілгені,
Жүрегінен ықылас төгілгені.
Қайын сіңлі, қайнының қамын ойлар -
Қазағымның ардақты келіндері.

Бірлік артса береке еліңдегі,
Керегеңнің кеңінен керілгені.
Ұрпақ жібін жалғайтын ұлтқа лайық -
Қазағымның ардақты келіндері.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 696
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .